Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бэкті Дэйв пен Соллекстің арасына солардан үлгі алуы үшін әдейі жеккен-ді. Бұл алғыр шәкірт, ал аналар өткір тістерінің көмегі арқылы бағындырып, қателігін қолма-қол жөнге салатын жақсы үйретушілер болып шықты. Дэйв әділетті де ақылды ит еді. Бэкті ешқашан да бекерден-бекер ренжіткен емес, ал бірақ Бэк жаңсақ баса қалса қаппай қалған кезі және жоқ, ондай сәттерде Франсуаның бишігі де қосыла кетеді, сондықтан Бэк қарсыласудан гөрі алға ұмтылып, қателеспеуге тырысу тиімдірек екен деп түйген. Бірде қысқа аялдамада қайысқа шырматылып, жүрісті бөгегені бар. Сонда Дэйв пен Соллекс жабыла бас салып, сазайын берді. Бұл бей-берекетті күшейте түскен-ді, бірақ есесіне Бэк кейін бау қайысты шатыстырмауға тырысып баққан: күн соңына қарай өз міндетін жақсы атқара түскені сонша, "оқытушылары" да қабуды доғарайын деген. Төбесінен Франсуаның бишігі де сартылдауды сиретті, ал Перро тіптен айрықша қамқорлық жасауға көшкен: мұның табандарын кезек-кезек көтеріп мұқият қарап шықты.

Бұлар бірінші күні өткен асу өте ауыр еді. Өзекті бойлап Қой станы арқылы, Таразы мен орман шекарасы тұсынан жоғары қарай өрлеп, биіктігі бірнеше жүз фут мұзарттар мен күртік қар ішін кезіп, бос жатқан маңды Сібір маңайын күзеткен кәрі қарауылдай ащы су мен тұщы су арасында созылып жатқан ұлы Чилкуттсн асқан. Бүткіл жол бойындағы сөнген жанартау шұңқырларында қатқан тұтас қол тізбектерінен ойдағыдай өтіп, түн ауа мыңдаған алтын іздеушілер көктемгі мұз көшкініне әзірленіп қайық соғып жатқан Беннет көлінің жағасындағы үлкен станға жеткен. Сол жерде Бэк өзіне қар түбінен ін қазып алды да, қалжыраған кезбедей мызғуға кіріскен, алайда ұйқы қандырудың сәті түспеді, — мұны көп ұзамай-ақ апаннан шығарып алды да, аяз түн түнегінде өзге иттермен бірге шанаға жекті.

Бұл күні олар тапталған жайдақ жолға тап болып қырық мильдей жерді өндіре жүріп өткен. Есесіне ертеңіне, одан кейін де бірнеше күн бойы қалың қарды өздері бұзып жол салуға мәжбүр болды, қатты шаршап, жүрістері өніңкіремеді. Аракідік Перро жегімнің алдына шығып, қарды шаңғысымен өзі таптап, иттердің жүрісін жеңілдетіп отырды, ал Франсуа сырығымен ыңғайлап, шананы жолға салады. Кейде Перро екеуі орын алмастырады, бірақ бұл үнемі жиі емес-ті. Перро мұз қабатының қалыңдығын Франсуа көзбен жақсы ажырата алатынына сенетін, ал бұл күзгі қабыршақ мұз кезінде өтс қажет еді. Ал ағын қатты тұстарда мұз атаулы тіпті жоқ болатын.

Бэк күнбе-күн (сол күндердің өзі шексіз болып көрінетін) жегімде жүреді. Аяқты тек қас қарая суытатын, ал аспан сәл ашыла бастаса-ақ қайта жолға түсіп, бір қиырдан бір қиырға тынымсыз жөңқи беретін. Өстіп келе жатып бұлар тағы бір кешкі ымыртта стан құрған; иттер әдеттегідей өздсріне тиесілі балықтарын алып, ұйықтау үшін қар астына сүңгіді. Бэктің тәбеті қасқырдікіндей еді. Оның күндізгі үлесі бір жарым қадақ кепкен бұлан етінен тұратын, бірақ бұл оған жұғын да болмайтын. Ешқашан тойып көрген емес, ұдайы ашқұрсақ жүреді. Ал салмақтары жеңілдеу әрі мұндай тірлікке мейлінше икемдірек өзге иттер бір қадақ қана балыққа қанағаттанып, күш-қуаттарын сақтай біледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий