Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Альвец те әріптесінің пікірін қостап, батыс Африканың анағұрлым бақытты екенін айта келіп, бұл тыңшылар осы күнге дейін ол жақты көрмеген шығар. Дегенмен бұл індет батыс Африканы да қамти бастады. Әзірше Казондеге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ Кассанго мен Вихоға — Альвецтің факториясы онда да бар-ды — тікелей қауіп төніп тұр, — деп сөзін қорытты.

Құл саудагерінің қауіптенуі орынды еді. Біздің жазып отырғанымыздан бірнеше жыл кейін батыс Африканың зерттелмеген провинцияларының Камерон оңтүстігіне, Стенли солтүстігіне барғандығы мәлім, олар құл саудагерлерінің құлақ естімеген қаталдығы мен жексұрын кәсіпке кейбір европалық төрелердің де қамқорлық жасап сатылып жүргенін әшкерелеп еді.

Стенли мен Камеронның аты Альвецке болсын, уджиджилік метиске болсын, әзірше белгісіз еді. Олар бұл екеуін білмегенімен доктор Ливингстонның атын жақсы білетін-ді. Құл саудагерлері Ливингстонның атын атағанда, миссис Уэлдонның көңілінде зор қобалжу пайда болып, енді Негороның талабына көнбеуге бел байлады. Ливингстон өзінің эскорттарымен97 жуық арада Казондеге келіп қалуы ықтимал!

Бұл саяхатшы Африкаға орасан беделді адам, Ангола өкіметі оған жәрдем етуге міндетті еді. Мұны білген миссис Уэлдон Ливингстонның жәрдемі арқасында, Альвец пен Негороның қарсылығы жайына қалып, өз басына, жақын адамдарына да бостандық тиеді деп үміттенді.

Дэвид Ливингстон 1813 жылы 13 мартта туған, оның әкесі шаймен сауда ететін ұсақ саудагер болатын-ды. Дэвид Ливингстонның туған отаны Англия, Лэнарк графтығы, Блентайр деревнясы. Ливингстон Лондонның миссионерлік қоғамында аз уақыт қызмет еткеннен кейін, миссионер және дәрігер деген атақ алып, 1840 жылы Капштадқа келеді. Ол Оңтүстік Африка миссиясын басқарушы миссионер Моффатқа қосылуға тиіс болған.

Болашақ саяхатшы Капштадтан шығып бечуан руының жеріне қарай сапар шекті. Осы өлкені бірінші болып зерттеген ақ нәсілді адам Ливингстон болатын. Ол Куруманға қайтып келіп, Моффаттың қызына үйленеді де, 1843 жылы Маботс алқабына миссия негізін салады.

Арада төрт жыл өткен соң, Ливингстон Куруманның солтүстігіне таман 225 миль Бечуаналендегі Колобенгіге көшіп барған.

Ливингстон ол жерде екі жыл тұрып, 1849 жылы Колобенгден тағы кетеді, ол өзінің әйелін, үш баласын және екі досын — Осуэлл мен Мерриді бірге ала кетеді. Сол жылдың бірінші авгусында Нгами көлін ашып, Цуга өзенін төмен ағып Колобенгіге қайта оралды. Бұл саяхаттың кезінде Ливингстонның Нгами көлінің аржағындағы елді зерттеуіне жабайылардың дұшпандығы кедергі жасады.

Ол жаққа баруға ниеттенген екінші әрекеті де алғашқысы сияқты сәтсіздікке ұшырады. Оның есесіне үшінші әрекеті нәтижелі аяқталды. Бұдан соң Ливингстон солтүстікке жаңа саяхат жасау үшін барлық семьясымен өзінің досы Омуэлді ала шығып, Замбезидің бір саласы Хобе өзенін бойлай жүріп, камололдар руының жеріне дейін барды. Жол адам айтқысыз қиын болды. Азық-түлік пен тұщы судың кемтарлығынан Ливингстонның балалары өлім тырнағына іліне жаздады. Сонда да болса 1851 жылы июнь айының аяғында Замбези өзеніне жетеді.

Осы арада саяхатшымыз семьясын өз еліне — Англияға жөнелту үшін Капштадқа қайтып барған.

Ержүрек зерттеуші елдің алыс түкпіріне барып аса қауіпті жаңа саяхат жасауға ниеттенген еді, сондықтан өзінің жақын адамдарының өміріне қауіп төндіргісі келмеген-ді.

Жаңа саяхатының маршруты: Африканы оңтүстігінен түсіп батысқа қарай кесіп өту, Капштадтан шығып Сан-Паоло де-Лоандқа бару еді.

Ливингстон жергілікті халықтардың бірнешеуін ертіп 1852 жылы 3 июль күні жолға шықты. Куруманнан аттанып Калахари сахарасын бойлай жүріп, батысқа қарай тартты. Декабрьдің 31 күні Литубарубқа барып кірді. Ол бечуандар руының жерін Голланд отаршылдарының нәсілі жаулап мүлдем талқандалып қалған күйінде тапты. Ағылшындар басып алғанға дейін бұл отаршылдар Каплендте бұрыннан орын тепкен болатын-ды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий