Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ғалым шұбар қоңыздың соңына түсіп, орманның қалың жеріне таман ұзай түскенде, Геркулес тап болып оны бас салып арқалай жөнеледі. Егер Бенедикт ағай ұшыраспағанда, Дик пен Геркулес құл саудагерінің миссис Уэлдонды қайда жасырып қойғанын білмес еді, ендеше Геркулестің бақсы болып Казонде қаласына келетін басқа жұмысы да жоқ-ты.

Қайық өзенді төмен бойлап аға берді. Геркулес өзінің Куанза жағасындағы лагерден қашқан күнінен бергі басынан кешірген уақиғаларының бәрін миссис Уэлдонға бастан-аяқ баян етті. Миссис Уэлдонды бөбегімен көтеріп бара жатқан зембілдің соңына түсіп астыртын торығанын, жараланған Дингоны қалай тапқанын, Казондеге Дингомен бірге келгенін, Дикке Динго арқылы хат жазып жібергенін, бұдан соң ойда жоқта Бенедикт ағайдың тап бола қалғанын, қабат-қабат күзетші қойылған факторияға кіруге әрекет еткенін, ақырында құл саудагерінен тұтқындарды құтқарып алудың амалын тапқанын түгел баяндады.

Уақиға былай болған екен: Геркулес фактория қоршауына кірудің ыңғайлы кезеңін аңдып, ондағы болып жатқан істерді сырттан бақылап жүрген кезінде, оның жанынан бір бақсы өтіп бара жатады. Бұл кәдімгі солтүстіктен келетін Казонде халқының зарыға күткен бақсысы болатын. Бақсыға бас салу, үстіндегі киімі мен әшекейлерін сыпырып алып оның түріне ену, бақсының өзін шайтан да шеше алмастай етіп шырмап тастау, тағысын тағы осы сияқты әрекеттердің бәрін Геркулес әп-сәтте істеп үлгіреді. Сосын байлаулы жатқан бақсының түр-сипатындай етіп өз денесіне бояумен өрнек-әшекей салады. Ендігі қалғаны тек жаңбырды сиқырлайтын бақсының ролін атқару ғана. Жабайылардың сенімпаз аңқаулығы арқасында оның бұл әрекеті өте сәтті аяқталған.

Геркулес өзінің бұл әңгімесі кезінде Дик туралы ләм деп тіл қатпағанына миссис Уэлдон қайран қалды.

— Ал, Дик, сен қалай құтылдың? — деп сұрады ол.

— Миссис Уэлдон, мен бе,— деп жауап қатты Дик,— менің сізге айтар түгім де жоқ. Мен өмірімнің ақырында сіз бен Джекті ғана ойладым. Өзімді бағанаға байлаған арқанды үземін деп босқа азаптандым... Қапыл көтерілген су әп-сәтте басымнан асты... Өзім талып қалыппын... Есімді жиып көзімді ашсам, қалың папирустың арасында жатыр екемін. Ал Геркулес менің басыма жастық, аузыма сусын болып қасымда отыр...

— Бәлі деген! Сонда дәрігер де, білгір де, бақсы да, жәдігөй де, болжаушы да — бәрі-бәрі де мен болғаным ба?

— Геркулес,— деді миссис Уэлдон,— сіз Дикті қалай құтқардыңыз, соны айтыңызшы. Оныңызды мақтанға санамаспыз, қорықпай-ақ қойыңыз.

— Мен құтқарыппын ба оны? — деді алып мақтанғысы келмей.— Ескі арнасына құйылған судың екпінді ағысымен омырылған бағана Дикті өзімен бірге ала кетті емес пе? Менің ендігі атқаратын жұмысым оны судан шығарып алу ғана. Түн қараңғысында жасырынып барып қабір қазылған өзен табанына түсіп, бөгеттің бұзылғанын күту де жұмыс болып па? Сүңгіп барып капитан байлаулы тұрған бағананы суырып жіберудің несі қиын? Жоқ, мұның ешбір қиындығы жоқ. Бұл кімнің де болса қолынан келетін іс. Тіптен мына Бенедикт мырза да... немесе Дингоның да... Бұл шынында да Дингоның ісі шығар?..

Динго өзінің атын атағанда, көңілдене маңқ етті.

Джек кішкентай қолымен төбеттің қауғадай үлкен басын құшақтап сөйлесе бастады:

— Динго, достымыз Дикті сен құтқардың ба?

Иттің басын біресе оң жағына, біресе сол жағына бұрды.

— «Жоқ, мен емеспін» деп тұр Динго,— деді Джек.— Геркулес, Дикті құтқарушы Динго емес екенін көріп тұрсын ғой. Кәне, айтшы Динго, капитан Дикті құтқарған Геркулес емес пе?

Джек енді иттің басын біресе төмен тұқыртып, біресе жоғары көтеріп, бірнеше қайтара изеп қойды.

— Динго «солай» дейді! Ие, «солай» деп тұр,—деді бала.— Міне, көріп тұрсың ба, Дикті құтқарған сен деп тұр!

— Әй-яй-яй, Динго,— деді Геркулес, итті еркелетіп.— Ұят емес пе? Айтпаймын деген уәдең бар еді ғой!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий