Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Киттің үшінші шабуылында боцман Говик қайықты жолақжоннан сәл алыстатуға ғана шамасы келді, бірақ алыптан құтыла алмады. Жолақжон қайықты арқа қанатымен қағып өтті. Оның қатты соққаны сонша, қайық, басқарып тікесінен тұрған Говик ұшып түсті.

Киттің бұл жолғы соғуы, үш найзагердің дәлдеп көздеуіне кедергі болып, атқан сүңгілерін тигізе алмады.

— Говик! Говик! — деп айқайлады капитан Гуль, өзі аяғын зорға басып тұрып.

— Мен мұндамын, капитан! — деп боцман жауап қатты да, жатқан жерінен ұшып тұрып өз орнына қайта барды.

Бірақ боцманның қолындағы руль-ескек қақ ортасынан омырылып қалған еді. Ол үндеместен қолында қалған ескектің сынығын көрсетті.

— Басқасын ал!

— Құп болады!

Осы сәтте қайық маңынан су үйірілгендей болды да, теңіз бетінде киттің баласы көрінді.

Жолақжон баласын көре сала, оған қарай бар пәрменімен жүзе жөнелді.

Жолақжон енді қазірден бастап баласы үшін де, өзі үшін де арпалысуға тиіс. Ендігі арпалыс өте-мөте күшті болмақ.

Капитан «Пилигрим» жаққа көз тастап, багорге байланған вымпелды көтеріп жанталаса бұлғай берді.

Дик Сэнд капитан Гульдің алғашқы берген белгісін көрісімен-ақ қолынан келгенінің бәрін істеп үлгірген болатын. Бірақ аңшылардың ажалына қарай, кеменің жүрісін тездетерлік басқа түрлі лаж жоқ. Дик енді не істеуі керек? Тағы бір қайықты суға түсіріп, негрлердің жәрдемімен тезінен капитанға жәрдемге жетуі керек пе? Бірақ ескек есіп қайықпен оларға жету үшін кемінде бір сағат уақыт керек, суға қайық түсіріп жолдастарына жәрдемге барайын десе, нендей жағдай болса да, кемені тастап кетуші болма деп, жасөспірімнің кемеден кетуіне капитанның өзі тиым салып кеткен.

Сонда да болса Дик Сэнд кормодағы қайықты суға түсіріп, кеменің артына тіркеді, ондағы ойы, егер қажетті жағдай бола қалса, апатқа ұшыраған адамдар пайдаланар деген еді.

Осы уақытта жолақжон баласын денесімен қалқалап тіп-тіке аңшыларға қарай тағы ұмтылды.

- Сақтан, Говик! — деп капитан Гуль ақырғы рет айқайлады.

Бірақ рульші құралсыз қалған еді. Ұзын сапты руль ескектің орнына, оның жұмсайтыны кәдімгі қысқа сапты ескек. Онымен тез маневр жасау мүмкін емес.

Ол, қайықты бұруға әрекеттенді. Бірақ мұнысы жүзеге аспады.

Матростар өздерінің апат болатындарына көздері жетті. Барлығы тік тұрып шулап қоя берді. Мүмкін, бұлардың дауысы «Пилигримдегілерге» жететін де болар...

Кит құйрығының кереметтей күшпен соғылған екпіні қайықты шүйіріп аспанға атып жіберді. Қайық үшке бөлініп, кит құйрығының екпінімен пайда болған иірімге келіп түсті.

Матростардың бәрі жараланды, сонда да болса ол бейшаралардың су бетінде қалқып уақытша жан сақтай тұрарлық әлдері бар-ды. Боцман Говиктың қайық сынығына жармасып, оған капитан Гульдің жәрдемдесіп жүргенін «Пилигримдегілер» көріп тұрды...

Бірақ, кит ақырғы рет жиырыла түсіп құйрығымен су сабалады. Құйынша үйірілген толқын бірнеше минутқа созылып, шашыраған су мен көбіктен басқа ешнәрсе көрінбей кетті. Дик Сэнд негрлерді қайыққа мінгізіп апат болғандарға жәрдем еткелі жөнелді, аңшылардан тірі қалған ешкім жоқ, су бетінде қанмен боялған қайықтың сынықтары ғана қалқып жүрген.34

Тоғызыншы тарау

КАПИТАН СЭНД

Адам айтқысыз мына апат «Пилигрим» жолаушыларының есін алып, жанын түршіктірді. Капитан Гуль мен бес матростың қазасы жүйке құртқандай аса ауыр әсер қалдырды.

Үрейлі апатты көзбен көріп, өлім тырнағындағы жолдастарға жәрдем ете алмаудан қиын не бар! Тіптен Диктің өзі мен жолдастары да жаралыларды судан шығаруға жетісе алмай қалды.

Апат болған жерге «Пилигрим» жүзіп жеткен кезде капитан Гуль мен бес матрос қайтпас сапарға кеткен еді.

Миссис Уэлдон, Бенедикт ағай және бес негр көз жастарын көлдетіп құлазып жатқан теңіз бетіне тұнжырай қарасып қалды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий