Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Хавильдарлар араб немесе португал болатын. Бұл адамдардың еріксіздерге істеген қаталдығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олар еріксіздерді болмашы нәрсе үшін ұрып-соғып өлтіре қинайтын, таяқ көтере алмай ауырғандардың кейбіреулерін пышақпен жарып өлтіреді немесе атып тастайды, өйткені ондайлар енді сатуға жарамайды. Керуендегі тәртіп адам төзгісіз қатал еді.
Бұл сияқты ауыр жағдайдың нәтижесінде керуендегі «тірі товардың» мегзеген жерге жарымы ғана тірі жететін. Басқаларының сүйегі Африканың ішкі өлкелерінен Мұхит жағалауына баратын керуен жолында шашылып қалатын-ды.
Еріксіздер керуенін бастап жүрген құл саудагерінің европалық-португалиялық агенттерінің адамгершіліктен жұрдай болған ұсқынын тану қиын емес. Бұлар қоғамнан аласталып, елінен қуылған, каторгадан қашқан, ұры-қары азғындар болатын. Негоро мен Гэррис те осы азғындардың бірі еді. Бұл екеуі ірі құл саудагері Хозе-Антонио Альвецке қызмет ететін-ді, бұл жөнінде Камеронның талай-талай қызғылықты мәліметтері де бар.
Құл саудагерлері құл керуенін айдау үшін күзетші солдаттар жалдағанда, көпшілігін жергілікті халықтардан алады. Адам аулау кәсібі тек қана құл саудагерлерінің еншісіне тиген нәрсе емес. Жергілікті негр көсемдері де адам аулау мақсатымен іргелес ұруларға қырғын шабуыл жасайды. Жеңген жағы тұтқынға түскен әйел, еркектер мен балаларды құл саудагерлеріне әкеліп сатады. Олардың сондағы алатыны бірнеше метр шыт, бір уыс мылтық дәрісі, мылтық, қызыл-жасыл ала моншақ, ал ашаршылық жылдары адамды бір уыс жүгеріге де сатып жібереді деп жазыпты Линвингстон.
Альвецтің еріксіздер керуенін күзетіп жүрген отрядтың түрі африкалық жалдамалы армиядан айнымайтын. Бұлар ұзын ұңғылы білтелі мылтықпен қаруланған, жартылай жалаңаш, қарақшылар тобының жиынтығы еді. Күзет отрядының мұндай түрімен істес болу құл саудагерінің агенттеріне жеңіл соқпайтын-ды. Ол қарақшылар қашан да болса бұйрықты жүре тыңдап, онша құлақ аса қоймайтын. Олар демалыс пен жол жүру мерзімін өздері белгілейтін. Қит етсе, керуенді тастап жөнімізге кетеміз деп, ырыққа көнбеген қарыспа агенттерді оп-оңай жуасытып ала қоятын-ды.
Керуеннің ауыр жүктерін тұтқынға түскен еркек-әйелдердің өздері көтеріп жүреді. Сонда да болса құл саудагерлері бірнеше адам жүк көтерушілер жалдайды. Бұларды сенімді көріп, қымбат бағалы, әсіресе, піл сүйегі буылған тайларды көтертетін. Кейде екі кісілеп көтеруді керек қылатын піл тістерінің небір ірісі буылған тай жүктер де кездеседі.
Жағалаудағы факториялардан піл сүйектерін Хартум, Занзибар мен Наталь базарларына жөнелтіп тұрады. Жүк көтерушілердің еңбегін уәделі жерге жеткен соң ғана төлейді, оларға берілетін ақының сиқы, мақтадан тоқылған бірнеше метр мата немесе бір уыс қауыр (Африкадағы ұсақ ақша орнына жүретін металл), мылтық дәрісі, жіп, моншақ сияқты түкке тұрғысыз заттар, егер құл саудагерінің мұндай бағалы заттары болмаса, бұлдап сата алмайтын кейбір тұтқынын да бере салады.
Альвец керуеніндегі бес жүз еріксіздер қатарында егде тартқан еріксіздер тым аз еді. Әдетте қирап, өртеніп жатқан қыстаққа шабуыл жасаған кезде жасы қырықтан асқан еркектерді қырып тастайтын-ды. Өйткені базардағы өтімді «товар» жас, дені cay еріксіздер мен жас балалар еді. Мұндай қырғыннан кейін қыстақ адамдарының оннан бірі ғана тірі қалатын. Экваторлық Африкада тұтас бір өлкенің қаңырап иесіз қалу себебі осындай жан түршігерлік қырғынның нәтижесі.
Малша иірілген адамдар тобына қарауға жүзің шыдамайды! Еріксіздер жартылай жалаңаш, ағаш торқасынан дөрекі тоқылған сылымтырмен денесін жапқан болыпты Арқасындағы шыбыртқы айғыздаған жаралары іріңдеп кеткен әйелдер, терісі сүйегіне жабысқан арық, борбайы шидей, үсті басы қан-қан балалар, өз басын алып жүруге шамасы келмесе де баласын көтеріп сүйретілген бейшара аналар, мойындарында ағаш қамыт, мұнысы аз болғандай ауыр шынжыр белдерін басқан адамдар!