Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ливингстон Литубарубтан 1853 жылы 15 январь күні шыққан. Ол бамангуаттар руының орталық өлкесіне барып, 23 майда Линьятиге жетіп еді, макололдар руының жас королі Секелету зерттеушіні аса құрметпен қарсы алды.

Ливингстон аса қатерлі безгекпен ауырып, бұл жерде бірсыпыра кідіріп қалды. Бірақ саяхатшы өзінің науқастығына қарамастан сол елдің әдет-ғұрпын зерттеді, Африкадағы құл саудасының жан түршігерлік әдіспен елді қырып-жоятынын бірінші болып анықтады.

Бір айдан соң Хобе өзенін төмен ағып, оның Замбезиге құйған жеріне дейін барды. Ол Нальеге, Катонгеге, Либонтеге соғып, ақырында Замбезидің Либамен қосылған жеріне жетті. Бұл арада зерттеу жүргізуге ойы кетті де, осы өзенді жоғары өрлеп оның батыс жағындағы Португалияға қарасты шегіне дейін барды. Сөйтіп, тоғыз жұма жол шегіп, ендігі зерттеу жұмысына қажетті дайындықтар жасап алу үшін Линьянтиге қайтып келді.

1853 жылы 11 ноябрь күні 27 макололден құралған отрядты бастап зерттеушіміз аттанып кетті. 27 декабрьде Либа сағасына жетіп, осы арадан өзенді жоғары өрлеп, Макондо өзенінің шығыс жақтан ағып келіп Либаға құятын сағасындағы балонда руының жеріне дейін барды.

Бұл өлкеге алғашқы келген ақ нәсілді адам Ливингстон еді.

1854 жылы 14 январьда Ливингстон балонда руының ең құдіретті патшасы Шинтенің қабылдауында болды. Бұл жерде өзін құрметпен қарсы ала тұрса да, онда бірнеше күн болып, қажымас саяхатшы Либаның арғы бетіне өтіп, сол айдың жиырма алтысы күні Катеме корольдің жеріне барып кірді. Оны мұнда да меймандостықпен қарсы алды, әйтсе де зерттеушіміз ол арадан кетіп, жиырмасыншы февральда Диололо көлінің жағасына жетіп қос тікті.

Бұл жерге келген бойда сәтсіздік басталып, жерді аралау қиынға айналды. Жергілікті халық зерттеушіге қастандық жасауға бейімделді, оның үстіне Ливингстонның өз отряды бүлік шығарды. Саяхатшыға ажал қаупі төнді. Жігерсіз біреулер болса бұл қиыншылыққа қарсы тұра алмас еді. Бірақ доктор Ливингстон мұндай сәтсіздікке мойыған жоқ. Ақыры апрельдің төрті күні Куанго жағалауына жетті. Бұл өзен суы мол, Португалияға қарасты жерді бойлай солтүстікке қарай ағып Заирға (Конго) құятын-ды.

Алты күннен соң саяхатшымыз Кассангода болып, майдың отыз бірінде Сан-Паоло де-Лоандқа жетті. Екі жылға созылған бұл саяхат осылай аяқталды. Осы уақыттың ішінде ол Африканы оңтүстігінен шығысына қарай бірнеше рет кесіп өтті.

Дэвид Ливингстон сол жылдың 24 сентябрінде Сан-Паоло де-Лоандтан шығып жол тартты. Ол Куанза өзенін, кәдімгі Дик Сэнд пен оның жолдастарын қырсық қарсы алатын қайырсыз Куанзаның оң жақ бетін жағалай жүріп, оның Ломбе өзенімен қосылатын жеріне жетті. Жолшыбай әлденеше еріксіздер керуеніне ұшырасып, Кассангоға екінші рет барды. Бұл арадан 20 февральда шығып, Куанго өзенін кесіп өтіп, Замбези жағалауына жетті. Ол сегізінші июльде Дилоло көлінің жағалауында тағы бір рет болып, сосын Замбези өзенін төмен ағып Линьятиге қайта келді. Ондағы ойы 1855 жылы үшінші ноябрьде тағы да жолға шығудың қамын қарастыру болған.

Бұл жолы Орталық Африканың батыс жағалауынан түсіп, шығыс жақ шетіне дейін кесіп өтуі керек, тарихта бұл алғашқы саяхат болғалы тұр.

Дэвид Ливингстон атақты Виктория сарқырамасына барып Замбези жағалауынан солтүстік-шығысқа қарай тартты: Батока өлкесін аралай өтіп, сол елдің құдіретті патшасы Семалембуэмен кездесу, Кафуэден кесіп өту, тағы да Замбезиге оралу, король Мбурумамен кездесу, Португалияның қирап қалған ескілікті қаласы Зумбогға бару, 1856 жылы 17 январьда, сол уақытта португалдармен соғысып жатқан Мпенд патшамен кездесу, ақырында 2 мартта Замбези жағасындағы Тетеге оралу көрсетілген.

Бір заманда байлығымен даңқы шыққан жерден Ливингстон апрельдің жиырма екісі күні кетіп, Капштадтан шыққанына төрт жыл дегенде, майдың жиырмасы күні Замбезь атрауындағы Калиманға келді.

Июль айының он екісі күні Морестен кемеге отырып жолға шықты. Ливингстон алты жыл жоғалып кетіп, декабрьдің 22-сі күні өз отаны — Англияға қайта оралды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий