Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Альвец жындана жаздады. Алдымен мыңдаған доллар ақша болғалы тұрған тұтқындарының біреуінен айрылып еді, енді қалған екеуінен, ең қымбаттысынан көзбе-көз айрылғалы тұр. Оның тегін олжадан мол үлес алу үміті де осылармен бірге кеткені ме? Жоқ, дүние жүзіне жаңадан топан қаптап Казонде қаласын бүтіндей су басса да, Альвецтің бұл қорлыққа көнуі мүмкін емес.

Ол тұтқындарын айырып алғысы келіп еді, бірақ жұрттың қаһары өзіне қарай ойысты. Альвецті ұстаңдар, деп бұйырды сақшыларына королева. Бұл әрекетінің қымбатқа түсетінін байқаған құл саудагері, бөгелектеген жылқыша шұлғып, момақанси қалды. Бірақ ол, бастығы королеваның өзі болып бұқарасының бәрі не болса соған илана беретін надандығын іштей сезіп, қатты қынжылды.

Жабайылар шынында да ақ адамдардың ала келген жаңбырлы бұлты өздерімен бірге кетеді деп сенген-ді. Сиқыршы, жын-перілерді жат адамдардың қанымен риза етеді, халыққа соншалықты әбігер келтірген Казонде үстіндегі жаңбырлы бұлтты айдап жібереді деп иланған-ды олар.

Бұл кезде сиқыршы өзінің «құрбандығын» қолтығына қысып әкетіп бара жатты, алып бақсы бала мен әйелді қаңбақ құрлым ауырлайтын емес. Екі лақты қабат тістеп қашып бара жатқан арыстан сияқты еді ол. Кішкентай Джек қорыққанынан жапырақтай қалтырады, шешесі есін жия алмай әлі талып жатыр. Ақ адамдарға қаһарын тіккен тобыр у-шу болып бақсының соңынан еріп бара жатыр.

Сиқыршы факториядан шығып, Казондені кесіп өтіп, бірқалыпты нық аттап үш мильден астамырақ жер жүрді де, орманның қалыңдаған жеріне жетті. Соңынан ерген жабайылар біртіндеп қала бастады. Ақырында бақсының жалғыз қалғысы келгенін ұқса керек, ең соңғы жабайы да кейін қайтты.

Бақсы солтүстікке қарай ағып жатқан қатты ағысты өзеннің сағасына жеткенше артына бұрылып қараған да жоқ, ілгері қарай адымдаумен болды. Ол қойнаудың сүйірленген жеріне жетті де қалың бұтаның арасынан үстін шөпшекпен жауып жасырын қойған өзінің қайығын тапты.

Сақау сиқыршы қолтығына қысып әкелген екі «құрбандығын» қайыққа түсірді де, қайықты итеріп жіберіп еді, қатты ағыс кішкене қайықты ағызып ала жөнелгенде, сақауымыз самбырлап сөйлеп қоя берді:

— Капитан Сэнд, миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті сізге көрсетуіме рұқсат етіңіз! —деді ол.— Енді біз өз жөнімізге кете берейік. Мейлі, әлем жүзіндегі барлық бұлт мына есерсоқтардың төбесінен сел боп ақтарылсын!

Он жетінші тарау

ӨЗЕН АҒЫСЫНЫҢ БОЙЫМЕН

Әлгі сөздерді сиқыршы бейнесіне енген алып негр Геркулес айтып еді. Жас жігіт қайық түбінде жатқан, әлі өте әлсіз, Бенедикт ағайға сүйеніп басын көтеріп, жаңа келгендерді қарсы алып, амандасуға әрең шамасы келді. Динго ғалымның аяқ жағында шоңқайып отыр.

Миссис Уэлдон есін жиған соң әлсіз үнмен:

— Бұл сенбісің, Дик? Сенбісің?..— деді.

Дик тұрайын деп еді, бірақ миссис Уэлдон өзі барып оны құшақтай алды. Кішкентай Джек те ағасын құшақтап шөпілдетіп сүйіп жатыр.

— Қымбатты достым менің! Сүйіктім Дик! — деп бала қайталай берді. Сосын Джек Геркулеске бұрылып: — Ал мен сені тіптен танығаным жоқ!.. Тіптен...— деп үстеді.

— Маскарад жақсы орындалған шығар,— деп күлді Геркулес. Сосын төсіндегі айбақ-сайбағын сүртіп жуып тастады.

— Түу, жаңа ғана өзіңнің ұсқының жаман еді!—деді сонда кішкентай Джек.

— Таң қалатын не бар мұнда? Мен шайтан бейнесіне ендім ғой, ал шайтан қашан да болса сұмпайы болады ғой.

— Геркулес мені де құтқарды,— деді Дик Сэнд. Бірақ алып негр бұл туралы айтып мақтағанды жақтырмайтын тәрізді.

— Құтқару жөнінде айтуға әлі ерте! — деді Геркулес.— Миссис Уэлдон, егер Бенедикт мырза маған ұшырап сіздің қайда екеніңізді айтпағанда, біздің қолымыздан ешнәрсе келмес еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий