Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн
-
Название:Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:173
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…
Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги
Альвецтің өзіне лейтенант Камерон 1874 жылы Килвибода кездескен. Камерон соның керуеніне ілесіп Вихоға дейін жеті жүз мильден астам жол жүріпті.
Қазіргі келген керуенде небары екі жүз елудей-ақ құл бар. Әбден әлсіреп аяқ басып тұруға әрең шамасы келетін шала өлікке ұқсаған тұтқындарды Казонде көшесімен малша айдап әкеліп ит байласа тұрғысыз баракқа қамай салды. Мың жарым шамасындай құлдар барактарда жәрмеңке күтіп жатыр. Жәрмеңке енді екі күннен соң ашылуға тиіс.
Бұрынғылардың үстіне жаңадан адамдар қосылып барак адам айналғысыз тығыздалып кетті. Жаңа келгендердің мойнындағы ағаш бұғауларын алып қойды, бірақ шынжырдан босатқан жоқ. Жүк көтерушілер алаңға тоқтап,әкелген жүктерін жерге үйді де, еңбек ақыларына бірнеше метр шыт немесе басқа түрлі заттар алып, тағы да жалдану үшін басқа бір керуен іздеп кетті.
Баракқа келген соң Том қарт пен оның жолдастары бес жұма бойы азапқа салған мойындарындағы ағаш бұғаудай құтылды. Бат ақырында әкесін құшақтап аймалай бастады. Еріктерінен айырылған сорлылар қол алысып көрісті де. Бірнеше ауыз сөз айтып тіл қатысып үндерін өшірді. Бұлар басқа не шаруа жайлы сөйлессін? Тағдырына назаланып зарлануы керек пе? Бат, Актеон мен Остин денелері ауыр еңбекке көндігіп қалған жас адамдар ғой, олардың жол азабы қажыта алмады. Бірақ Том қарт әбден әлсірей халден тайған. Егер керуен тағы бір-екі күн жолда жүрсе, Нанның өлігі сияқтанып Том да жолда қалар еді...
Төртеуін де айдап апарып бір кішкене сарайға қамады да есігіне құлып салып сыртынан бекітті.
Тұтқындар жарытымсыз аспен жүректерін жалғады құл саудагерлерінің бастығын күтіп жата берді. Альвец бұлардың американ азаматтары екендігін білген соң, өздерін босатады деп балаша иланды бұлар.
Дикті алаңда жалғыз қалдырып оған хавильдардан күзетші қойды.
Дик Сэнд ақырында Казондеге де жетті! Ол миссис Уэлдонды, кішкентай Джекті, Бенедикт ағайды әлдеқашан осында деп шамалаған. Оларды өздері жүріп өткен көшелердің екі бетіндегі базар алаңдарына, аула қақпаларына көзін қадап іздеумен болды.
Бірақ миссис Уэлдон еш жерден көрінбеді.
«Шынымен-ақ оны Казондеге әкелмегені ме? — деп сұрады Дик өзінен өзі.— Мұнда жоқ болса, ол қайда болады? Жоқ, Геркулес қателесуге тиіс емес! Гэррис пен Негороның жобасы қандай, бұл жағы маған мәлім емес, бірақ бұл қаніпезерлердің оны осында әкелгендігіне сенімім кәміл. Дегенмен ол оңбағандардың мұнда өздері де көрінбейді ғой...»
Диктің тұла бойын қорқыныш билеп әкетті. Миссис Уэлдонды қамауда ұстаған болды, оны Диктің көре алмау себебі де осыдан. Бірақ Гэррис қайда, Негоро қайда? Енді біздің күллі тағдырымыз сол екеуінің қолында ғой, олар, әсіресе португал жас капитанмен жүздесуді кейінге қалдырып, істі кешіктірмес еді. Жоқ, олар өздерінің жеңісін мақтаныш етіп Дикті қорлап мазақтау үшін, азаптап, ақырында одан кек алу үшін осы сәтте-ақ келіп жетулері керек еді. Бұлар неғып көрінбейді? Шынымен-ақ олардың Казондеде жоқ болғаны ма? Олай болса миссис Уэлдон да Казондеде емес, Орталық Африканың басқа бірер пунктінде болғаны ғой?
Геркулестің хатын әкеліп тапсырғаннан бері Динго да қатынаспай кетті. Сөйтіп Диктің дайындап қойған жауап хаты да тиісті адамына тапсырылмайтын болды. Дик Сэнд бұл хатта миссис Уэлдонды бақылап жүр, адасып қалма деп Геркулеске әдейілеп тапсырған-ды.
Динго бір кезде лагерге кіріп еді ғой, Геркулес оны екінші қайтара неге жұмсамайды? Бірақ, мүмкін, сенімді төбет оның тапсырмасын орындаймын деп жүріп өзі құрыған болар? Немесе миссис Уэлдонды жырақтағы орманды қырқалардың алыс түкпіріне әкеткен шығар, Геркулес те, Динго да соның соңынан кеткен болар?
Осы сияқты әбігерлі болжалдар. Диктің ойынан шықпай-ақ қойды.
Егер миссис Уэлдонның өзі де, оны әкелушілердің де бұл қалада жоқ екендігі анық болса, не істеу керек?
Дик Сэнд миссис Уэлдонды қайткенде де Казондеден кездестіремін деп үміттенген еді, енді ол үміті жоққа шыққалы тұр.