Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
— Бат, сіз енді Томның істегенін істеңіз! Солай, жақсы Енді шерттіре тартыңыз! Ие, шерттіре тартыңыз!
— Осылай ма?
— Солай, солай! Өте жақсы! Геркулес, енді сіздің кезегіңіз! Кәне, шіреніп көріңізші, бұл арада күш керек!
Геркулеске шіреніп көр деу, ойланбағандық еді: алып негр бар күшін салып тартқанда, арқан үзіліп кете жаздады.
— Оншама қатты тартпаңыз,— деп айқайлады Дик Сэнд күле сөйлеп.— Сіз бүйтіп тартсаңыз, мачтаны түбінен жұлып құлатарсыз!
— Бұл менің ақырын тартқаным ғой,— деп ақталды Геркулес.
— Мұның аты «ақырын» болса,.. Геркулес, сіз былай етіңіз: арқанды шындап тартпай, тек қана тартқан болыңыз, Сөйтіңіз, істелетін жұмысты дәл орындаған болыңыз. Қане, досым! Тағы да... Босатыңыз!.. Солай... Швартуйте! Ие, швартуйте деймін!.. Түсінбеді! Байлаңдар. Солай, солай. Жақсы!..
Фоктың барлық желкені жайыменен бұрыла берді.
Желкенді жел кернеп, кеме алға ұмтылды.
Бұдан соң Дик Сэнд кливердің шкотын босатуға бұйырды.
— Достарым, өте жақсы істелді! — деп Дик Сэнд жаңа матростарды мақтап қойды.— Енді грот-мачтаны үйреніп көрейік. Бірақ сен, Геркулес абайла, тағы да бірдеңені үзіп алма!
Бұл маневрді матростар оңай істеді. Көлбеу грот тиісті бұрышқа қойылып еді, дереу жел кернеп, алдыңғы желкеннің күшіне күш қосылды. Одан соң көлбеу гроттың үстіне топсель көтерді, оны істеу оңай, гитовидің42 үстінен алып, арқандарын босатып, қайта байлай салса болғаны. Бірақ Геркулес пен Актеон, кішкентай Джек үшеуі бар күшін сала шкотты басып еді, гордель үзіліп кетіп, үшеуі бірдей шалқасынан түсті, бір жақсы жері, ешқайсысы зақымданып, еш жерлері жараланған жоқ. Бала мәз боп қалды.
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ! — деп айқайлады жас капитан.— Үзігін жалғап жіберіп қайтадан тартыңдар, бірақ қара күшке сала көрмеңдер!
Ақырында желкендер тиісінше керіліп байланып та болды, Дик Сэнд штурвалдан қозғалған жоқ. «Пилигрим» шығысқа қарай тартып келеді, ендігі қалған жұмыс, кеменің алған бағытынан аумауын бақылау ғана. Мұны орындау оңай, өйткені, жел бір қалыпты соғып тұрса, кеме өз бетімен лағып «қаңғымайды».
— Достарым, тамаша болды бұл,— деді Дик Сэнд.— Сіздер кешікпей-ақ тәжірибелі матрос боласыздар.
— Тырысып бағамыз, капитан Дик,— деп Том қарт өзінің жолдастары үшін жауап қайырды.
Талапты матростарды миссис Уэлдон да мақтап қойды. Мақтаудың да пайдасы тиді, кішкентай Джек тыным таппай жұмыс істеді.
— Джек, мына арқанды сен үздің-ау деймін,— деді Геркулес күле сөйлеп.— Өзің сонша күшті екенсің ғой! Сен болмасаң қайтер едік!
Бала мақтанғанынан құлағына дейін қызарып, досының қолын ұстап қатты қысты да қатты-қатты сілкіп қойды.
Әйтсе де, «Пилигримде» әлі де болса көтерілмеген желкендер бар-ды. Брамсель, бом-брамсель және стаксель көтерілмеген болатын. Алайда бакштагпен жүзгенде бұл желкендер де көтерулі болса, «Пилигримнің» жүрісі недәуір тездеген болар еді.
Дик Сэнд бұл желкендерді де көтеруге ұйғарды.
Стаксельді кеме палубасында тұрып, оншалықты қиналмай-ақ көтеруге болады, ал фок-мачтаның тік желкендерін палубада тұрып көтеруге мүмкін емес: оларды көтеру үшін рейге шығу керек. Дик Сэнд өзінің тәжірибесіз командасын тәуекелге жібергісі келмей, бұл жұмыспен өзі айналысты.
Ол штурвалды Томға тапсырып, кемені қалай бағыттаудың әдісін дәл көрсетті. Сосын Геркулесті, Батты, Актеон мен Остинді бом-брамсель мен брамсельдің горденіне қойып, мачтаға өзі шықты.
Жас капитан шапшаң да епті болатын, лездің арасында брам-рейдің пертасына43 өрмелеп шығып, брамсельді тартқан шкоттың түйінін шешті.
Одан соң бом-брам-рейге44 шығып, оның да шкотын шешті. Ол жұмысын аяқтап, штирборт фордунының45 бірімен сырғанап палубаға түсті.
Жаңа матростар жас капитанның көрсетуімен желкен керіп, оның етегін рейдің астыңғы жағындағы нокке46 тартып байлады.
Бұдан соң грот-мачта мен фок-мачтаның арасына стаксель көтерді, сонымен, желкен көтеру жұмысы сәтті аяқталды.