Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд төрт-бес жыл теңізде жүрсе, қиын да қызғылықты теңіз мамандығын түгел үйреніп алар еді. Сол уақыттың ішінде, капитан Гульдің күн сайын мұхиттың кеме тұрған ендігін шамалайтын сектант құралын қалай пайдаланғанын да үйренер еді-ау. Гринвич меридианының уақытын көрсететін хронометр35 капитан Гульге бойлықты білдіретін. Күн — оның сенімді кеңесшісі болған. Ай мен жұлдыздар: «сенің кемең пәлен жерде тұр!» — деп хабарлайтын. Оның мүлтіксіз де, қателеспейтін алып сағатының циферблаты — аспан әлемі де, керсеткіш тілі — жұлдыздар болатын. Бұлар кеменің жүрген жолының мөлшерін күн сайын баяндап тұратын-ды. Астрономиялық бақылау «Пилигримнің» тұрған жерінен баратын жерінің бір миліне шейін дәл көрсететін-ді.

Ал Дик Сэнд кеменің тұрған жерін тек компас пен лагтың36 көрсетуімен ғана шамалай алады.

Сөйтсе де Дик Сэнд сасқан жоқ.

Миссис Уэлдон ержүрек баланың ішкі дүниесінде болып жатқан құбылыстың бәрін білді.

— Рақмет, Дик! — деді ол салмақты үнмен.— Капитан Гуль өлді. Онымен бірге бүкіл экипаж да қаза тапты. Енді кеменің тағдыры сенің қолыңда. Кемені де, біздің бәрімізді де сен құтқарады деп сенемін.

— Ие, миссис Уэлдон,— деді Дик,— мен бұл сенімді ақтауға тырысып бағармын...

— Том да, оның жолдастары да адал адамдар. Сенің оларға толық сенуіңе болады.

— Мен мұны білемін. Мен оларға теңіз ісін үйретемін, сөйтіп кемені бірге басқарамыз. Ауа райы жақсы уақытта бұл оншалықты қиын іс емес. Егер ауа райы бұзыла қалса... е, қайтуші еді, біз қолайсыз ауаны да жеңеміз, миссис Уэлдон, сізді де, кішкентай Джекті де, басқаларды да құтқарамыз! Мұны жүзеге асыруға күшім жетеді деп сенемін!

— Сен қазір «Пилигримнің» қай жерде екенін білесің бе?— деп сұрады миссис. Уэлдон.

— О, мұны білу оп-оңай,— деді Дик.— Картаны қарасақ болғаны: кеше капитан Гуль біздің тұрған жерімізді картадан белгілеп жатқан.

— Баратын жағымызға кемені алып бара аласың ба?

— Апара алармын деп сенемін. Біз американ жағалауындағы елге жетуіміз керек, кемені соған қарай жүргіземін және сол бағытқа бет түзеймін.

— Дик, сен мына апаттың салдарынан алғашқы бағытымызды өзгертуге мәжбүр екенімізді білетін боларсың?

«Пилигримнің» Вальпарайсоға бармайтыны өзінен өзі түсінікті. Жақын маңдағы американ портына жетуіміз керек - кемені апаратын жерің сол!

— Тыңдап тұрмын, миссис Уэлдон,— деп жауап қатты Дик.— Қысылмаңыз, американ континенті оңтүстіктің қиыр шетіне қарай созылып жатыр. Біз қайтсек те оған соқпай кете алмаймыз.

— Ол қай жақта? — деп сұрады миссис Уэлдон.

— Ана жақта...— деп Дик шығысқа қарай қолын шошайтты.

— Сөйтіп, кеме Вальпарайсоға бара ма, немесе Американың басқа бір портына бара ма, біз үшін бәрібір. Біздің бар мақсатымыз — құрлыққа жету!

— Біз онда жетеміз, миссис Уэлдон! — деді жасөспірім сенімді түрде. —Сізді қауіпсіз орынға жеткізуге кепілмін. Құрғақ жерге жуық маңда каботаждық37 рейс жасап жүрген бірер кемеге кездесерміз деген үмітім зор. Миссис Уэлдон, сіз байқайсыз ба, солтүстік-батыстан жел соға бастады. Егер соққан ыңғайынан айнымаса, жағалауға қалай жетіп қалғанымызды білмей де қалармыз. Желкен біткенді тегіс көтерсек, атқан оқтай зымыраймыз!

Жас матрос бұл сөздерді өз кемесін бағалай білетін және оны нендей қиын-қыстау жағдайда болса да дегеніне көндіре алатынына көзі жететін тәжірибелі, көпті көрген ескі теңізшілерше толық сеніммен айтты.

Дик Сэнд енді желкен көтеріп штурвалға38 тұруға ыңғайланып еді, миссис Уэлдон алдымен «Пилигримнің» қай жерде екендігін анықтау қажет екенін ескертті.

Шынында да, бұл бірінші кезектегі мәселе еді. Дик Сэнд капитан Гульдің каютасына барып, өткен күні кеменің қай жерде болғандығы жайлы белгі салынған картаны тауып алды. Ол енді миссис Уэлдонға «Пилигримнің» 43°35' оңтүстік ендік пен 114°13' бойлықта болғандығын картадан көрсете алады. Өткен тәуліктің ішінде кемені бір орыннан қозғалмады деуге боларлық еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий