Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

1-6 май. Біздер батпағы құрғамаған, әлі қақ ұялап жатқан көгалмен бірнеше күн ұдайы жүрдік. Айналаның бәрі қаптаған су, кей жерлердің суы белуардан келеді... Мыңдаған сүлік денеңе жабысып қаныңды судай ағызады. Сонда да болса жүру керек. Судан қылтиып тұрған кейбір шөкелектерге папирустар өскен. Жапырағы капуста сияқты ірі батпаққа өскен бір түрлі су өсімдіктері бар. Адамдар оның тамырына аяқтары оралып жығыла берді. Аяқ алып жүру өте қиын, қонып түстенерлік құрғақ жер табылмай қалатын уақыттар жиі кездеседі. Айнала төңіректегі көз жетерлік жазықтың бәрін су басып кеткен. Қараңғы болса да жүру керек. Бұл азаптың ақырына қашан жетер екенбіз? Адамдар жығылады да, аяғын тік басып қайта тұрады. Heге? Су түбінде бірнеше секунд болса жетіп жатыр, азаптан біржолата құтылар еді ғой!... Ал миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің халі нешік? Оларды тастап кетуге менің хақым жоқ еді ғой. Мен азаптың қандайы болса да шыдаймын. Бұл менің ардақты борышым!

Бұл жан түршігерлік неткен дауыс!

Солдаттар шайырлы ағаштарды сындырып от жақты. От жарығы қараңғыда адамдарды күңгірт көрсетті.

Жаңағы жан түршіктірген айқайдың мәнісі былай екен: керуенге крокодил шауыпты. Үрейлі айдаһарлардың он-он бесі қараңғыны жарып шыға келіпті де, бірнеше бала мен әйелді тістеп алып суға қарай сүйрей жөнеліпті. Крокодил өзімді қағып өткенде қабыршағы аяғымның терісін сыдырып кетті. Бірақ менің қасымдағы қосақтаулы екі баланың мойнындағы ағаш бұғауын ортасынан қақ бөліп біреуін жұлып әкетті. Бейшара баланың бақырғанын көрсең! Оның шыңғырғанынан жаным түршікті. Сорлы баланың сондағы үні әлі күнге құлағымнан кетер емес...

7—8 май. Өткен күнгі шығын есепке алынғанда, жиырма адам кем шықты. Таң атысымен Томды және басқа жолдас негрлерімді іздеп айналама көз жүгірттім. Олардың амандығын білсем маған қандай зop қуаныш болар еді-ау! Бірақ мұның несі қуаныш? Азап біткеннің бәрінен біржолата құтыла салу анағұрлым артық емес пе?

Том қарт керуеннің алдыңғы қатарында бара жатыр. Жолдың бұрыла берісінде қарт негр мойнындағы ағаш бұғауды қолымен көтеріп бір сәт артына қарауға мүмкіндік тапты. Осы сәтте бірімізді біріміз көріп қалдық. Кәрі Нанды көзіммен бекер іздеппін. Ол байғұс өткен түні-ақ тыншайған шығар?..

Ақырында су қаптаған жазықты да артқа салдық. Біздер ұдайы жиырма төрт сағат суда жүрдік. Лагерь енді қырқаға шығып тоқтады, су болған киімдерімізді күнге жайып кептірдік. Азын-аулақ ас ішіп жүрек жалғаған болдық. Соншама ұзақ та азапты жолдан кейін ішкен асымыздың түрі мынадай: бірнеше түйір майыс, бір уыс маниок ұны бар болғаны осы-ақ. Осы сияқты жарытымсыз ауқатпен жан сақтап жол жүріп көр! Су болса лай әрі лас. Әбден қалжырап дымы құрыған мына құры сүлде сорлылардың аяқтарын тік басып жүруге қаншасының шамасы келер екен?

Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті бұл сияқты азапты сапарға зорлап айдауы мүмкін емес! Жоқ, оларды Казондеге басқа жолмен әкеткен болар. Бейшара ана мұндай азапты көтере алмайды ғой!

Керуеннің бірнеше адамы «желшешек» болып ауырды. Аурулардың өздігінен жүруге шамасы жоқ. Оларды қайтер екен? Шынымен-ақ жолға тастап кете ме?

9-май. Ерте тұрып жолға шықтық. Жұртта қалғандар көрінбейді. Ауырғандар мен әлсіреген адамдарды хавильдарлар шыбыртқылап тұрғызды. Құл дегендер адам емес — жанды товар, сылдырап тұрған ақша. Қаны әбден суып, денесінде тіршіліктің нышаны біткенше хавильдарлар шыбыртқылап айдай береді.

Жан-жағымның бәрі өңшең ғана жанды сүлде. Тіптен олардың үн шығарып ыңқылдауға да шамасы жоқ.

Ақырында кәрі Нанды да көрдім. Ол бейшараға қараудың өзі аянышты! Кешегі көтеріп келе жатқан баласы да, өзімен бірге қосақтаулы әйел де жоқ, Нан енді жалғыз келе жатыр. Оған ағаш бұғаусыз жүру оншалықты қиын емес. Бірақ беліндегі шынжыры әлі сүйретіліп жүр. Шынжырдың бос ұшын иығынан асыра салыпты.

Қапысын тауып кемпірге жақындадым. Бұған не болған? Мені танымай ма? Шынымен-ақ адам танымастай өзгеріп кеткемін бе?

— Нан!—деп дауыстадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий