Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Миссис Уэлдон ұлы саяхатшыны жуық арада келіп қалар деп дұрыс шамалаған, өйткені оны Бангвеоло көлінің оңтүстігінде көріпті дегенге екі айдан асып кетті.

Бірақ 13 июнь күні Негороның жүз мың доллар олжа дәмеленіп миссис Уэлдоннан хат алғалы келер қарсаңында Альвец пен тағы басқа құл саудагерлерін қатты қуантатын хабар Казонде қаласына таралып та үлгірді.

Доктор Ливингстон 1873 жылы 1 май күні таң алдында қайтыс болыпты!

Мына сорды қараңызшы, бұл шындық хабар еді! Ливингстонның кішкене отряды Читамбо қыстағына жетеді. Онда саяхатшыны зембілмен көтеріп жеткізген екен. Отызыншы апрельге қараған түнде науқасы ауырлай түсіп, демалысы нашарлай береді де, артынан есінен танып қалған.

Бір сағаттан соң есін жиып, өзінің қызметкері Сузиді шақырады да, маған пәлен дәріні тауып берші деп өтініпті. Сосын әлсіз үнмен:

— Жарайды! Енді бара беруіңе болады! — депті.

Ертеңгі сағат төрттің кезінде Сузи мен эенордт құрамындағы бес адам саяхатшы жатқан қосқа кіріпті.

Дэвид Ливингстон өзінің төсегі жанында тізерлеп отыр екен.

Сузи саяхатшының бетіне ақырын ғана қолын тигізіп еді, денесі мұздап қалыпты.

Дэвид Ливингстон жансыз еді...

Адал ниетті қызметкерлері саяхатшының денесін теңіз жағалауына зембілмен көтеріп жеткізіпті. Олардың сапары ұзақ та қиын болған, бірақ жол азабының бәріне төтеп бере он ай дегенде Ливингстонның жансыз денесін Занзибарға апарыпты.

1874 жылы 12 апрельде Ливингстонның денесі, Виет-министрлік аббаттағы Англияның бұрынғы өткен атақты адамдары арасына жерленеді.

Он бесінші тарау

МАНТИКОРА ҚАЙДА АПАРМАҚ

Суға кеткен тал қармайды. Өлім жазасына кесілген адамға иненің жасуындай ғана үміт сәулесінің өзі айтарлықтай зор, мол жұбаныш боп көрінеді ғой.

Миссис Уэлдонның да үміті сол сияқты. Бангвеола жағасындағы кішкене негр қыстағында доктор Ливингстонның қайтыс болғанын Альвецтің өз аузынан естігенде, миссис Уэлдон жұбайы өлгеннен бетер қатты күйзелген-ді. Ол өзін өзі жапан түзде жалғыз қалған сорлыдай сезінді. Оның мәдениетті дүниемен байланысып тұрған қылдай ғана үміті үзіліп кетті. Жандалбасалап жармасқан тал шыбығынан айрылып қалды, жанарындағы үміт сәулесі өшті. Жолдас негрлерін Казондеден Үлкен Көлге айдап әкетті. Геркулестен әлі күнге хабар жоқ. Өзіне жәрдемге келетін ешкім қалмағанын миссис Уэлдон жақсы білді... Ендігі қалғаны істің сәтті аяқталуын қамтамасыз етерліктей шарт енгізіп, Негороның ұсынысын қабылдау ғана.

14 июнь, белгіленген мерзімді күні Негоро миссис Уэлдонның лашығына келді.

Португал өзін өзі іскер адам сияқты ұстаған. Ол бәрінен бұрын айтылған сомадан соқыр тиын кемітпейтінін мәлімдеді. Дегенмен, бұл жөнінде миссис Уэлдон да одан қалысқан жоқ, ол былай деп бастады:

— Егер сіз келісім жасалсын десеңіз, қабылдауға болмайтын шартты енгізбеңіз. Сіздің талап еткен сомаңызды төлеуге ризамын, бірақ қоятын шартым бар: менің ерім бұл елге келмейтін болсын. Оның мұнда келуіне менің ешқандай ризалығым жоқ.

Негоро бірсыпыра қобалжып тұрды да, келіншектің ұсынысын қабыл алды. Олар былай келісті: Джемс Уэлдон Африканың қауіп-қатерлі алыс түкпіріне келмейтін болды. Ол Анголаның оңтүстік жағалауындағы құл саудагерлерінің кемесі жиі соғып өтетін Моссамедес деген кішкене портқа келеді. Негоро бұл портты жақсы біледі екен. Ол мистер Уэлдонды сонда әкелетін болды. Мерзімді күні Альвецтің агенттері миссис Уэлдонды баласымен, Бенедикт ағайды қоса уәделі жерге, Моссамедес портына жеткізеді. Мистер Уэлдон кесімді ақшасын төлейді, сосын тұтқындар бостандық алады да, миссис Уэлдонның «адал қызметкері» Негоро жайына кетеді.

Казонде мен Моссамедес арасының қашықтығынан миссис Уэлдон қорыққан жоқ. Егер мына 600 мильдік ұзақ жолда, өзінің Казондеге келген сапарындағыдай жағдай болса, оншалықты қиындығы жоқ. Мұның үстіне жүз мың доллардан үлес алатын болғандықтан, тұтқындарды уәделі жерге аман-есен, қажытпай жеткізуге Альвец те көңіл аударуға тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий