Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Күні біткен құр сүлде мына сорлыларды, Линвингстонша айтқанда «қара ағаштан жасалған адам сүйектерін» көргенде, бұларға адам түгіл жыртқыш аңдар да аяушылық етер еді. Бірақ бұл көрініс хавильдар-арабтардың ойына да кіріп шығар емес. Камеронның сөзімен айтқанда, хавильдар-арабтар португалдардан да қатал еді.88
Қонып түстенген кезде болсын, жол үстінде болсын, тұтқындарды барынша қатал бақылап күзететін-ді. Дик Сэнд қашу дегенді ойламаса да болады екен деді өзіне өзі. Оның мазасын кетірген тек қана миссис Уэлдонның тағдыры. Жас әйелді нәрестесімен қоса тұтқынға алуда Негороның тікелей қатысы барлығы айдан анық. «Пилигрим» апат болған соң португалдың нендей мақсатпен отрядтан бөлініп кеткенін Дик Сэнд әлі күнге білген жоқ-ты. Бірақ қылмыстың нендей түрі болса да Негоро жиіркенбейді, оның
қолынан бәрі де келеді, миссис Уэлдонға төнетін қауіп-қатерді ойлап жасөспірім қатты қынжылды.
— «Әттегене-ай!— деп өкінді Дик Сэнд.— Ол оңбағандардың екеуін де атып тастауға мүмкіндігім бар еді, бекер-ақ атпаған екенмін!»
Мазасыз ойлар жас жігіттің жанын жегідей жеді. Миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің сүйенер ешкімі жоқ тұлдыр жетім баладай боп қорғанышсыз қалды. Бенедикт ағай оларға сүйеу бола алмайды. Ол өз қара басын аман алып жүрсе де жарағаны. Олардың үшеуін де Анголаның жырақ бір түкпіріне ендігі жөнелткен де болар. Бірақ ауру баланы жолда кім көтеріп жүреді!
«Анасы көтереді ғой,— деді Дик өзіне өзі,— анасы көтереді! Джекті анасы ғана көтеріп жүруге тиіс. Бейшара әйел нәрестесінің халі бітіп жығылғанша көтеріп жүреді... Күң сорлылар не істесе, о да соны істейді... Ақырында сол күңдер құсап о да жолда өледі. Әттегене-ай, бізді осыншалық қорлыққа салған жендеттермен көзбе-көз кездесер ме едім!».
Бірақ Диктің өзі де тұтқын. Африканың алыс түкпіріне айдалып бара жатқан «бір қора» адамдар тобының Дик те біpi болып кетіп бара жатыр. Тек миссис Уэлдон сорлыға Геркулес қана жәрдем ете алады.
Суға кеткен тал қармайды дегендей, Дик Сэнд осы сенімге жармасты. Ол Геркулестің сырына әбден қанық, оған сенуге болады. Геркулестің басы бос, алып негр жолдастарын құтқару үшін, әсіресе миссис Уэлдонды құтқару үшін адам баласының күші жетерлік істің бәрін де істейді, деді Дик өзіне өзі. Геркулес ендігі тұтқын әйелдің соңынан кеткен болар, амалын тауып жәрдемнің жуық екенін оған білдірген де шығар. Ол әлде алдымен Диктің өзін құтқарып, сосын екеулеп миссис Уэлдонды құтқаруды қарастыруы да ғажап емес!
Дик лездің арасында көз алдына мыналарды елестетті: Геркулес түн ішінде білінбей келіп еріксіздер керуеніне кіреді де құлдар тобына араласады. Күзетшілер оның бөтен адам екенін білмей қалады, өйткені басқа құлдар сияқты ол да қара, оны қараңғыда бірден тани қою қиын. Ол мінеки еңбектеп Дикке келеді де, шығарып алып орманға ертіп әкетеді... Енді екеуі де бостандықта!.. Миссис Уэлдонды құтқару үшін бұлар қолынан келгенін аямас еді-ау!
Сөйтіп, ол торығуды қойып енді үмітке көшті. Жас жігіт сарыуайымға салынбады, жігерлі жас күрессіз берілуді өз басына ар көрді. Ол ұтыры келіп қалған кішкентай ғана мүмкіндіктер болса да пайдаланып қалуға бел байлады.
Бәрінен бұрын еріксіздер керуенінің қайда бара жатқанын білу керек. Егер керуеннің барып тоқтайтын жері Ангола факториясы болса, оған жету үшін небары бірнеше күндік қана жол қалды. Бірақ керуен Экваторлық Африканың ішкі өлкелерін аралап келе жатса, онда әлде де болса бұлардың алдында бірнеше жүз миль жол бар. Құл базарының ең зоры Үлкен Көл өлкесіндегі Ньянгведе болатын.
Ньянгве - Африканы екіге бөліп тұрған меридианның нақ үстінде. Бірақ Куанза жағалауындағы лагерден Ньянгвеге дейін өте алыс, онда жету үшін бірнеше ай жол жүру керек.
Керуеннің қайда бара жатқанын білуге Диктің құмартуы тегін емес, өйткені Ньянгведе қашам дегенді ойға алудың да қажеттігі жоқ. Бұлардың қай-қайсысы болса да сәті түсіп қаша қалғанымен, Үлкен Көл өлкесі мен мұхит жағалауының арасында, мегзеген жерлеріне жете алмай, бәрібір жолда өлер еді.