Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд иттің бұл қылығын қалай жоруға білмей біріне бірі қарап қалды. Бірнеше секундтан соң қайықтың тұмсығы су өсімдігінің жасыл көбігін жайымен жара барып тоқтай қалды. Бұлардан үріккен бірнеше балшықшылар, қардай аппақ аққұтандар құлақты жара шулап ауаға көтерілді. Геркулес суға төніп тұрған мангфир ағашына қайықты мықтап байлап, жолаушылар жерге түсті.

Орман арасында ең болмаса жалғызаяқ жол жоқ, әйтседе кей жерлердің шөбі жапырылып қалған, бұл жуық арада адам немесе аң жүріп өткенінің белгісі еді.

Диктің қолында оқтаулы мылтық, Геркулес беліне балта қыстырып алған, бұл екеуі отрядтың алдында келе жатыр. Бұлар он қадам жүрмей-ақ Дингоның үстінен түсті. Ақылды төбет жер иіскелеп, оқтын-оқтын маңқ ете түсіп, із кесіп жүр. Ол әлдекімнің ізімен өзен жағасына келді де, қайтадан орман қойнына еніп кетті.

— Сақ болыңдар!—деді Дик Сэнд.— Миссис Уэлдон, сіз Джекті қолынан ұстап жүріңіз. Бенедикт мырза, сіз қалып қоя көрмеңіз! Геркулес, сен сақ болғайсың!

Динго қайта-қайта артына қарап қойып, бейне бір тезірек жүріңдер дегендей, мазасыздана қыңсылап бара жатты. Ол кешікпей-ақ кәрі анжир ағашының түбіне барып тоқтады.

Онда анжирге жапсыра салынған, бір жағына қисайып қаусап біткен лашық тұр.

— Әй, кім бар мұнда? — деп айқайлады Дик Сэнд. Ешқандай жауап қайтпаған соң лашыққа кірді. Миссис Уэлдон мен басқалары да ере кірді.

Лашықтың еденінде қурап ағарып кеткен сүйектер шашылып жатыр.

— Мұнда адам өліпті! —деді миссис Уэлдон.

— Бұл адамды Динго таниды екен! — деп қостады Дик Сэнд.— Сірә бұл адам иттің қожасы болар. Ана қараңызшы!

Дик Сэнд лашықтың бір қабырғасын тұтас алып тұрған анжир ағашына қарай қолын шошайтты.

Ағаштың қабығы аршылған жерінен, оның өше бастаған үлкен екі қызыл әріп көрініп тұр.

Динго бұл әріптерді жолаушыларға көрсеткен сияқтанып аяғын ағашқа тіреп тұрған.

— «С» «В»! — деп Дик айқайлап жіберді.— Бүкіл алфавит арасынан Дингоның өзі танитын екі әріп қой мынау! Оның қарғыбауына ойып жазылған екі әріп осы!

Дик кенет тына қалды. Ол бұрышқа таман барды да еңкейіп жерден бір кішкене қобдиша алды, қобдиша көгеріп шіри бастаған. Дик Сэнд қобдишаны аша бергенде, ішінен бір жапырақ қағаз жерге түсті. Қағазда мына сөздер жазылған екен:

«Мұхит жағалауынан 120 миль Заир жағалауында, осы жерде, өзімнің жолбасшым Негоро мені ауыр жаралап, тонап кетті.

С. Вернон.

3 декабрь, 1871 жыл».

Жазылған хат уақиғаны түгел түсіндірді. Самоэль Вернон Негороны жолбасшылыққа алып Орталық Африканы зерттеуге шығады. Саяхатшының қалтасындағы көп ақша жауыз Негороның көзін қызықтырып өзін қылмысқа итермелейді. Ол қайтсе де ақшаны қолына түсірудің қамын ойлаған. Самоэль Вернон Конго жағасына жеткен соң, осы лашықта түнеп жатқанында оны Негоро өлімше етіп жаралап, ақшаны алған да Португалияға — өз жеріне қашып барған. Бірақ құл саудагері Альвецтің агенті екендігі анықталып, оны қамауға алады. Негоро Сан-Паоло де-Лоандта сотталып, өмірлік каторга жазасы беріліп, бұл жазаны отар елдердің біріндегі түрмеде өтеуге үкім шығарылады. Одан бергісі оқушыларға мәлім. Ол есебін тауып каторгадан қашады да, Жаңа Зеландияға барып, сол арада «Пилигрим» кемесіне аспаз болып қызметке орналасады.

Бірақ адам өлімінің соңында бұл лашықта нендей уақиға болды? Оны шамалап білу қиын емес. Бақытсыз Вернон өлер алдында өзін өлтірушіні әшкерелейтін хат жазып үлгірген. Бұл хатты ішіндегі ақшасын Негоро әкетіп бос қалған қобдиға салады. Ол ақырғы күшін салып жандәрмен дегенде өзінің аты мен фамилиясының бас әріптерін ойып жазып өз қанымен бояған Шамасы Динго бұл екі әріптің алдында аз отырмаған, бүкіл алфавит арасынан осы екі әріпті ажырата білу себебі де содан болуы керек. Ақырында Динго қожасының енді қайтып бас көтермесін біледі де, мұхит жағалауын кезіп қаңғып кетеді, сөйтіп жүргенінде оны «Вальдектің» капитаны тауып асыраған. Динго «Пилигрим» үстінде Негоромен қайта кездеседі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий