Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Миссис Уэлдон мен Геркулес Диктің не ойлағанын түсіне қалды. Ол өз басын құрбан етіп, жолдастарын ажалдан құтқару үшін қайықты түпсіз шыңырауға сүңгітіп жабайыларды тұншықтырып қыруға бел байлаған. Бірақ олармен бірге өзі де құриды.
Миссис Уэлдон мен кішкентай Джек Дикпен қош айтысып қол бұлғады. Ашынып, амалы құрыған Геркулес оған қарай қолын созды.
Осы сәтте жабайылар суға секірді, шамасы, олар сол жақ жағалауға жүзіп шығамыз деп үміттенсе керек.
Диктің көз алдында аранын ашып өлім төніп тұр, сонда да болса ол асып-сасқан жоқ. Қайықтың түбі үске қарай аударылып кетуі оған жан сауғалаудың үмітін сездірді.
Қатты ағыс қайықты су құламасына іліп әкеткен кезде, Диктің алдында екі түрлі қауіп төніп тұрған: біреуі, көз ілескісіз тездікпен төмен құлап бара жатқанда қарсы соққан ауаға тұншығу; екіншісі, су жұту. Егер ол аударылған қайықтың астына түссе, мына екі қауіптің екеуінен де аман құтылар еді. Сондықтан оның әлі де болса өмірден үміті бар.
Өлім мен өмір арпалысып Диктің көз алдынан әп-сәтте елестеп етті. Ол сүңгіп кетіп қайықтың астына түсті де отырғышқа жармасып, қараңғы түнекте басын судан шығарды. Көз ашып-жұмғанша болған жоқ, күшті ағыстың қайықты шыңырауға қарай зымыратып бара жатқанын сезді.
Қайық сарқыраманың түбіндегі терең иірімге сүңгіп кетті де шыр көбелек айналып, қайтадан үске қалқып шықты.
Дик Сэнд асқан жүзгіш болатұғын, ендігі жерде аман қалудың бар сенімі өзінің қол күшінде екенін білді. Ол ширек сағат ағыспен арпалысып сол жақ жағаға жүзіп шықты. Кешікпей-ақ миссис Уэлдон мен Геркулес те келіп оны құшақтап сүйіп жатты.
Бірақ астаң-кестеңі шығып құтырынған тасқын жабайыларды тегіс жұтты. Ешқандай қорғанышы жоқ сорлылар шыңырау түбіне жетпей-ақ құлап бара жатып жолда өліп болды. Зіркілдеген тасқын олардың өлімтігін пышақтай өткір құздарға апарып соқты.
Жиырмасыншы тарау
СОҢҒЫ СӨЗ
Жолаушылар екі күннен соң 20 июльде Конго сағасындағы Бумға бара жатқан керуенге кезікті. Бұл құл саудагерінің керуені емес, Европаға піл сүйегін апара жатқан Португалия саудагерлері еді. Олар қашқындарды аса құрметпен қарсы алды. Жолаушылар жолдың ендігі қалған үлесін қиналмай жақсы өткізді.
Саудагер керуенінің кездесуі қашқындар үшін зор бақыт болды. Өзен сағасына салмен жетеміз деген Диктің үміті жайына қалды. Стенли осы өзенді бойлай жүзген кезінде, Нтамодан бастап Иеллаға жеткенше жетпіс екі жерде сарқырама барын анықтаған. Бұл сарқырамалардан қайықтың қандай мықтысы болса да аман өте алмас еді.
Августың он бірі күні миссис Уэлдон, кішкентай Джек, Дик Сэнд, Геркулес пен Бенедикт ағай — бәрі аман-есен Бомға жетті, олар бұл жерде шын ықыласпен қарсы алынды. Мұнда Панама бұғазына баратын американ пароходы бар екен, жолаушылар сол пароходтың жүргелі жатқан қарсаңына дәл ілінді. Миссис Уэлдон жолдастарымен бірге сол пароходқа мініп, аман-есен Америкаға жетті.
Сол күні Сан-Францискоға жіберілген телеграмма, күтпеген жерден әйелі мен баласының өз еліне қайтып оралғаны жайлы мистер Джемс Уэлдонға қуанышты хабар жеткізді.
Ақырында жолаушылар августың жиырма бесі күні Калифорнияның бас қаласына келді. Шіркін, Том бастаған ана негрлер де бұлармен бірге болар ма еді!..
Дик пен Геркулестің ендігі тағдыры туралы не айтуға болады? Уэлдон семьясының біреуі баласы, біреуі досы болды.
Джемс Уэлдон бала капитан мен Геркулеске сан жеткісіз борышты екенін өзі айтып өзі мойындады.
Негороның Сан-Францискоға жетіп үлгірмегені өте оңды болды. Әйелі мен баласын тұтқыннан сатып алу үшін мистер Уэлдонның бар байлығын аямайтыны өзінен езі түсінікті. Ол әйелі мен баласының хабарын естіген сағатта-ақ Орталық Африкаға жол тартатыны сөзсіз еді, бірақ оның ол жақтан аман-есен өз еліне қайтып оралуы екіталай.