Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд азық мәселесін шешудің амалын таппай қатты күйзелді. Геркулес, папоротниктің жас сүйрігі мен папирус сабағының өзегін түземдіктердің азыққа пайдаланатынын Диктің есіне салды. Миссис Уэлдонның ізіне түсіп, орманға кірген кездерінде Геркулестің өзі де әлгі өсімдіктермен талай күндер коректенген болатын. Бақытқа қарай, папоротник пен папирус өсімдіктері өзеннің екі бетіне қалың өскен екен. Папирустың дәмді өзегін жолаушылардың бәрі ұнатты, әсіресе кішкентай Джек сүйсіне жеді.

Дегенмен бұл азық оншалықты нәрлі емес, егер Бенедикт ағайдың жәрдемі болмаса, жолаушылардың халі мүшкілге айналар еді. Бенедикт ағай «hexapodes Benedictus» деп өзінің атын өлместік мәңгіге қалдырарлық табыс тапқалы бері қайтадан көңілденіп, рухы көтеріліп қалған кезі еді. Ғалым ол жәндігін сенімді жерге — қалпағының төбесіне қыстырып, өзінің зерттеу жұмысын жүргізе беру үшін қайықтың әрбір тоқтағанын, пайдаланып жағаға шығатұғын. Бір кезде ол қалың шөптің арасын тінтіп жүргенінде, аяғы астынан бір құс қалбаң етіп ұша жөнелсе болар ма!

Дик Сэнд ол құсты атайын деп мылтығын кезене беріп еді, ғалым ағай айқайлап жіберді:

— Атпаңыз, Дик! Ата көрмеңіз! Жалғыз торғайдың еті бәрімізге болса да үнем болмайды.

— Ең болмаса Джекке үнем болар еді ғой,— Дик Сэнд оқ жетер жерден ұзай қоймаған құсты атуға қайта кезеніп еді.

— Жоқ, жоқ!. Ата көрмеңіз! — деп Бенедикт ағай тағы да безек қақты.— Атпаңыз оны, «Көзеуші торғай» деген осы. Ол бізге балдың мол жерін көрсетеді.

Дик Сэнд көзеген мылтығын төмен түсірді. Бұларға бір торғайдан гөрі бірнеше қадақ бал тиімді ғой. Дик пен Бенедикт ағай бір жоғары көтеріліп, біресе төмен шүйіліп, адамдарды соңымнан ер деп шақырғандай болған торғайға ілесіп жүре берді Олар оншалықты ұзаған жоқ, сүттіген өсімдігінің арасынан іші кеуек бір кәрі ағаштың түбірін көрді. Айнала төңірегі гүлдеп жатқан бал арасы.

Бенедикт ағай бұл жарғақ қанаттыларды «өз еңбектерінің мәуесінен» мақрұм еткісі келмеп еді, бірақ оның бұл пікіріне Дик қарсы болды.Ол бір құшақ қурай жағып түтін түтетті де араларды ұясынан айдап шығып бірсыпыра бал алды. Сосын араның жаңа дамып келе жатқан ұрықтарын «көзеуші торғайдың» үлесіне қалдырып Бенедикт ағай екеуі қайыққа қайтып келді.

Қайықтағылар балға аузының суы шұбыра килігіп жатыр, бірақ бал әп-сәтте ада болды. Бұлар июльдің он екісі күні жағаға шығып, төсеп тастаған кілем сияқты жер бетін жапқан қалың шегіртке көрді. Жолаушылар бұған дейін аштықтың азабын әбден тартып еді. Бұл арадағы шегірткелер миллиондап бар, орасан көп, кей жерлердегі бұталар мен шөптерді екі қабат, тіптен үш қабаттан орап алған. Сол сәтте шегірткені түземдіктердің азыққа пайдаланатынын Бенедикт ағайдың есіне түсе қалды. Жолаушылар осы арадан «аспан жармасынан» мол етіп қор жинап алды. Шоққа қуырылған шегіртке жолаушыларға құнарлы азық болды, мұны тіптен ашықпаған кісілер жесе де аса дәмді деп мақтар еді. Бенедикт ағай шегірткені аяп күрсіне отырып әйтеуір жеді-ау, бірақ күрсінсе де көп жеп қойды.

Әрі тән азабын, бір жағынан жан азабын тартқызған мына қасірет тізбегі қашан аяқталар екен! Бірақ бұл сапар ағысы қатты өзенді ағып қайықпен жүзу, орман аралап Гэрристің «гациендісін» іздегендегідей адамдарды шаршатып қажытқан жоқ. Сонда да болса күндіз аптап күйдіріп, кешкісін дымқыл тұман тұншықтырып, түні бойы көк шыбын талап жолаушылардың әбден зықысын шығарды.

Қашқындар ұзақ жүзді. Межелі жерге жететін уақыт болып еді ғой! Дегенмен бұл саяхаттың шетін Дик Сэнд әлі көре алмай келеді.

Бұл сапар тағы да қаншаға созылар екен? Бір жетіге немесе бір айға барар ма? Бұл жұмбақтың шешімін болжарлықтай ешбір белгі жоқ.

Егер мына өзен шынында да Заир немесе Конго болып шықса, оның ағысы жолаушыларды тұп-тура Португалия жеріне апарып енгізер еді, өйткені ол ел өзеннің нақ құяр сағасына орналасқан. Диктің болжалы да осы шама.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий