Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ойпырмой,—деп Бенедикт ағай қуанғанынан есі шығып айқайлап жіберді, — күржік мантикораның өзі ғой мынау!

Ғалым қуанамын деп орасан зор қателік жасап алды. Бірден айқай салмай-ақ, ішінен ғана ойлап қойса да болар еді. Бірақ та энтомологтар арасындағы ең ынталы энтомологтан мұндай шыдамдылықты талап етуіміз артық болар. Егер өзіңіз энтомолог болсаңыз, ызыңдауықтар семьясына жататын қанат қабығы жалпақ күржік мантикора мұрныңыздың дәл ұшында отырса, қуанғаныңыздан айқайлап жібермей қайтіп қана шыдар едіңіз? Бұл тек қана Африкада өсіп-өнетін мантикоралардың, сирек кездесетін түрі ғой, Бенедикт ағай жинағының ішінде бұдан қадірлісі болмайды!

Мұндай ірі табыс кезінде айқайламағанда қайда айқайларсың?..

Бірақ қырсық деген жексұрын жалғыз келмейді екен. Бенедикт ағай айқайлап қана қойған жоқ, түшкіріп те жіберді. Айқай — мантикораның «құлағын» тұндырып, түшкірік — аяғын тайдырып жіберді. Ғалым дереу қолын көтеріп, саусақтарын тістене жұмды, қайтерсің, ол байғұс тек мұрнының ұшын ғана ұстап қалды. Мантикора ұшып кеткен!

— Қарғыс атсын! — деп ғалым тағы айқайлады.

Бірақ ендігі жерде ұшқалақтанбай, салмақты да салқын қанды бол деп ұрысты ғалым өзіне өзі.

Бенедикт ағай мантикораның ұзап ұшпайтынын, тек қана бір жерден бір жерге секіріп түскен сияқты жақынға ұшып қонатынын, кейде шарықтап та ұшатынын білетін-ді. Ол кешікпей-ақ мұрнынан он дюймдей жерде күн нұрымен жылтың қағып жорғалап бара жатқан қаралтым нүктені қайта көрді.

Енді мұны ұстау керек,—деді Бенедикт ағай өзіне өзі, — ұстаймын деп жаншып тастауға да болады. Жоқ, мен мұның соңынан еңбектеп ере берейін. Мұның мінезін табиғи түрінде тексеруім керек. Әбден тамашалайыншы өзін. Ұстау ешқайда қаша қоймас.

Бенедикт ағайдың пікірі дұрыс емес пе? Әрине бұл сұраққа жауап қайыра қою оңай емес. Не болса ол болсын, бірақ Бенедикт ағай мантикораның артынан мұрнымен жер сүзе еңбектеп ере берді. Ол лезде лашығынан шығып тал түстегі шақырайған күннің аптабымен қызған шөптің үстімен жорғалап фактория қоршауына қарай тіке тартты. Бірнеше минуттан соң қоршаудың іргесіне барып жетті.

Мантикора қайтер екен? Өзінің ізімен келе жатқан әуесқой ғалымды жайына қалдырып ауаға көтерілмесе, сосын қоршаудан асып кетпесе жарар еді-ау? Жоқ, ондай әдет мантикорада болмайды, Бенедикт ағай ызыңдауық қоңыздардың мінезін жақсы біледі.

Ол, қоршауды бойлай тез жылжып бара жатқан үлкен қоңырқай нүктеден көз айырмай қарап, кесіртке сияқты төртаяқтап жорғалай берді.

Қоршаудың дәл іргесінен қазған көртышқанның үлкен іні кездесіп, мантикораның жолын бөгеді. Бірақ бұл арада ызыңдауық ойланып тұрған да жоқ, қуысқа кіріп өз жөніне кете берді. Бенедикт ағай айрылып қалдым ба деп жаман састы. Бірақ энтомологтың бақытына қарай, көртышқан іні екі футтай кең көрінді. Өзі қатпа арық ғалым бұған қысылмай-ақ сыйып кете алатын түрі бар. Ол мантикораның соңынан ере інге кірді. Қуғынның қызығына түсіп тіптен фактория қоршауының астынан шығып бара жатқанын өзі де сезбей қалды. Көртышқан інінің бір аузы қорғанның сыртында екен. Жарты минуттан соң Бенедикт ағай факториядан далаға — бостандыққа шықты. Бірақ ғалым мұны ойына да алған жоқ: оның есі-дерті өзі еріп бара жатқан әдемі жәндікте болды.

Шамасы, мантикора жаяу жүруден жалықса керек, қанат қабығын жазып, жұқа қанатын жайды. Ғалым қорқайын деді, жәндікті бас салғалы қолын соза беріп еді, кенет ыз ете түссе болар ма! Сөйтіп мантикора ұшты да кетті.

Бенедикт ағайдың сондағы күйінгенін көрсеңіз! Бірақ мантикора ұзап ұша қоймапты. Ғалым ұшып тұра келіп, екі қолын алдына қарай созып, мантикораның соңынан жүгірді.

Мантикора ауада, ғалымның төбесінде ызыңдап айнала ұшып жүрген. Көзге ілінер-ілінбес құртымдай ғана қоңырқай нүкте оның көз алдында көлбеңдеді де жүрді. Бенедикт ағай жәндікті өзінің үрпек шашына қайта қонар деген үмітпен тұрған жерінде сілейді де қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий