Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Темір, компастың магнитті тілін өзіне қарай тартады.

Компас тілі магнитті полюсті, яғни солтүстікті көрсетудің орнына, төрт румбаға49 барып тоқтап, енді солтүстік-шығысты көрсетті.

Көп кешікпей Том да оянды. Ояна салып компасқа қарады...— Оған «Пилигрим» бұрынғы бағытынан ауған сияқтанды.

Том кемені шығысқа қарай бағыттау үшін штурвал дөңгелегін айналдыра берді.

Бірақ компас тілінің де бұрылғанын вахта рульшісі байқамаған еді. Кеме тұмсығы тіп-тіке оңтүстік-шығысқа қарай бұрылды.

Сөйтіп, «Пилигрим» алғашқы бағытынан 45° бұрылып, бұрынғы шапшаңдығымен алға қарай жүйтки берді.

Он бірінші тарау

ДАУЫЛ

Келесі жетінің ішінде, яғни февральдың он төртінен жиырма біріне дейін, кеме үстінде айта қаларлықтай ештеңе болған жоқ. Солтүстік-шығыстан соққан жел күшейе түсіп, «Пилигрим» орта есеппен тәулігіне бір жүз сексен миль жол жүріп алға қарай аға берді.

Екі жарты шардың арасындағы жолаушылар таситын трансокеандық пароходтар жүретін судан «Пилигрим» оншалықты қашық болмауы керек, деп есептеді Дик Сэнд.

Жасөспірім осы пароходтардың бірі кездесер деп сенген еді. Кездескен пароходпен «Пилигримдегі» жолаушыларды жөнелтуге, немесе оның капитанымен келісіп кемеге бірнеше матростар, тіптен мүмкіндігі болса офицер алуға ұйғарды. Ол талмастан қиырға көз жіберумен болды, бірақ бір де бір кеме ұшыраспады. Теңіз баяғы құлазыған қалпынан өзгерген жоқ.

Бұл жағдай жас капитанды ойға қалдырды. Ол поляр теңізінде үш рет болып, мұхиттың қазіргі «Пилигрим» жүзіп жүрген бөлегін бірнеше рет кесіп өткен. Сол сапарында Горн мүйісінен экваторға қарай, немесе американ континентінің осы оңтүстік шеткі шегіне қарай кетіп бара жатқан американ немесе ағылшын кемелерінің талайына кездескен-ді.

Бірақ Дик Сэнд мұхиттың сол бөліміне жеттім ғой деп шамалаған жерінен «Пилигримнің» әлдеқайда алыста, оңтүстікке таман екенін білмеді, тіптен күдіктенбеді де. Мұның екі түрлі себебі бар-ды.

Біріншісі — ағыс. Дик Сэнд ағыс тездігін нашар білетін. Бірақ бұл арадағы ағыс күшті еді, жай қарағанда байқалмағанымен, кемені бет алған жағынан бұрып басқа жаққа әкете берді.

Екіншісі — арам ниетті Негороның қолы бүлдіріп теріс бағыт көрсеткен компас. Қосалқы компас сынып істен шыққан, соның нәтижесінде қолда қалған компасты Дик Сэнд тексере алмады.

Жас капитан кемені тура шығысқа қарай жүргізуге тырысты, бірақ іс жүзінде оңтүстік-шығысқа қарай алып кетті!

Компас әрқашан оның көз алдында. Әрбір отыз минут сайын үнемі лаг тастатып отырады. Осы екі құрал кеменің жүрген жолын мөлшерлеп есебін шығаруға, кемені бағытқа қарай тура алып жүруіне мүмкіндік береді. Бірақ осы сияқты мөлшер есеппен қанағаттануға бола ма? Әрине болмайды!

Кейде күнілгері үрейленіп мазасы кететін миссис Уэлдонды тыншайтудың қамын қарастырып Дик Сэнд барынша тырысып бақты.

— Бір жеті ерте, бір жеті кеш,— деді ол қайталап,— әйтеуір американ жағалауына жетуіміз анық. Қай жер болса, ол жер болсын... Ең қажеттісі, әйтеуір жерге жетеміз!

— Дик, мен бұған күмәнданбаймын!

— Түсінікті ғой, миссис Уэлдон, егер «Пилигрим» бортында сіз болмасаңыз, маған анағұрлым жеңіл болар еді, егер мен тек қана экипажға жауапты болсам, бірақ...

— Бірақ, егер кездейсоқ жағдай сіздерге бізді, апатқа ұшыраған негрлерді кезіктірмесе, балам, саған екеуден-екеу — Негоромен қалуға тура келер еді... Сен сонда қайтер едің? Сенің оған сенбейтініңді білемін.

- Ең алдымен,— деді жас капитан тұжыра сөйлеп,— Негороны өзіме зиян келтіре алмайтын етер едім...

- Сонда сен кемені жалғыз басқарар ма едің?

— Ие, жалғыз!

Бала жігіттің қатал да тұжырымды үні миссис Уэлдонның көңілін орнықтырды.

Дегенмен, әйелдің көзі өзінің бөбегіне түсіп, мазасыздық сезімнен арыла алмады. Ержүрек саяхатшы әйел өзінің мазасызданғанын сездірмеуге тырысты, әйтсе де оның көңілі өзінен өзі қобалжып жай таппады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий