Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дик Сэнд басын төмен тартып алды. Бірақ ол термиттер қаласынан бірнеше жүз метр жерден жергілікті халықтардың лагерін көріп қалды.

Күмбез төңірегіндегі су басқан көлтабанда ұзын-ұзын пирогтар (қайықтар) жүзіп жүр. Олардың үстінде жергілікті халықтың солдаттары отыр. Жасөспірімнің басы күмбез төбесіндегі тесіктен қылт еткен кезде, оған оқ жаудырған осы қайықтағылардың біріндегі әскерлер болатын.

Дик Сэнд көрген-білгендерінің бәрін жолдастарына екі ауыз сөзбен айтып түсіндірді. Дик Сэнд, Геркулес, Актеон, Бат төртеуі мылтықтарын алып, тесіктен бастарын қылтитып қайықтағыларға оқ жаудырды.

Жергілікті солдаттардың бірнешеуі оққа ұшты. Бұлардың бір дүркін оғына олар да мылтық атып, улап-шулап жауап қайырды. Бірақ айнала төңіректен қамап алған жүздеген жауынгерлерге үркердей ғана аз адам қарсы тұрғанымен не бітірмекші?

Күмбез тікелей шабуылмен алынды. Жергілікті солдаттар миссис Уэлдонды баласымен қоса, Бенедикт ағайды ұстап алып қайықтарының біріне атып ұрды. Айрылысып бара жатқан жолдастарымен қол алысып қоштасуға да шамасын келтірмеді. Оларды мінгізген қайық лагерге қарай кетіп бара жатқанын Дик Сэнд көріп қалды.

Диктің өзін, Том қартты, Нанды тағы басқаларын және бір қайыққа мінгізіп басқа жаққа алып кетті.

Бұл қайықта жиырма жергілікті жауынгер бар-ды, тағы үлкен-үлкен бес қайық бұлардың соңынан келе жатты. Мұндай жағдайда қарсыласудың ақыры жамандыққа апарып ұрындыратыны анық, сонда да болса тұтқындар арпалыса берді. Олар жергілікті жауынгерлердің бірнешеуін жаралады, егер бұл адамдарды тірі жеткізілсін деген әмір болмаса, жауынгерлер қайсар жолаушыларды өлтіріп тастайтын еді.

Қайық бірнеше минутта құрғақ жерге жетті. Су жиегіне жетіп жерге тірелісімен, Геркулес өзін ұстап отырған екі солдатты итеріп жіберіп, қайықтан секіріп жерге түсті. Оған екі жауынгер тап беріп еді, алып негр бір солдаттың қолындағы мылтығын жұлып алып дүмімен қойып-қойып жібергенде екеуінің де бас сүйегі қақ айрылып сылқ ете түсті.

Бір минуттан соң Геркулес бұршақтай бораған оқтан аман құтылып, тоғайға кіріп ғайып болды.

Дикті жолдастарымен бірге жағаға шығарып, кәдімгі құл сияқтандырып кісендеп тастады...

Жетінші тарау

КУАНЗА ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬ

Термиттер қаласы тұрған ойпат су астында қалып, көлге айналған соң, маңайдағы жер адам танығысыз боп өзгеріп кеткен еді. Су басқан алапта тек бірнеше күмбездің төбесі ғана қылтиып көрінеді.

Түнімен сабалап жауған нөсер Куанза өзеніне құятын салалардың бәрін тасытып, өзеннің өзін де кемерінен шығарып жіберіпті.

Куанза — Анголадағы үлкен өзендердің бірі, бұл «Пилигрим» қираған жерден жүз миль шамасы қашықтан барып Атлант мұхитына құяды.

Диктің кеме жүзе алатын өзенді солтүстіктен іздеуі өте дұрыс еді. Отряд жағалап келе жатқан сала тіп-тіке барып Куанзаға құяды екен. Егер Дик Сэнд жергілікті халықтың қапыл шабуылына кезікпесе, термиттер қаласынан бір миль ұзамай-ақ сол өзенді табатыны сөзсіз. Отряд қиналмай-ақ сал жасап алып, сонымен өзенді төмен ағып сағадағы португал еліне аман-есен жетер еді. Ол араға пароходтар да жиі тоқталып өтеді және жолаушылар үшін қауіпсіз жер.

Бірақ тағдыр жолаушыларды көздеген мақсаттарына жеткізбеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий