Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Муана королева белгі берісімен, Казонде жендеттері король әйелдерінің біреуін алып ұрып бауыздап та жіберді. Бұл қырғын қасаптың басталу белгісі еді. Елу күң аяусыз бауыздалып, қандары сарқырап шұңқырға құйылды. Құрбандықтардың ызалана зарлаған айқайы гуілдеген топқа сіңіп өшіп жатты.

Халықтың толқуы басыла бергенде, Муана королева тағы да белгі берді, сол сәтте жергілікті халықтың бәрі жабылып бөгетті бұза бастады. Жан түршігерлік қаталдықты соза түсу үшін бөгетті бірден құлатып жібермей суды ескі арнаға сыздықтап қана ағызды. Су алдымен шұңқыр түбінде жатқан күңдердің денесін басты. Олардың арасындағы әлі де болса тірі жатқан кейбіреулері суға тұншығып жатыр. Су Диктің тізесіне жеткен кезде, өзін бағанаға таңып қойған арқанды үзбек болып ақырғы күшін салып бұлқынды.

Су үздіксіз көтеріле берді. Ескі арна суға толған сайын күңдер де суға көміліп бірінен соң бірі жоғала берді.

Казонде королін құрметтеп көму салтанаты әлденеше адамның басын жұтып, ақырында өзен табанынан қазылған көрдің бірнеше минуттан соң ізі де қалмады.

Он үшінші тарау

ФАКТОРИЯ

Миссис Уэлдон мен Джекті өлді деп Гэррис те, Негоро да өтірік айтқан. Аналы-балалы екеуі де, Бенедикт ағай да аман-есен Казондеде еді. Термит илеуі тікелей шабуылмен алынған соң, жергілікті солдаттардан күзетші қойып, тұтқындарды Куанза жағалауынан көшіріп Казондеге жөнелткен-ді. Бұл кішкене отрядты Гэррис пен Негоро бастап кеткен.

Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті жабық зембілге отырғызып құлдарға көтертіп әкеткен-ді. Негоро қапелімде неліктен мұншама қамқорси қалды екен? Мұның мәнісіне миссис Уэлдон түсіне алмады.

Куанна мен Казонде арасындағы жол әдеттегіге қарағанда өте тез өтті. Бұл сапар тұтқындарды қажытпады да. Бенедикт ағай асқан желаяқтың өзі болып шықты. Үйткені, оның жол бойындағы бұта арасын тінтіп шыбын-шіркей іздеуіне ешкім тосқауыл болмап еді. Ол жарықтық өз тағдыры жайлы уайымдап ойланған да емес.

Кішкене отряд Казонде қаласына Ибн-Хамистың керуенінен сегіз күн бұрын жетті. Миссис Уэлдон мен кішкентай Джек, Бенедикт ағай үшеуін Альвецтің факториясына орналастырды.

Джектің денсаулығы да анағұрлым түзелді. Баланың безгек боп ауырған жерінен кетісімен-ақ безгегі қайталап ұстаған жоқ, аздап оңала бастап еді, енді мүлдем жазылып кетті.

Бұлар еріксіздер керуеніне еріп жаяу жүрсе, ондай қиын сапарға бөбегі де, анасы да төзе алмас еді. Бірақ жабық зембілмен жол жүру екеуіне де жайлы болды. Бұл сапарда олар тұтқындарына жайлы жағдайлар жасап, тіптен жақсы қарағандарын да айта кетуге болады.

Миссис Уэлдон өз жолдастарының хал-ахуалы жайлы ешбір хабарсыз қалды. Ол Геркулестің қайықтан секіріп түсіп орманға кіріп кеткенін көріп қалған, бірақ оның одан ары не болғанын білмейтін-ді. Гэррис пен Негоро керуенде болса, Дикке аяушылық етпес еді, бірақ ақ нәсілді адамды зәбірлеуге жабайылардың батылы бармас деген үмітпен өзін өзі жұбатқан болды. Әйтсе де төрт негр мен кәрі Нанның халі нашар болатынын жақсы білді, өйткені олар негр ғой, олармен ешкім санасып жатпайды. Бұл сорлылардың тағдыры жас әйелді қатты қынжылтты.

Ибн-Хамис керуенінің Казондеге келгенін миссис Уэлдон білген де жоқ.

Жәрмеңке ашылған күнгі сауданың қызғын айқай-шуын ол естіген болатын, бірақ оның мәнісін оған ешкім түсіндірмеген-ді. Ол Том бастаған негрлерді уджиджилік құл саудагерінің сатып алғанын да, оларды жуырда ғана Казондеден әкеткенін де білмейтұғын. Гэрристің өлгенінен де, Муани-Лунга корольдің қаза тапқанынан да, оны салтанатты түрде жерлегелі жатқанынан да, оған шалынатын құрбандықтың бірі етіп Дикті белгілегенінен де ешқандай хабарсыз еді. Елден оқшау қалған бейшара әйел құл саудагері мен Негороның бүтіндей билігінде болды. Жас әйелдің бұл залымдардан өліп құтылудың шарасын іздеуге де мүмкіндігі жоқ, өйткені оның өзімен бірге баласы бар ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий