Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кішкентай Джек әдетте анасымен бірге қыдырыстайтын. Бақ ішінде қызғылықты нәрселер бар-ды: биік өскен баобаб ағаштарының басында қураған бұтақтардан тоқып салған марабу99 ұялары көрінеді, бұл құстардың түрі қара фрак100 пен тырсылдап тұрған тар шалбар киген қасқа бас кәрі чиновниктен айнымайды. Ағаш бұтақтарында күрең түсті, арқа жүні қызғылт-қоңыр құртымдай ғана торғайлар қонып отыр. Бұлар ұя салуға шеберлігімен даңқы шыққан амарант тоқымашылары деп аталатын торғайлар еді. Шөп арасына шашылған дәнді теріп, шыбын-шіркей аулап секеңдеп жүрген жесір торғайлар да бар. Зор дауысты калао дейтін құстар үн қосқанда аспан әлемін жаңғырықтырады. Жергілікті халықтың «роус» деп атайтын қызыл құйрық тотылардың шаңқылдаған ащы дауыстары құлақты жарады. Бұтақтан бұтаққа секіріп, шыбын-шіркей қағып қоректенетін шырша торғай сияқты торғайлар да бар, бірақ олардың тұмсығы қызыл болады. Бұталардың басында ұйлығып ұшқан алуан түрлі көбелектер, әсіресе олардың көп жері фактория қоршауының ішінен ағып өтетін бұлақ маңы. Бенедикт, ағай үнемі солардың маңында болды, бірақ кішкентай Джек көбелектерден тез зерігіп кетті. Бала фактория қоршауының сыртына шыққысы келеді. Ол өзінің аса көңілді де тапқыр досы Дикті сағынып, оны көбірек ойлайтын болды. Екеуі «Пилигрим» мачтасына бірге шығатын-ды. О, егер Дик Сэнд осында болса, Джек екеуі ең биік баобабтың басына шығар еді-ау!

Бенедикт ағайдың маңында шыбын-шіркей болса болғаны, оған басқа ешнәрсенің керегі жоқ, көңілі көтеріңкі, мәз-мәйрам болады да жүреді. Ол фактория қоршауының ішінен құртымдай ғана бал арасы мен тоғышар сары ара тауып қатты қуанды. Жұмыртқасын басқа құстың ұясына тастап кететін көкек сияқты, тоғышар аралар да өз ұрығын басқа бір жәндіктің ұясына жапсыра салады екен. Ғалым бұл жәндіктерді мүмкіндігі болғанынша көзілдіріксіз, лупасыз қарап тексерді.

Фактория қоршауының ішінде, әсіресе бұлақ маңында ұсақ көк шыбындар көп еді. Бір күні әлгі шыбындар бейшара ғалымды есін тандыра талап тастапты. Оның өзін өзі шыбынға талатып адам танығысыз халге жеткеніне миссис Уэлдон ұрса бастап еді, ғалым өз денесін қаны шыққанша қасып тұрып:

— Қайтесің, немере қарындас, олардың ішкі сезімі сондай ғой. Көк шыбындардың бұл қылығына ренжуге болмайды,— деді ғалым.

Бір күні— 17 июньде — Бенедикт ағай дүние жүзіндегі энтомологтардың ішінде ең бақыттысы боп қала жаздады.

Бұл уақиға ойда жоқ істердің тууына себепші болғандықтан толығырақ әңгімелеу керек болар.

Сағат ертеңгі он бірдің шамасы еді. Ми қайната шыжым алған күн фактория адамдарын лашыққа қуып тықты. Казонде көшелерінде қыбыр еткен жан жоқ. Миссис Уэлдон тәтті ұйқыда жатқан бөбегінің қасында жалғыз отырған.

Тропиктік аңызақ тіптен Бенедикт ағайға да әсер етіп, ғалым әлсірейін деді, ол өзінің кезекті серуеніне де шыға алмады. Турасын айтқанда, бұл жолы ол амалсыздан шыға алмай қалған, бірақ шығуы керек еді. Өйткені, күн тас төбеге келіп шыжып тұрған кезде, шыбын-шіркейге ауа толып, әлем жүзі быжынап кетеді.

Бенедикт ағай лашығының ішінде бірсыпыра сенделіп жүрді де, төсегіне барып жата кетті. Бірақ ол ұйықтап кете қоймай, ұйқылы-ояу жатыр еді, бір кезде ғалымның құлағына біртүрлі ызың шалынғандай болды. Жәндіктің кәдімгі қанат қаққанда адамның төбе құйқасын шымырлататын ысыңы бұл.

— Жәндік! Алты аяқты! — Бенедикт ағай айқайлап жіберді.

Ғалымның ұйқысы шайдай ашылды. Сұлап жатқан жерінен дереу ұшып тұра келді. Ызыңдаған дыбыс бірер жәндіктің қанат қаққанынан шыққан ызың екенінде күмән жоқ.

Бенедикт ағай жақыннан ғана болмаса алыстан көре алмайтын-ды. Бірақ оның есту сезімі әдеттен тыс: жәндіктің қай түрі екенін ызыңынан айыра білетұғын. Дегенмен, бұл ызың Бенедикт ағайға таныс жәндіктің қанатынан шыққан ызың емес еді.

«Бұл алты аяқтының қай түрі болды екен?» —деді ол өзіне өзі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий