Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Арыстанның екі көзі, қызыл көрген мысықтай боп қанталап Диктен айрылмады. Жыртқыш өзінің алғы астында тыпырлап жатқан дайын олжаға үңіле қарады да, қыбыр етпей сілейіп тұрған екінші олжаға көзінің қиығын салды. Екеуінің қайсысы тиімді деп безбендеп тұрған тәрізді еді.

Осы арбасумен екі минуттай уақыт өтті. Арыстан Дикке қадала қарап қалған. Дик те оған кірпік қақпай қарап тұр.

Ақырында арыстан екі олжаның біреуін қалады. Ол өлген қоянды тістеп әкетіп бара жатқан ит сияқты, қаманы тістеп алып қалыңға сіңіп ғайып болды. Арыстан сабау құйрығымен бұтаны сабалап, орманға кіріп бара жатқанда, Дик тұрған жерінде тұра беріп еді.

Дик Сэнд сақтық етіп тағы да біраз тұрып, арыстанның сыбдыры өшкен соң жолдастарына қайтып келді. Ол соншалықты жан түршігерлік қауіптен қазір ғана құтылып келгендігін жолдастарына айтқан жоқ-ты. Егер қашқындар өзенмен жүзбей даламен немесе жыртқыш аңдары көп қалың орманды аралап жүрсе, ендігі олардан ешкім тірі қалмаған болар еді.

Бұларға әлі күнге адамзат әулетінен ешкім кездескен емес. Өзен жағалауында адам мекенінен түк те жоқ, қаңырап жатыр. Бірақ адамы көрінбегенімен көшкен елдің ізі талай рет кездесіп еді. Егер тәжірибелі саяхатшы болса, айналасына сүттіген өсіп кеткен адам мекенінің қираған қалдығына, кең алқаптың ортасына жалғыз өскен анжир ағашына көз салып, бір кездегі көп халықты қыстақтың жұрты екенін, жалғыз анжирды түземдіктердің әулие ағашы екенін бірден-ақ білер еді. Бір қыстақтың басшысы өлсе, оның халқы мекен еткен жерін тастап жаңа қонысқа көшіп барып орналасатын әдет-ғұрып африкалық рулардың бәрінде де бар.

Орталық Африканың басқа өлкелерінде үй салмай жертөле қазып алып сонда тұра береді. Бұл жердің халқы да солардың үлгісімен күнелтуі ықтимал. Жабайы халықтар адамзат дамуының ең төменгі сатысында. Үңгірінен тек түнде шығатын жыртқыш аңдар сияқты, бұлар да үйлерінен түнде шығады, жыртқыштармен кездесу қандай үрейлі болса, бұлармен кездесу де сондай қауіпті.

Бұл жердің халқы адам жеушілер руынан екеніне Диктің күмәні қалмады. Дик жағалауға шығып аң аулап жүрген кезінде адам жеушілердің әлдеқалай тап бола қалуы ғажап емес. Сондықтан ол мүмкіндігі болғанынша жағалауға сирек шығатын-ды, және қашан да болса аңға кетерінде, болмашы ғана қауіптің белгісі білінсе, маған қарайламаңдар, дереу қайықты өзеннің ортасына алып кетіңдер, деп әсіресе Геркулеспен сөз байласатын. Геркулес оның талабын орындауға уәде бере тұрса да, Дик жағалауда жүрген кездерде ол өте абыржуда болатын. Өзінің бұл жағдайын миссис Уэлдонға білдіргісі келмей тырысады-ақ, әйтсе де жас әйел мұның бәрін де сезіп жүретін-ді.

10 июнь күні кешкісін Дик пен Геркулеске қорқынышты минуттар кешуге тура келді. Алыстан өзеннің оң жақ жағасынан бағана қағып, су үстіне салынған бірсыпыра құрылыстар көрінді, оның үстінде отыз шақты лашық бар. Өзен ағысы қайықты тұп-тура әлгі құрылысқа қарай айдап келе жатыр. Бір жақ жиекке таман жалтарудың мүмкіндігі болмай қалды, өйткені өзеннің сол жақ жиегінде қайық өтерліктей жол жоқ, судан сорайып шығып тұрған тастар көрінеді.

Қыстақта адам болуға тиіс. Өзен бетін біртүрлі мұңды ән тербегендей. Кейбір лашықтардан жылтыраған от көрінеді.

Жабайылардың бағаналар арасына ау құрып қоятын қашанғы әдеті. Егер ескі әдеттерін істеп мұнда да ay құрып қойған болса, жолаушылардың халі жаманға айналады. Өйткені қайық ауға шырмалады, оны қашан жазып алғанша, қыстақ адамдары түгел жиналып та болады.

Дик Сэнд тұмсықта, сыбырлап команда беріп тұрған. Түн айлы жарық еді. Бұл жағдай қайықты басқару ісін оңайлатумен қатар оны адам көзіне түсіретін болды.

Қорқынышты минут жетті. Көпір үстінде суға тақала үңіліп екі түземдік отыр. Ағыстың ықпалына берілген қайық әлгі екеуінің арасынан өтуге тиіс. Түземдіктердің қайықты байқамай қалуы мүмкін емес. Олар аттан салса, қалай болады?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий