Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір кезде өзеннің оң жақ жағалауынан, қатар қойылған бірнеше насостың су тартқаны сияқты порылдаған көмескі дыбыс естілді. Бұл кезде бір қора піл өзеннен су ішіп жатыр еді. Олардың салбыраған өңеш мұрындары машина сияқтанып бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсіп жатқан. Алып жануарлар өзен арнасын құрғатып кеткелі келген сияқты.

Он сегізінші тарау

ТҮРЛІ УАҚИҒАЛАР

Қайық ендігі сегіз тәулікті де ағысты қуалай ақты. Бұл күндерде айтарлықтай уақиға бола қойған жоқ. Өзен көпке дейін жыныс орманның ортасын аралап ақты. Сосын орман таусылып өзеннің екі беті ұшы-қиыры жоқ балқашты қопаға айналды.

Бұл жер де құнарсыз екен. Дик бұған ренжіген жоқ, ренжігенде қайтсін. Құнарсыз болғанымен қопаның арасы толып жүрген бөкен екен. Бұл момақан жануарлар кеш болысымен мекенін арыстан мен қабыланға қалдырып өздері ашық далаға шығып кететін көрінеді. Қаншама көп болғанымен жолаушылар күні бүгінге дейін орманда жыртқыштармен кездескен жоқ-ты.

Дик Сэнд күн сайын қайықты өзен жиегіне тоқтатып, түскі тамақтың артынан құрылыққа шығып жүрді.

Кішкене отрядқа азық қорын жаңғыртып алу өте қажет. Қаңырап жатқан бұл елсіз даладан түземдіктердің негізгі азығы болып саналатын жеміс, не маниок, не сорго, не маис сияқты дән табу мүмкін емес. Мұнда бұл азықтық өсімдіктердің бәрі де бар, бірақ олар жабайы өскендіктен азықтыққа жарамайды. Мылтық атып аң ауласа, біз мұндалап өздерін түземдіктерге білдіріп алады. Әйтсе де Дик Сэнд аң аулауға мәжбүр болды.

Жолаушылар анжир ағашының қу бұтағын жарып, оның қуысына таяқ тығып, таяқты ұршықша шапшаң айналдырып ұшқын шығарып от жақты. Олар от жағудың бұл әдісін жабайылардан үйренген-ді. Сөйтіп, бөкен етін отқа қақтап, бірнеше күнге жетерлік қор жасап алды.

Июньнің төрті күні Дик Сэнд бір қаманы бір атқанда мұрттай ұшырды. Қама — бөкеннің бір түрі, басы сопақтау, арқасына қарай шалқая біткен кішкене ғана мүйізі болады. Алдынан қарағанда қаманың мүйізі бестік (V) рим цифрына ұқсас. Қашқындар қаманың етін жоғары сапалы деп бағалады.

Күн сайын түнгі демалыста тоқтап және күндіз аң аулауға аялдағандықтан сегізінші июльге дейін жолаушылар небары, жүз мильдей-ақ жол жүрді. Дегенмен Орталық Африка үшін жүз миль деген аз жол емес. Мына өзен Дик Сэндке ұшы-қиыры жоқ ұзын боп көрінді, мұны төмен аға берсе, өздерінің қай жерден барып шығатынын ойлануы керек. Бұл өзенге бүгінге дейін бірнеше тараулар келіп құйды. Сонда да болса өзен арнасы ешқандай көбеймеген тәрізді.

Алғашқыда өзен тіп-тіке солтүстікке қарай ағып еді, енді солтүстік-батысқа қарай бұрылды.

Жолаушылар өзеннен де азық алып тұрды. Олар ұзын шырмауықтан қармақбау жасап, ұшына ілмешекті тікен байлады. Сөйтіп, олар санджек деген еті аса дәмді ұсақ балықты, кептірілген күйінде ұзаққа шыдайтын ұзақ деген балықты, сельд тәріздес кішкене дағала балықтарын ұстап жүрді.

Июльдің тоғызы күні күндіз Дик Сэндтің аңшылық құмары өзін жазымға ұшырата жаздады. Жасөспірім өзен жағасында жалғыз өзі бұта арасындағы жыныштан мүйізі қылтиып көрінген бір қаманы аңдып жүрген. Қаманы атып жіберген кезде, қайдан пайда бола қалғанын сайтан біліп пе, өзінен отыз қадамдай жерден өте үрейлі басқа бір аңшы шыға келді. Мүмкін, ол да үлес алғалы келген болар. Шамасы ол өзінің аңдып жүрген аңын басқа біреуге бергісі келмесе керек. Бұл аңы биіктігі кем легенде бес фут келетін бір шомбал арыстан еді. Жыртқыш аң бір секіргенде, Диктің атып құлатқан қамасының қасына барып түсті. Бейшара жануар жыртқыштың салмақты табанының астында дірілдеп бүрісіп жатыр.

Диктің мылтығында оқ жоқ. Қайта оқтайын деп қармана бастағанда арыстан оны көріп қалды. Ендігі істейтін бірден-бір амалы — тұрған жерінде қыбыр етпей тұрып қалу ғана. Бұлай етуге Диктің сабыры жетті. Ол не қашуға, не мылтығын қайта оқтауға қамданған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий