Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сіз Диксіз бе? Мен... Мен... кешікпей-ақ. ана дүниеге...

— Жоқ, жоқ... мойымаңыз, шыдаңыз,— дедім.

Бейшара кемпір әбден жүдеп әлсіреген, тіптен түрінен кісі қорқарлық.

— Мен көп ұзамай өлетінімді білемін... Мен енді қайтып өзімнің қадірлі ием — миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті көре алмаспын... Жәрдем ете гөр маған...

Кемпірді сүйемелдейін дедім, қомыт киімінің ішінде әлсіз дене қалтырап тұр. Егер мені оған қосақтаса, ренжімей-ақ, қайта қуанар едім, өйткені оның жанындағы «товар» қаза тапқан соң, Нанның жалғыз өзі көтеріп келе жатқан ауыр шынжырдың жарым салмағы маған ауар еді.

Бірақ бір қажырлы қол мені шетке қарай итеріп жіберді де, Нан сорлыны шыбыртқының астына алып қайтадан еріксіздер қатарына тықты. Өзіме қол көтеріп зәбір көрсеткен хавильдарға бас салуға ыңғайландым, бірақ қайдан майда бола қалғанын өзім де білмей қалдым, Ибн-Хамис тап бола кетті. Ләм деп тіл қатпастан қолымнан ұстап, керуен адамдарының бәрі тегіс өтіп болғанша тұрды да қойды. Сосын мені керуеннің соңындағы өзімнің бұрынғы орныма қайта тұрғызды да:

— Негоро!—деді.

Негоро? Менің сорлаған жолдастарыма көрсеткен қорлықты маған да көрсетпей, мені өзгеше ұстауы, Негороның талабы екен ғой!

Ол оңбаған португал маған не дайындап қойды екен?

10-май. Өртеніп жатқан бір қыстақты жанай өттік. Онда түтіні будақтай аспанға көтеріліп талай-талай лашықтар жанып жатыр. Ағаш бұтақтарына адам өліктері асулы тұр. Қыстақ халқы қашып кеткен. Eгіс даласы қаңырап жатыр. Қыстақ шапқыншылыққа ұшыраған. Қыстақтың екі жүз адамы қаза тауыпты, бірақ құл саудагерлері оншақты адамын тұтқынға алған көрінеді...

Күн кешке айналып, керуен қонуға тоқтады. Лагерь ірі ағаштардың арасына орналасты. Орман шеті тырбық өскен. Бұтамен, биік-биік шөптермен көмкерілген.

Кеше түнде ағаш бұғауларын сындырып бірнеше тұтқын қашып кеткен еді. Қашқындарды ұстап әкеліп адам айтқысыз қаталдықпен жазалады. Бүгін хавильдарлар да, солдаттар да өте қатал күзетіп тұр.

Күн кешке тартты. Айнала төңіректе арыстандар ақырып, қорқау қасқырлар ұлиды. Арырақта гиппопотамдардың ысылдап-пысылдағандары естіледі.

Шамасы, ол жақта көл немесе бірер өзен бар. Өлердей боп шаршасам да ұйықтай алмадым. Биік шөптердің арасымен әлде не жылжып келе жатқан тәрізді. Сірә жыртқыш аңдардың бірі болар. Ол оңбаған лагерге шабайын дегені ме?

Құлағымды сыбдырға қарай түріп тыңдап жатырмын. Түк те жоқ. Енді қамыстан өтіп бір хайуан келе жатыр. Менде қару жоқ, бірақ қорғануым керек! Аттан салайын.

Менің тіршілігім миссис Уэлдон мен өзімнің жолдастарыма қажет қой!

Қараңғы түнекке көзімді тігіп қарап жатырмын. Бүгінгі түн айсыз, тастай қараңғы. Бір кезде папирус арасынан екі шырақ жылт ете қалды, бұл қабыланның немесе қорқау қасқырдың көзі. Әлгі шырақ бір кезде көрінбей кетті... Қайта көрінді.

Шөп қайта сыбдырлады. Бүл жабайы жыртқыш маған бас салады ғой. Аттан салайын дедім.

Сәті түскенін қараңызшы, өзімді өзім тоқтата қойдым.

Өз көзіме өзім сенбедім! Қасыма Динго келіп тұр! Meнің қасымда тұрған кәдімгі өзіміздің Динго! Сүйкімді Динго! Ол мені қалай тапты екен? Оны бастап маған келтірген нендей күшті сезім. Жоқ, мұндай кереметті басқаруға бір ғана ішкі сезімнің шамасы келмейді... Динго менің қолымды жалады. О, сүйкімді төбет, менің бірден-бір досым сенсің ғой! Демек, ана залымдар сені өлтіре алмаған екен!

Дингоның басын сипадым. Төбет арс ете қалғалы тұр, бірақ мен оның басын сипап алдарқатып қойдым. Иттің мұнда келгенін ешкім білмеуі керек. Жаман айтпай, жақсы жоқ, мүмкін... Ау, Динго менің қолыма мойнын неге үйкей береді? Маған: «мынаны қарашы!» деп тұрған тәрізді ол. Мен оның мойнын сипалап, қарғыбауына байланған бір зат барын байқадым... Қарасам, әлгі зат қарғыбауының доғасына өткізілген бір жіңішке ғана қамыс екен, қамысқа ойып жазылған «С», «В» деген екі жұмбақты әріп бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий