Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бенедикт ағайға Хозе-Антонио Альвецтің факториясын түгел аралап кезуіне рұқсат берілді. Өйткені, оның қашу дегенді ойына да алмайтынын олар жақсы білетін-ді. Және факторияның айналасы биік қоршаулармен қоршаулы, ғалым-энтомолог мұндай биік қоршаудан, бәрібір, асып түсе де алмас еді. Қоршаудың ол шеті мен бұл шеті тұтас бір миль. Кең қоршаудың ішінде жайқалып тұрған көкпеңбек ағаштар, бұталар, әр жерде ағып жатқан бұлақтар да бар, жаппалар мен үйсымақтар да, барактар да бар-ды. Қысқасы, бұл ара шыбын-шіркей, жәндік іздеушілерге өте қолайлы. Бұл іске Бенедикт ағайдың өзі де бүтіндей беріліп кеткен-ді. Ұстап алған алты аяқты жәндіктерін көзілдіріксіз-ақ бар жігерін салып сығырая қарап тексеретін еді, ол бейшара жәндіктерге тесіле қараймын деп көр-соқыр боп қала жаздаған. Оның коллекциясы недәуір байып та қалған, мұның үстіне африкалық жәндіктер туралы күрделі еңбегін жалпы жобалап нұсқасын да жасап үлгірген-ді. Егер сәті түсіп тағы да жаңа бірер жәндік таба қалса, бұл табысына өзінің атын қойып, Бенедикт ағайымыз дүние жүзіндегі ең бақытты да даңқты адам болар еді-ау.

Фактория ауласын емін-еркін аралауына кішкентай Джекке де рұқсат етілді. Бірақ Джектің жасындағы жергілікті балалар жастасының көңілін аулап еліктіре алмады Джек анасынан ұзамайтын. Бөбегін анасы да жалғыз жібермейтін. Бала кездейсоқ бірдеңеге ұшырап қала ма деп қорқатұғын.

Джек соңғы кездерде әкесін көбірек айта беретін болды. Анасынан Нанды, Том қартты, өзінің досы Геркулесті, Батты, Актеон мен Остинді сұрайтын-ды. Динго мені мүлдем ұмытып кетті ғой деп ренжитін ол. Әсіресе Дикті көбірек жоқтайтын болды. Бөбегінің барлық сұрауына анасының қайтаратын жауабы біреу-ақ: кішкентайын бауырына қысып тек болғаны сүйе беретін-ді. Бөбегіне көз жасын көрсетпеу үшін адам айтқысыз жігер жұмсауы керек қой оған.

Куанза мен Казонде арасындағы жолда болсын, неміс Альвецтің факториясында болсын, өзіне нашар қарады деп миссис Уэлдонның ренжірліктей дәлелі жоқ-ты. Шамасы құл саудагері оған арнаған ескі ниетінен танбаған тәрізді.

Факторияда тек құл саудагерінің өзіне ғана қызмет ететін еріксіздер тұратын-ды. Басқа еріксіздер «товар» — заң есебінде барактарда болатын, құл алушылар оларды осы арадан әкететін-ді. Факториядағы қоймалар кезекте сатылатын кездеме, піл сүйектері тағы басқа заттарға лық тола. Альвец Африканың ішкі өлкелеріне кездемелер апарып, оны еріксіздерге айырбастайтын, ал піл сүйектерін Европаға жөнелтіп тұратын.

Факторияда азғантай ғана халық тұрушы еді. Миссис Уэлдон мен Бенедикт ағайға дербес лашық берілді. Олар асты бірге отырып ішетін болды. Бұларға ет, овощ, маниок, сорго тағы басқа жеміс беріп тоқ күтті.

Халима деген бір күңді миссис Уэлдонға дербес қызметші етіп қойды. Бұл әйел жас келіншекке үйір болып, шамасы келгенінше беріле қызмет етті. Тұтқындар Альвецтің басқа қызметкерлерімен мүлде ұшыраспады.

Факторияның ең үлкен үйінде тұратын құл саудагерінің өзін миссис Уэлдон анда-санда бір-ақ көріп қалатын-ды. Негоро факторияда тұрмайтын, оны миссис Уэлдон Казондеге келгелі көрген емес. Негороның көрінбеуі мүлде түсініксіз, бұл жағдай келіншекке алғашқыда таң көрініп, кейінірек күдікке айнала бастады.

«Оның көздеген мақсаты не? — деп сұрады келіншек өзінен өзі.— He күтіп жүр? Бізді Казондеге неге әкелді екен?»

Ибн-Хамистың керуені Казондеге келгенге дейінгі сегіз күн осы сияқты үрейлі мазасыз ойлармен өтті.

Миссис Уэлдон өз басының қам-қайғысы жетерлік болса да, ерінің де шегетін қайғы-қасіреті мен тартатын азабын жиі ойлайтын-ды.

Мистер Уэлдон да семьясының жағдайын білсе, қатты күйзелер еді. Ол әйелін «Пилигриммен» жолға шығады деп ойламаған болар. Оны «Трансокеан компаниясы» пароходтарының бірімен келеді деп шамаласа керек. Ол пароходтар Сан-Франциско портына әрқашан межелі мерзімінде келетұғын, бірақ бұл портқа келген пароходтармен миссис Уэлдон да, Бенедикт ағай да — оның күткен адамдарының бірде-бірі келмеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий