Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барлық жағдайдың қауіпсіз жағын қамтып Негоромен сөз байласып миссис Уэлдон еріне хат жазды. Негоро олардың тұтқыннан қашып шығуына жәрдем еткен адал ниетті дос болып көрінді. Джемс Уэлдон бұл хатты алған бойда, әрине, қобалжымай-ақ Негороға еріп Моссамедеске қарай жол тартады.

Негоро хатты алды да, 20 негр эскорт ертіп, келесі күні солтүстікке қарай тартып кетті. Оның бұл жаққа қарай жүруінің себебі не? Ол әлде Конго сағасына келетін бірер кеменің жолаушысы болмақ па? Немесе оның бұл маршрутты таңдауының себебі, өткен кездерде үкімет орындарымен сүйкімсіз жағдайда болған Португалия қалаларына соқпай өтуді көздеді ме? Болса, болар. Әйтеуір, ол Альвецке нақ осылай түсіндірді.

Миссис Уэлдонның ендігі бітірері, қалған күнге қажырлы шыдап, Негороның қайтып оралуын күту ғана. Негоро Сан-Францискоға дейін үш ай жол жүруі керек. Ал оның қайта оралуына да сонша уақыт қажет.

Миссис Уэлдон Альвецтің факториясынан кетуді ойлаған да жоқ. Бұл ара әзірге оның өзі үшін де, бөбегі мен ағасы үшін де қауіпсіз еді. Халиманың қамқорлығы мен сақтығы арқасында кішкентай Джек өздерінің қамауда екенін естіген де жоқ. Тұтқындарды факториядан шығарып жіберуге құл саудагерінің өзі де көне қоймас еді. Ол өз қалтасына түскелі тұрған зор пайданы есінде тұтып, қамаудағыларға қатал күзет қоюға бұйырды. Альвецтің бұл іске аса зор мән бергендігі сонша, тіптен өзінің Вихе мен Кассангодағы факториясына да бармай қалды. Бейбіт елді шабуға жіберілген жаңа экспедицияның бастығы болып Коимбра аттанды.

Негоро жүрер алдында миссис Уэлдон туралы Альвецке нақтылы мәлімет қалдырды. Әйелді қырағы бақылау керек деді ол, өйткені оған Геркулестің тағдыры әлі күнге мәлімсіз еді. Егер алып-негр жыныс орманда арыстан-қабыланға жем болмаса, ол Альвецтің қолынан тұтқындарды босатып алуға сөзсіз қамданады.

Мол олжадан қол жазып қалмау үшін қандай шара қолдану керектігін құл саудагері жақсы түсінді. Ол миссис Уэлдонды кассадағы ақшамдай сақтармын деген.

Қамаудағы көңілсіз күндер бір қалыпты өте берді. Факториядағы тұрмыстың негр қаласындағыдан ешқандай айырмасы жоқ-ты. Альвец өз үйінде Казонденің жергілікті әдет-ғұрпын берік сақтайтұғын. Қоршау ішіндегі әйелдер өздерінің қаладағы апа-сіңлілері не істесе соны істейтін-ді. Олар сорго мен маниок егетін, келіге түйіп күріш ақтайтын, маисті қол-диірменге тартып үн жасайтын, мпафуды сығып зәйтүн майы сияқты май шығаратын, ас пісіріп, помбе және малафу сияқты ішімдіктер әзірлейтін, жіп иіріп мата тоқитын, үй хайуандары мен үй құстарын күтіп бағатын, қысқасы үй шаруасының барлық салмағы солардың мойнында болатын-ды.

Әйелдер сондайлық ауыр жұмыстар атқарып жүргенде, еркектер шылым, наша тартып текке жататын-ды. Олар піл аулауға немесе бейбіт елді шауып еріксіздер әкелуге аттанғанда ғана болмаса, әлгі кәсіптерінен қолдары босамайтын.

Миссис Уэлдон Альвецтің факториясында серуендеп жүріп, оқта-текте жұмыс істеп жатқан күндердің қасына кідіріп, олардың бір қалыпты қол қимылдарына көз салатын. Олар ақ әйелді барынша жек көргендік тұр көрсетіп, бет-аузын тыржита қоятын-ды. Миссис Уэлдонның тұтқын екенін біле тұрса да олар ақ адамды жек көретін, оған жандары ашымайтын да. Тек Халима ғана іш тартатын-ды. Миссис Уэлдон жергілікті тілдің бірнеше сөзін жаттап алып, кешікпей-ақ еріксіз әйелдермен тілдесе бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий