Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл уақыттарда саяхатшының сүйегі Африка орманында қурап, өзінің сенімді итінен өзгенің бәрі оны ұмытады.

Дик Сэнд уақиғаны осылай болуға тиіс деп шамалады, шынында да бұл болжалдың қисыны бар-ды.

Дик Сэнд сапары қырсыққан саяхатшының сүйегін жерлеуге кірісіп еді, Динго кенет өршелене абалап лашықтан шыға жүгірді.

Соның ізінше тыстан шыңғырған дауыс естілді, шамасы, Динго кімге де болса біреуге бас салған.

Геркулес Дингоның соңынан жүгірді. Дик Сэнд, тағы басқалары далаға жүгіре шығып, кеңірдегінен алған итпен арпалысып жығылып жатқан бір адамды көрді.

Бұл адам Негоро еді.

Ол Америкаға баратын пароходқа мініп кетпекші болып Конго сағасына келеді де, қасындағы эскортын сонда қалдырып, баяғы Вернонды өлтірген жеріне жалғыз келеді.

Бірақ оның бұл араға қайта келуінде бір себеп бар-ды. Анжир ағашының түбінен жаңа қазылған шұңқырдан бірнеше уыс француз ақшасын көргенде, жолаушылар Негороның мұнда келу себебіне түсіне қалды.

Негоро Самоэль Вернонды өлтірген соң, одан талап алған ақшаны, бір кезде қайта оралып алармын деп үміттеніп сол жерге көміп кетеді. Бірақ өз қылмысының жемісінен пайдаланбақ болып келген қарсаңында, Динго оның кеңірдегінен ала түскен.

Бұл екі арада Негоро да белбеуінен пышағын суырып үлгіреді де иттің сүбесіне бар пәрменімен бойлатып жібереді. Геркулестің де айқайлап жеткені сол еді.

— Ах, оңбаған-ай! Сені ақыры өз қолыммен буындырып өлтіре алмадым-ау!

Бірақ бұл арада Геркулестің қатысуынсыз-ақ жұмыс бітіп еді. Динго қаны сорғалаған күйі жағын ақырғы рет қысып еді, португалдың тынысы бітті. Одан соң иесіне адал қызмет еткен төбет, Самоэль Вернон өлген жерге сүйретіліп барып, сол арада өзі де өлді.

Геркулес саяхатшының сүйегін жерледі, бәрі де жыламсықтап Дингоны да сол молаға қоса көмді.

Негоро оралмастай алыс сапарға кетті. Бірақ оған Казондеден еріп шыққан адамдар сол маңайдан қашықта болмауға тиіс. Португал қайтып оралмаған соң олар Негороны өзен жағалауынан іздейтіндері сөзсіз. Бұл жағдай жолаушылар үшін зор қауіп болды.

Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд ендігі жерде істейтін істерін кеңесті. Бір минут уақытты бекерге өткізбей тезірек әрекет жасау керек.

Самоэль Вернонның жазып қалдырған хатында, жолаушылардың қайықпен төмен аққан өзені Заир немесе Конго екені және бұл арадан мұхит жағалауы жүз жиырма миль делінген. Бір жаман жері, бұдан былай қайықпен жүзуге болмайды, қандай мықты қайық болса да сарқырамадан аман өте алмайды. Сірә бұл Нтамо сарқырамасы болса керек деп қорытты Дик Сэнд.

Сарқырамадан өтіп, тағы да төмен қарай ағу үшін сал буып алу қажет, мұның үшін өзен жағалап бір-екі миль жаяу жүретін болды.

— Бұдан былай өзеннің қай жақ бетімен жүрсек екен, осыны шешіп алайықшы,—деді Дик Сэнд.— Осы өзіміз тұрған сол жақ бетімен жүре береміз бе, әлде оң жаққа өтеміз бе? Мұның екеуі де қауіпсіз емес,— жабайылардан қауіптенуге тура келеді. Сонда да болса менің ойымша өзеннің арғы бетімен жүргеніміз дұрыс сияқты. Егер өзеннің оң жағына өтіп алсақ, тым болмаса Негороның эскортына кезікпес едік.

— Жақсы, ендеше оң жақ жағаға өтейік,— деді миссис Уэлдон.

— Бірақ арғы бетте жол бар ма екен?—деді Дик Сэнд ойлана қалып.— Негороның бергі бетпен келуіне қарағанда, бұл жақ өзен сағасына қатынауға қолайлы деп шамалауға болады. Дегенмен тексеріп көру керек. Аржаққа бәріміз бірден өтпей тұрып алдымен біреуіміз барып көріп қайтқанымыз дұрыс болар. Мен барып қайтайын.

Дик Сэнд дереу жүріп кетті.

Өзен енінің жалпақ жері, зерттеуші француз лашығының тұсы, төрт жүз футтан аспайтұғын, Дик қиналмай-ақ арғы бетке өте шығады. Миссис Уэлдон, Джек пен Бенедикт ағай қашан Дик Сэнд қайтып оралғанша өзеннің осы бетінде, Геркулестің бақылауында қалды.

Дик Сэнд қайыққа отырып, жүзе жөнелуге ыңғайлана бергенінде, оған миссис Уэлдон:

— Дик, өзен ағысы қайықты сарқырамаға тартып әкетпей ме? — деді.

— Жоқ, миссис Уэлдон. Сарқырама әлі төрт жүз футтан қашық қой. Қорықпай-ақ қойыңыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий