Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    5 (1 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ Дик Сэнд кешікпей-ақ білгісі келген мәліметті біліп тынды. Ол керуенбасылардың өзара сөйлескен бұралқы тілдеріне түсіне алмады, олар африкан тілдерінің бірімен будандас араб тілінде сөйлесетін, әйтсе де керуенбасылардың жергілікті еріксіздер базарының бірін жиі-жиі айта бергенін байқады. Әңгіме Казонде туралы еді, бұл жер Анголадағы құлдар базарының орталығы болатын, жас жігіт мұны анық түсінді. Айдалып келе жатқан барлық тұтқындардың тағдыры Казондеде шешіледі екен деп шамалады Дик, жас жігіт бұл жөнде қателеспеді.

Лоанд пен Казонденің арасы төрт жүз мильден аспайтыны Диктің есінде бар-ды, өйткені жас жігіт географияны барынша жақсы білетұғын. Ендеше Куанзадағы лагерден орталық құлдар базары екі жүз елу мильден аспаса керек. Жайшылықта мұндай жолды он, он екі күнде алуға болады. Бірақ еріксіздер керуені ұзақ жолда жүріп әбден қажып болдырған еді, Дик Сэнд осы жағдайды ескеріп, Казондеге жету үшін кем дегенде үш жеті уақыт керек деп есептеді.

Дик Сэнд өзінің бұл мөлшерлеуі жөнінде Том қартпен және басқа жолдастарымен пікір алысқысы келді. Жан құтылмас Экваторлық Африкаға құлдар керуенінің бармайтынын білсе ол сорлылар қандай қуанар еді. Бірақ бұл жақсылық хабарды оларға қалай жеткізуге болады?

Тұтқынға алынған төрт негр лагердің оң жақ қанатында еді. Олар екеу-екеуден, Актеон Остинмен, Том баласы Батпен қосақталып шынжырмен бұғауланған болатын. Оларға айрықша хавильдар белгілеп, оншақты солдат қарауыл қойылған-ды.

Дик Сэнд бұғаусыз, қол-аяғы бос болатын, өзінен елу қадамдай жерде отырған жолдастарына жолығайын деп, хавильдарлардың кезін ала беріп оларға жақындай түсті.

Шамасы, Диктің ниетін Том қарт та білсе керек, жолдастарына бірдеңе деп күңк ете қалып еді, негрлер сөйлесіп отырған сөзін тоқтатып, назарларын Дикке аударды. Бейшара тұтқындардың отырған жерінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ, бірақ құлақ түріп сөз тыңдауға, мойын бұрып қарауға ғана шамасы бар.

Дик көзге түспей елеусіз жылжып жарым жолға жетті. Оның енді құлдар керуенінің бара жатқан қаласының атын атап, онда жету үшін қанша уақыт керек екендігін Томға айқайлап айтуға мүмкіндігі бар. Бірақ жолдастарымен кездесіп, жол бойындағы мәселелер жайлы бір-екі ауыз тіл қатысқысы келді. Сондықтан хавильдарлардың кезін ала беріп ілгері қарай жылжи берді. Оның жүрегі тайдай тулап кеудесіне сияр емес, енді бірнеше қадам аттаса болғаны, межелі жеріне жетеді... Бірақ хавильдар Диктің ниетін біліп қалған сияқты, жас жігіттің алдын кес-кестеп ақыра ұмтылды. Хавильдардың айқайы жайбарақат отырған солдаттардың шырқын бұзды, солдаттар жүгіріп келіп Дикті итеріп жіберді, сол сәтте Томды жолдастарымен бірге түйгіштеп лагердің басқа жағына қарай айдап әкетті.

Дик Сэнд ызаға булығып есі-түсін білмей хавильдарға бассалды. Оның қолындағы мылтығын тартып алғысы келді, мылтықтың құндағы хавильдардың қолында қалды да, ұңғысын Дик жұлып әкетті. Бірақ солдаттар шуласа жабылып жас жігітті жерге жықты. Егер керуен басылардың біреуі — бетінен зұлымдықтың оты шашырап тұрған ұзын бойлы араб келіп араға түспегенде, ызаланған солдаттар Дикті бұтарлап тастайтын еді. Бұл кәдімгі Гэрристің анадағы Негороға айтқан Ибн-Хамис деген арабы болатын.

Араб бар болғаны бірнеше ауыз тіл қатты, әрине Дик оның түгіне де түсінген жоқ, бірақ солдаттар өлтіргелі тұрған адамын жайына қалдырып өздері бір жақ шетке ығысып кетті. Шамасы, бұларды біріне бірін жолықтырмайтын болса керек. Бірақ Дикті аман сақтау күзетшілерге нық тапсырылған. Бұл тапсырманы Гэррис пен Негородан басқа кім беруші еді?

Осы сәтте керней тартылып барабан соғылды. Бұл — жолға шығудың белгісі еді. Лагерді жығып жинады. Лездің арасында керуенбасылар да, солдаттар да, жүк көтерушілер де, айдалып бара жатқан құлдар да аяқтарын тік басты. Еріксіздер тайлап буылған жүктерді көтеріп сапқа тізілді, ең алда шұбар туды желбіретіп бір хавильдар тұр.

Сосын жол тартуға белгі берілді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий