Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Немене, не боп қалды? — деп сұрады үнемі артта руль ұстап келе жатқан Геркулес.

— Бөгет! — деді Дик Сэнд.— Табиғи бөгет.

— Оны бұзсақ қайтеді? — деді Геркулес.

— Ие, Геркулес, балталап бұзамыз ғой. Бөгет мықты шығар, көшпелі аралдардың бірнешеуі салмағын сала басса да былқ етпеуін қараңызшы!

— Не тұрыс бар, капитан, іске кірісейік,— деді Геркулес қайықтың тұмсығына барып,

«Тикатика» деген су өсімдігі ағып келіп бөгеліп қалыпты. Өсімдіктің майысқақ талшықтары әбден ұйысып киіз боп қалған. Бұл сияқты су өсімдігінен құралған бөгеттің үстімен кәдімгі көпірден өткендей, өзеннен әрлі-берлі жайбарақат өтуге болады. Бөгеттің үстіне көз қызықтыратын лотостар өскен.

Іңір қараңғысы қоюланып қалған кез еді, Геркулестің қайықтан түсуіне мүмкіндігі бар. Ол балтасын оңтайлы сілтеп екі сағатқа жеткізбей-ақ шырмалып қалған су есімдігін ортасынан қақ бөлді. Бөлінген бөгетті өзен ағысы жайымен ысырып екі жақ жиекке апарып жапсыра салды.

Қайық төмен қарай аққан кезде, ымырт жабылып қараңғылық орнап еді.

Сақалды сәбидің мінездері әңгіме етуге арзыр ма екен? Қайық бөгетке тірелген кезде, Геркулес бөгетті бұза алмайды, сонда қайықтан түсіп шыбын-шіркей аулаймын деп үміттенген кісіге не дерсін! Өзен ағысымен жүзу ғалымға жан төзгісіз жабығу болды. Ол Альвецтің факториясын, ондағы өзінің пәтерін, қаңылтыр қалбырында қалған баға жеткісіз коллекциясын есіне түсіріп өкінумен болған. Оның мұншалықты сорлап қалуы бәріне де аянышты болды. Шынында да байғұстың қолында бірде-бір жәндігі қалмап еді.

Бенедикт ағай Геркулесті «шәкіртім» дейтұғын. Геркулес бөгет үстінен бір жексұрын жәндік тауып алып оны ғалымға тарту еткенде, жәндікті қолына алып тұрып ғалымның қандай қуанғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл арада бір таң қаларлық нәрсе, Геркулес өзінің тартуын ғалымға беріп жатып әлденеден қымсынғандай түр білдірген.

Бенедикт ағай жәндікті сұқ қолы мен бас бармағының арасына ақырын ғана қысып ұстады да, дәл көзіне апарып тақады, осы сәтте оның көзілдірігі мен лупасы есіне түсіп қамығайын деді. Әттен, нақ қазіргі сағатта сол екі құралы түскір оның қолында болар ма еді!

Ғалым кенет айқайлап жіберді:

— Геркулес, а Геркулес! Сен маған кінәлі едің ғой, бірақ оны түп-түгел кешірерліктей қызмет еттің. Уэлдон қарындас! Дик! Мынау ерекше жәндік және африкалық жәндік екенінде талас жоқ! Бұл алты аяқтыны менен алам деген кісінің қолында өлермін, айрылмаймын, ешкімге бермеймін де!

— Демек, бұл расында да бағалы табыс болды ғой? — деді миссис Уэлдон.

— Айтарын бар ма! Әлде сіздің бұған күмәніңіз бар шығар? — Ғалым даурығып қоя берді.— Қатты қанаттылар тобына, тор қанаттылар тобына немесе жарғақ қанаттылар тобына қосуға болмайтын бұл жаңа жәндікке құн жетпейді!.. Жәндіктердің ғылым жүзінде анықталған он шақты тобының бірде-біріне қосылмайтын жәндік бұл... Кейбір надандар ойланбай-ақ мұны өрмекші тектес жәндік дей салар еді. Шынында да мұның өзі өрмекшіге ұқсаңқырайды. Егер бұл жәндіктің сегіз аяғы болса, ойланбай-ақ өрмекші деуге болар еді, ал мұның тек қана алты аяғы бар ғой! Ах, достым, мен мұндай бақытты күтіп пе едім? Ақырында менің атым ғылым құрамына енетін болды! Бұл жәндіктің аты «hexapodes Benedictus»102 болады. Ғалымның қуанғаны сонша, өткен кездердегі көрген зәбір-жапасының бәрін әп-сәтте ұмытып, келешекте кездесетін қиыншылықтарды есіне де алмастан, өзінің сүйікті мылжыңына басып «көкшолағын» борбайлай берді. Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд ғалымның табысын шын ықластарымен құттықтаған болды.

Бұл кезде қайың өзеннің қараңғы бетімен жылжып бара жатқан. Түн тыныштығын тек қана гиппопотамның оспадарсыз жүрістері мен жағалауда жорғалаған крокодилдердің сыбдыры ғана бұзып тұр.

Он бесі толып биікке өрлеп бара жатқан айдың бұлтсыз түнгі жарығы қамыс қалқаның саңылауынан сығалап, қайық ішін нұрға бөлеп тұр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий