Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұнда атақты саяхатшыны қарсы алуға, Париж географиялық қоғамының сыйлығы, Лондон географиялық қоғамының үлкен медалі күтіп жатқан. Оның орнында басқа біреу болса, демалып тынығуға тұрарлық қызмет еттім ғой деп мардамсыр еді, бірақ Ливингстонның ойы басқада болды. 1858 жылы бірінші мартта ол тағы да Африкаға жол тартып, май айында Мозамбик жағалауына барып түсті. Ол зерттеу жұмысын Замбези бассейнінен бастауға ниеттеніп еді.

Бұл жолы Ливингстонға өзінің тумасы Чарльз, капитал Бединфилд, Тортон, Бейнс, доктор Кирк және Миллер ере шықты. Бірақ олардың бәріне бірдей өз отанына аман қайтуға нәсіп болмады.

«Ma-Роберт» деген шағын пароходпен зерттеушілер Ұлы өзенді өрлей жүзіп, сентябрьдің сегізі күні Тетеге келді. Жаңа экспедицияның алғашқы жылғы жұмысында мынадай елеулі уақиғалар болды: 1859 жылы январь айында Замбезидің төменгі жағы мен сол жағынан келіп құятын Шире деген бір тарауы зерттелді. Сол жылы апрель айында Шируа көліне барды. Манганья өлкесін зерттеп, Ньясса көлін тапты. 10 сентябрьде Виктория сарқырамасына қайта аттанды. 1861 жылдың март айында «Пионер» пароходымен Ровумды зерттеді. Сол жылы сентябрь айында Ньясса көліне қайта келді. 1862 жылы 30 январьда «Дети Ньясса» атты екінші пароходпен Дэвид Ливингстонның әйелі миссис Ливингстон келіп еріне қосылды. 27 апрельде миссис Ливингстон ерінің қолында қайтыс болды.

Сол жылы май айында Ливингстон Ровумды екінші рет зерттеуге талаптанды. Ноябрь айының ақырында Замбезиге қайта оралып, Шире өзенін жоғары өрледі. 1863 жылы апрель айында оның жолдасы Торнтон қайтыс болды. Ливингстон, ауырып мүлде жүдеген өзінің тумасы Чарльз бен доктор Киркті Европаға қайырып жіберді де, өзі 10 ноябрьде үшінші рет Ньясса көліне барды. Ондағы ойы ол көлдің географиялық жазуын бітіріп, өз жұмысын аяқтау еді. Арада үш ай өткесін Замбези сағасына қайта оралып, ол арадан Занзибарға жөнелді. Сөйтіп, 1864 жылы 10 июльде, арада бес жыл өткесін, Лондонға қайта оралды. Онда келіп еңбектерін баспаға өткізіп, оған «Замбезиді және оның тарауларын зерттеу» деп ат қойды.

1866 жылы 28 январьда Ливингстон Занзибарға тағы барып түсті. Оның бұл жаңа саяхаты есеп бойынша төртінші еді.

Ливингстон Занзибарға келгесін, құл саудасының елге орасан зор зиян тигізетінін өз көзімен көріп, сенуіне тура келді. Ол августың сегізінде Ньясса жағалауындағы Мокалаоске келді. Бұл жолы қасында бірнеше сипаиден98 құралған азғана эскорт негрлер ғана бар-ды. Алты жұмадан соң эскорттың көбісі қашып Занзибарға барды да, Ливингстон өлді деген лақап таратты.

Бірақ ержүрек саяхатшы бет алған сапарынан бұл жолы да қайтпады. Ол алдында тұрған белес-белес қиындықтарға қарамастан, Ньясса көлі мен Танзаньика өзенінің аралығында жатқан байтақ даланы зерттеу жұмысын жүргізе беруге бел байлады. 10 декабрьде бірнеше жергілікті жолбасшыларының жәрдемімен Лоангвэ өзенінен өтіп, 1867 жылы 2 апрельде Льеммба көліне жеткен жерде ауырып қалды. Ол бір ай бойы хал үстінде жатқан. Бірақ науқасынан құлан таза айықпай-ақ, 30 августа Маеро көліне жетті де, оның солтүстік жағалауын зерттеп, 21 ноябрьде Казембо қаласына келеді. Мұнда 40 күн тоқтап дем алады. Осы уақыттың ішінде Маеро көліне екі рет барып та үлгеріп еді.

Ливингстон Казембо қаласынан шығып солтүстікке қарай кетті. Ол Танганьика көлінің жағасындағы халқы көп ірі қыстақ Уджиджиге барғысы келген. Бірақ өзеннің тасқыны жол бермейтін болады. Жолбасшылары Ливингстонды тастап жайына кеткесін, саяхатшымыз Казембоға амалсыз қайта оралды. Мұнда да дәйек тұтып тұра алмай, оңтүстікке бет алуға асығыпты. Алты жұмадан соң, июньнің алтысы күні Бангвеоло көліне жетеді. Мұнда екі ай аялдап зерттеу жүргізген. 9 августа Танганьиканың солтүстігіне бару әрекетін қайта бастайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий