Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

16—24 май. Дымым құрып жығылудың аз-ақ алдында келе жатырмын, бірақ босаңдыққа ерік бермеуім керек. Мен жетем деген жеріме жетіп жығылуға тиіспін. Жаңбыр басылып күн шайдай ашылып кетті. Шыжып тұрған ыссыда жүру күннен күнге қиындай берді. Айдаушылар үсті-үстіме шыбыртқы салып, жол тіп-тіке өрге қарай тырмысып бара жатыр.

Кеше биік те қатты шөп өскен жермен жүрген едік. Шөптің сабағы бетімді тырнап, дәнді тікенектері үстімдегі қомытымнан өтіп денеме қадалғанда жанымды қоярға жер таппадым.

Бір жақсы жері, менің көн етігім мықты, тозатын емес.

Хавильдарлар, ауырып, әлсіреген нашар адамдарды керуеннен бөліп қалдыра бастады: өйткені адамдарға азық жетпеу қаупі төнген. Егер солдаттар мен жүк көтерушілердің үлесті азығы азайтылып еріксіздерге беретін болса, олар жанжалдың зорын шығарады. Керуенбасылар жетіспей қалған азықтың есесін еріксіздердің есебіне жатқызатын-ды.

— Мейлі, бірінің етін бірі жесін! — дейтін керуенбасылар.

Дені сау жап-жас кейбір еріксіздер жүріп келе жатып бірден жығыла кетеді де, табанда жан тапсырады. Мұндай жағдайды Ливингстонның да жазғаны есімде бар-ды. «Ол сорлылар,—деп жазып кеткен Ливингстон,—қапелімде жүрегім ауырып бара жатыр дейтін. Жүрегін қолымен басып жығылады да өледі. Мен оларды жүрегі жарылып өлетін болар деп шамалаймын. Бұл сияқты қапыл өлімді еркін жүріп, сосын бірден құлдыққа айналған адамдардан көбірек көрдім. Олар тағдырдың мұндай сұмдық азабына көндікпеген адамдар».

Бүгін хавильдарлар әлсіреп керуенге ере алмаған еріксіздердің жиырма шақтысын балтамен шауып тастады. Ибн-Хамис мына қасапты өз көзімен көріп тұрса да, оған тыйым салып, тіл қатпады. Бұл барып тұрған сұмдық, жан түршігерлік көрініс қой!

Бас сүйегі қақ айрылып кәрі Нан да жығылып қалды. Мен оның өлі денесіне сүрініп жығылдым. Тіптен марқұмды жерлей де алмадым.

Бұл кәрі кемпір апатқа ұшыраған «Пилигрим» жолаушыларынан шыққан алғашқы шығын.

Ой, бейшара Нан!..

Түн болса Дингоны күтетін болдым. Бірақ жанашыр төбет енді қайтып оралмады. Ол тағы бір бәлеге ұшырамады ма екен? Мүмкін, Геркулес бір қатерге кездесіп қалған болар? Жоқ... жоқ! Бұған менің иланғым келмейді! Геркулестің хабарласпау себебі: оның білдіретін жаңалық хабары жоқ шығар. Бұған қосымша, ол өте сақ жүруі керек, нәтижесіз тәуекелге көз жұмып ұмтылуға болмайды...»

Тоғызыншы тарау

КАЗОНДЕ

Майдың жиырма алтысы күні құлдар керуені Казонде қаласына жетіп тоқтады. Тұтқынға алынып құлдыққа сатылатындардың тең жарымы жолда қырылған-ды. Сонда да болса құл саудагерлері көп пайда табамыз деген зор үмітпен келді: құл алушылар әлі азайған жоқ-ты, Африка базарларында құлдың бағасы көтеріңкі еді.

Ол кезде негр саудасының ең зорын Ангола жүргізіп жатқан. Португалияның Сан-Паоло де-Лоанд пен Бенгуэлладағы жергілікті үкіметтері қырсыз, босаң болғандықтан еріксіздер керуені материктің ішкі өлкелеріндегі ит мұрны өткісіз қалың ормандары арасымен жөнелтіліп жатты.

Жағалаудағы барактар қара тұтқындарға лық тола. Африка жағалауын күзетіп жүрген Португалия кемелеріне соқпай аман өтіп жүрген еріксіздер тиелген кемелердің шағын тобы Испания отарларына жөнелтуге арналған «қара товарлардың» бәрін түгел әкетуге мүмкіндігі жоқ-ты.

Куанза өзенінің сағасынан үш жүз миль қашықтағы Казонде қаласы Анголадағы негр құлдар сатылатын ең ірі базарлардың бірі болып саналады. Әдетте адам сату мен сатып алу ісі қаланың бас алаңында жүргізілетін. Бұл арада «товар көрмесі» бар. Үлкен Көлге жөнелтілетін керуені де сонда жасақталып, сол жерден аттанады.

Орталық Африканың басқа қалалары сияқты Казонде қаласы да екі бөлімге бөлінген. Қаланың сауда бөлімінде жергілікті халық, арабтар мен португал саудагерлерінің үйлері бар, еріксіздер барактары да сонда, екінші бөлімінде жергілікті халықтың патша сарайы орналасқан. Бұл патша қанішер қаталдықтың, ұрып-соғудың күшімен өкімін жүргізіп, құл саудагерлерінен түскен түсіммен күн көруші тұрған маскүнемнің өзі болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий