Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Миссис Уэлдон өзінің түрмешісі үшін «сауда жөнінде» бағалы болды. Ендеше, осы «бағалылық» оны бірнеше күнге әртүрлі жаңа қауіп-қатерден қорғауға тиіс. Егер осы уақыттың ішінде, мүмкін, өзінің Сан-Францискоға қайтуы үшін мистер Уэлдонның Казондеге келуін керек қылмайтын бірер жаңа жоба табылып қалар.

Джемс Уэлдон әйелінің хатын алған бойда, сапардың қаншама қиындығына қарамастан Африкаға қарай тартып тұратынына жас әйелдің күмәні жоқ-ты. Бірақ жүз мың доллар ақша Негороның қолына түскеннің соңында, оның әйелі мен баласын Бенедикт ағайды алып, ешқандай кедергісіз Казондеден кетуіне рұқсат етілетініне кім кепіл?

Американдарды Казондеде ұстап қалу үшін Муана королеваның аяқ астымен қырсықтана қалуының өзі-ақ жетіп жатыр.

Егер «товарды» өткізу мен оның бағасын төлеу ісі мұхит жағалауының бір жерінде жүргізілсе қайтер еді, осы дұрыс болмас па? Бұлай етілсе, қауіпті сапарға аттанып Африканың ішкі өлкелеріне барудан мистер Уэлдонды құтқарар еді, және ақша төленіп болған соң тұтқындағылар мына оңбағандардың қолынан ақиқат құтылуларына мүмкіндік болады.

Миссис Уэлдон осы жөнінде көп ойланды. Оның Негоро ұсынған шартты қабылдаудан үзілді-кесілді бас тарту себебі де осы еді. Ойлануға бір жеті мерзімді Негороның неліктен бергенін білді ол, өйткені жолға дайындалу үшін Негороға да бір жеті уақыт керек.

— Ол оңбаған Джекті менен бөліп әкетуге шынымен-ақ ниеттенді ме екен? — деп күбірледі миссис Уэлдон.

Осы сәтте Джек лашыққа кіріп келді. Анасы оны көтеріп алып құшырлана бауырына басты; оған, Негоро келіп баласын әкеткелі тұрғандай көрінген-ді.

— Мама, сен бірдеңеге ренжідің ғой? — деп сұрады бөбегі.

— Жоқ, қарашығым, жоқ! — деді анасы.— Сенің папаң есіме түсіп еді. Сен оны сағындың ба?

— Ие, мама, өте сағындым. Ол мұнда келе ме?

— Жоқ, жоқ, айта көрме, қарашығым!.. Келмейді...

— Ендеше оған өзіміз барамыз ба?

— Ие, ие, өзіміз барамыз...

— Дик те, Геркулес те, Том атай да бара ма?

— Ие... ие...

Миссис Уэлдон бөбегіне көз жасын көрсеткісі келмей теріс айналып төмен қарады.

— Сен папамнан хат алдың ба? — деп сұрады бала.

— Жоқ, қарашығым.

— Әлде оған өзін хат жазайын деп пе едің?

— Ие... мүмкін, жазармын,— деді анасы.

Джек мамасының жан жарасын тырнап алғанын байқаған жоқ. Бұл сауалды тоқтату үшін анасы бөбегін құшақтап сүйе берді.

Ойламаған жерден Негороның кедергісі жайына қалып, ерінің көмегінсіз-ақ құтылып кетермін деген үміт миссис Уэлдонға елестей қалғанын айта кетейік. Ол кездейсоқ, бірнеше ауыз сөз естіп үзілген үміті қайта жалғанғандай болды.

Бұдан бес күн бұрын миссис Уэлдон тұрған үйдің жанындағы бак ішінде Альвец пен уджиджилік метист екеуі әңгіме соғып отырған. Әңгіме тақырыбы, әрине өз кәсіптеpi — құл саудасы жайлы болды. Олар өз істерін және оның келешегі оңбайтын жаққа бет бұруы мүмкін екендігі жайлы сөйлесіп отыр.

Хозе-Антонио Альвец, ішкі Африкаға ғылыми зерттеу жүргізуге және оның географиялық жағдайларын ашуға келген көптеген саяхатшылар құл саудасының бостандығына орасан зор зиянын тигізеді деп шамалады. Оның бұл пікіріне әріптесі де түгелдей қосылды және келген ғалымдар мен саяхатшыларды оқпен қарсы алған жөн болар еді деп үстеді.

Бірсыпыра ғалымдар бұрын да осылай қабылдаған-ды.

Бірақ құрметті саудагерлердің сорына, әуесқой саяхатшыны өлтірісімен ізінше тағы әлденеше саяхатшылар келе берген. Альвецтің айтуынша, ол адамдар еліне барып, онсыз да беделі түскен құл саудасының сұмдығы туралы хабарды көптіре таратып, құл саудасына зиянын тигізбек.

Бұдан оның сөзін қостаумен қатар, әсіресе Няньгве, Уджиджи, Занзибар базарларында құл саудасының сәтті болмағанын айтты: Онда Спик, Грант, Ливингстон, Стенли — бірінің соңынан бірі барған еді. Мұны құл саудасына тікелей шабуыл десе болады. Ұзамай-ақ Англия мен Америка түгелдей көшіп барып Африканың ішкі өлкелеріне орналасатын болар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий