Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үстіне көк шөп жабылған қалқа қайықты жасырумен қатар шыжып тұрған күннен қорғанарлық көлеңке де болды. Осындай жайлы жағдайлармен сапар шеккендіктен адамдар оншалықты қажыған жоқ, әйтсе де қауіпті еді.

Мұхитқа жеткенше әлі талай күндік жол бар, оның үшін жолшыбай бес адамға азық табу қажет. Жолаушылар өзен жағалауына шығып аң аулайтын болды, әйтпесе өңкей балық жеп күнелту өте қиын. Диктің бар сенімі жалғыз ғана мылтық,— Геркулестің баяғы қашқанда ала кеткен мылтығы,— оның да оқ-дәрісі аз, сондықтан әрбір атылған оқ мүлт кетпеуі шарт.

Ағыс бойымен аққан қайық сағатына кем дегенде екі миль жүзіп отырды. Тәулігіне елу миль жол жүреді екенбіз, деп шамалады Дик Сэнд. Өзен ағысы өте қатты еді, су астының шың тастары, қайық шөгіп қаларлық қайраң немесе ағаш түбірлері кезіге қалса, ондайларға ұрынбай айналып кету керек, судың еңкеуге қарай зымырай аққанына қарағанда, алдыңғы жақта сарқырама — су құламасы болуы керек деп шамалауға болады. Бұл сияқты сарқырамалар Африка өзендерінен жиі кездеседі.

Дик Сэнд жолдастарына қауышудың қуанышымен рухтанып, басқару ісін өзі алды да қайықтың тұмсығына барып тұрды. Шөп қалқаның саңылауынан сығалап қайықтың жүретін жолын бақылап, арт жақтағы руль ұстап келе жатқан Геркулеске былай жүр, былай бұр деп жөн сілтеп отырды.

Миссис Уэлдон кебу жапырақ төсеніп қайықтың табанында жатыр. Бенедикт ағай кіржиіп ренішті күйінде екі қолын төсіне айқастырып қайықтың ернеуінде отырған. Ол бұрын көзілдірігі барында түсіп кетпесін деп пешенесін оқтын-оқтын көтеріп қоятын-ды, қазірде де сол әдетін істеп, көзілдірігі жоғы есінде де жоқ, қолын көзіне қайта-қайта апара береді. Ол Казондеде қалған өзінің баға жеткісіз коллекциясы мен энтомологиялық жазуларын есіне түсіріп мұңаюмен болды. Қаңылтыр қалбырдағы шыбын-шіркейдің қандай бағалы қазына екенін жабайылар қайдан білсін! Ғалымның көзі әлдеқалай Геркулеске түсе қалса, өзінен өзі ренжіп кіржие қалатын-ды, ол мантикораны қуып бара жатқан жолынан қалдырғаны үшін Геркулеске кешірімсіз қатты ренжіп еді.

Кішкентай Джек дыбыс шығаруға болмайтынын біледі, бірақ оның қайық ішінде әрлі-берлі жүруін ешкім тыйған жоқ, сондықтан ол өзінің досы Дингоға еліктеп төртаяқтап қайық ішін кезумен болды.

Жолаушылар алғашқы екі күн бойы Геркулестің жолға шығардағы жинаған азығымен қоректенді. Дик Сэнд бірнеше сағат кідіріп демалу үшін қайықты тек қана түнде тоқтататын, бірақ өзі жағаға шықпайтын-ды. Мұқтаждық зорламаса босқа тәуекел еткісі келмейтұғын. Азық қорын үстеуге ғана болмаса құрғаққа шықпады.

Бұлар бейтаныс өзенді төмен ағып келе жатыр, бұл сапарда әзір айтарлықтай жаңа уақиға болған жоқ. Орта есеппен өзеннің ені жүз елу футтан аспайды. Ағыс ағызып бара жатқан бірнеше көшпелі аралдар ұшырасты. Бірақ олардың аумағы қайықпен шамалас болғандықтан Дик Сэнд соқтығысудан қауіптенбеді.

Өзен жағалауы елсіз. Казонде жерінің бұл жақ бөлегіне халық аз қоныстанады. Өзеннің екі бетіне бірдей өскен ағаштардың бұтақтары жайылып біріне бірі айқасып кеткен, қайық сол қалың нудың ортасымен ағып келе жатыр. Ол өсімдіктердің арасында шпанжик қызғалдақтары, бальзамин, қолшатыр сияқты өсімдіктер, алоэ, папоротник пен папирустар да бар.

Өзен үстіне төніп тұрған қалың орман. Су бетін сығылысқан қатты жапырақты акация ағаштары, «темір ағаш» деп аталатын баугин, анжир ағаштары бүркеп тұр.

Биіктігі жүздеген фут ағаштардың мұнартқан басы біріне бірі матасып, күмбездей шашақтары күн түсірмей өзен бетін жауып кеткен. Кей жерлерде өзеннің екі бетіндегі лиан-шырмауықтар біріне бірі айқасып өзенге салған аспалы көпірге ұқсайды.

27 июнь күні жолаушылар әлгідей аспалы көпірлердің бірімен шұбырып өзеннен өтіп жатқан бір қора маймылдарды көрді. Олар, шамасы, шырмауық көпір өздерінің салмағына шыдамай үзіліп кетер деп қауіптенсе керек, бірінің құйрығынан бірі ұстап матасып алыпты. Джек бұларды көріп мәз-мәйрам боп шек-сілесі қатқанша күлді.

Сол күні кешке таман қайық кенеттен тоқтай қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий