Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Ыңырсып айтылған ән естілді. Бірақ ән салған қанаушылар емес, қаналушылар еді. Бұл әннің ішінен жендеттерге тігілген қаһар мен келешектің игілігіне балаша иланған үн естіледі.
«Сіздер мені құлдыққа айдап бара жатырсыздар, күш сіздер жақта. Бірақ мен жуырда өлемін. Өліп жатсам да, қайтып келіп сендерді өлтіремін!»
Сегізінші тарау
ДИК СЭНДТІҢ ЖАЗУ ДӘПТЕРІНЕН
Нөсерлі жаңбыр құйып өтті, бірақ аспан әлемі әлі ашылған жоқ, түнеріп тұр. Экваторлық Африкада «мазика» деп аталатын жылдың жаңбырлы маусымының екінші кезеңі апрель айында басталады. Бұл кезде жауған жаңбыр екі жетіге, кейде тіптен үш жетіге созылып, көбінесе түнде жауады. Еріксіздер керуені үшін бұл да қосымша ауыр жағдай болды.
Керуен таңертеңгі бұлыңғыр тұманға араласа көшіп, Куанза өзенінен алыстап, тіп-тіке шығысқа қарай тартты.
Керуеннің алдында елу солдат, шамалысы екі жақ қанатта, ендігі қалған елу солдат артта келе жатыр. Мұндай жағдайда қол-аяғы бұғаудан бос адамның да қашып құтыла қоюы екі талай. Еріксіздер қатары араласып кетті. Әйелдер, ересектер, үлкен кісілер мен жас балалар араласа жүрді, ал айдаушылар еріксіздерді ұрып соғуға ерінер емес, шыбыртқымен жондап тықсыра түсті. Топ ішінде емшектегі баласын қолына көтерген бірнеше әйелдер бар-ды. Олардың кей біреулері әбден болдырып титығы жеткендіктен, бұдан былай бөбегін көтеріп жүруге дәрмені жетпей, жалаңаяқ, жалаңбас нәрестесін сүйрелеп келе жатты.
Керуенбасы араб, Диктің хавильдарлармен соқтығысып қалған кезіндегі ара түскен кешегі Ибн-Хамис өзінің малша айдап келе жатқан адамдарын барынша қырағы бақылап жүрді. Ол керуеннің біресе алдына шығып, біресе соңына түсті. Жүк көтерушілердің көрген азабы Ибн-Хамистің де, оның жәрдемшілерінің де ойларына да кіріп шығар емес, бірақ бұлар «өз адамдарының» жағдайымен санаспай тұра алмайтын-ды: солдаттар біресе азығымызды көбейт деп, біресе көбірек кідіріп дем алуды талап етіп өнебойы лаң шығара берді. Осы жағдайлардың арқасында жиі-жиі жанжалдар болып тұрды. Хавильдарлар ашуының өшін сорлаған еріксіздерден алатын. Солдаттар мен жүк көтерушілердің хавильдарларға деген наразылығы, қаһарын тігіп сөгіп балағаттауы, азап көріп қиналған еріксіз бейшаралардың бақырып шыңғырғаны бүкіл жол бойында бір сәт тынбайтын-ды. Керуеннің соңында жүрген адамдар алдағылардың қанымен боялған жерді басып келе жатты.
Сөйтіп, Дик Сэнд өзінің негр жолдастарымен тілдесе алмай қалды, өйткені оларға ерекше күзетші қойылған және өздері керуеннің алдыңғы қатарында келе жатыр. Оларды екеу-екеуден ағаш бұғаумен мойындарынан қосақтап қойған, жан-жағына мойын бұрып қарауларына ешқандай мүмкіндік жоқ, бірінің соңынан бірі шұбырып барады.
Айдаушылардың шыбыртқысынан бұлардың жон терілеpi айғыз-айғыз болып тілініп қалған, басқа еріксіздердің де арқалары дәл осындай.
Бат әкесімен қосақталып керуеннің алдыңғы қатарында келе жатыр, ол ағаш бұғауды оқыс итеріп қалып әкесінің бір жерін ауыртып алмайын деп аяғын абайлап басады. Хавильдарға даусы естілместей қашықтаған кезде ауық-ауық сыбырлап қарттың көңілін аулап дем беруге тырысатын. Әкесінің шаршағанын сезсе, жүрісін баяулата түсетін-ді. Бейшара баланың артына бұрылып әкесінің бетіне қарауға да мүмкіндігі жоқ. Том қарттың баласы көз алдында, оған бұл да жұбаныш еді, бірақ қарттың бұл жұбанышын жиі-жиі қайғы шайып кететін-ді: айдаушылардың шыбыртқысы баласының арқасын осып талаураған із қалдырғанын көргенде, Томның іші удай ашып, бұл таңбаның өз арқама түскені жақсы еді,— деп зарланатын-ды қарт негр.
Бұлардан бірнеше қадам кейін Актеон мен Остин келе жатыр. Олар да аталы-балалы екеуі сияқты мойындарынан қосақтаулы, олардың көрген азабын бұлар да көрді. Олар Геркулестің өмірін арман етті, мына құлазып жатқан жер оған қаншама қатерлі болғанымен, ол өз өмірін қорғау үшін күресе алады және бостандықта жүр!