Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бэк иттердің бір-бірімен дәл осындағыдай таласатынын көрмепті: бұлардың қасқырдан көп айырмашылығы жоқ екен, Бэк бірінші қақтығыста-ақ ұмытпастай сабақ алды. Рас, бұл алғашқы таласқа қатысқан жоқ, қатысса одан тірі шықпас еді де, кейін сонда алған тәлімін пайдалана да алмас еді. Ажал құшқан бұл емес, Кэрли болатын.

Ол екеуін дүкен орналасқан ағаш тамның қасында қалдырған-ды. Кэрли қашанғы біртоға қалпымен үлкендігі көкжал қасқырдай, бірақ өзінен екі еседей кіші төбетпен ойнай бастаған. Кенет әлгі төбет ешбір ескертусіз жарқ еткен найзағайдай ұшқырлықпен тап берді де, ақсиған өткір тістерін сақпан тасындай сарт еткізген де, сосын дәл әлгіндей жылдамдықпен кері серпілген — артынша Кэрли өзінің тұмсық терісінің көзден езуге дейін дал-дұл сыпырылып қалғанын көрді.

Бұл иттердің қасқырша бас салған бетте қайта ыршып түсетін әдеттері бар еді. Бірақ іс мұнымен біткен жоқ. Екі ит ес жиғанша әлдеқайдан отыз, қырықтай басқа иттер жетіп келіп бұларды, жым-жырт қоршап алысқан. Бэк бастапқыда ол иттердің тықыршып нені күтіп тұрғанын, неліктен сілекейлерін қомағайлана жұтына беретінін түсіне алмады. Кэрли қарсыласына тап берген, бірақ анау мұны қайтадан бір қапты да, тағы кері ыршып түсті. Екінші рет секіргенде Кэрли оны кеудесімен қағып жіберген, әйткенмен өзі де аяқтан тұра алмай қалды. Бұларды қоршап тұрған иттердің күткені де осы еді. Кэрлидің қайта көтерілуге шамасы келмеді: мыналар жан-жағынан атыла секіріп, лап қойған. Ажал аузында ауырсына қыңсылаған Кэрли қаптаған жүндес денелердің тасасында жоқ болып кетті.

Мұның бәрі күтпеген жерден апыр-топыр өткендіктен Бэктің ес-түсі қалмаған еді. Ол Шпицберген итінің қып-қызыл қыл тілін салақтатып тұрғанын көрді — бұл оның күлгені болатын. Балтасын шошаңдатқан Франсуаның үйме-жүйме қара топырдың ортасына сойып кеткенін байқады. Сойыл ұстаған үш еркек оған дереу иттерді қууға жәрдемдескен. Кэрли құлағаннан кейін екі минуттей өткенде шабуылдаушылардың ең соңғысы да қуылды. Алайда түте-түтесі шығып итектеліп қалған Кэрли тапталған қардың бетінде қан жоса боп өліп жатыр еді. Ал оның үстінен төнген қара қоспа болса әлдене деп түтіге боқтанып тұр.

Кейін сол көрініс Бэктің есіне жиі түсетін-ді, тіпті, түсінде де талай көрген. Міне, өмір деген осы екен! Мұнда адалдық пен әділдікке орын жоқ. Құладың ба - құрығаның! Демек, мықты болу керек екен. Шпиц тілін шығарып тағы күлді, Бэк оны сол сәттен бастап өлердей жек көріп кетіп еді.

Кэрлидің қасіретті ажалынан кейін ес жиып үлгергенше Бэкті тағы бір сұмдық күтіп тұрыпты: Франсуа бұған көп өтпей-ақ қайыс әбзел кигізіп қойды — мұндайды әдетте Бэктің туып-өскен жерінде атқа тағатын. Сөйтіп бұл да енді жегілген аттары сияқты жұмыс істей бастаған. Ол Франсуаны шанамен таяз жердегі орманнан ағаш тасуға апарды. Әрине, өзінің жегуге көнгеніне қатты қорланған, алайда тым қарсыласпау қажеттігін жақсы түсінген. Ол мұның бәрі тосын да, түсініксіздеу болғанмен өз-өзін күштеп, жұмысты жақсы істеуге тырысқан-ды.

Франсуа қатал болатын, ол тек бишігінің күшімен ғана "тілдесуді" білетін. Бұған қоса Бэк сәл мүлт басса болды, ортаға жегілетін тісқақты Дэйв азу тісті аямай жамбасына салады. Бұлардың жегіміндегі Шпиц деген көсем ит тура Дэйвтің өзіндей талайды көрген, талайды білетін іс қаяқ еді, егер Дэйв сүрінген Бэкті шаужайлай алмай қалса, оған ол жақтырмай, ырылдап немесе денесінің бар салмағын пәлекке қарай түсіріп, аса ептілікпен жолға қайта сала қояды. Бэк мұндай ым мен дымды жеңіл игеріп, Франсуа мен өзінің екі серігінің арқасында жүрдектіктің әдіс-айласын лезде-ақ үйренді. Солайша ол станға қайта оралғанша "хо!" деген айқайдың "тоқта" екенін, ал "тарт" десе алға тарта беру керектігін; бұрылыстарда шабысты баяулатып, жүк тиелген шана таудан төмен сырғанаған сәтте ортадағы иттен алысырақ жүруді біліп алды.

— Иттердің үшеуі де жақсы, — деді Франсуа Перроны көріп. — Мына Бэк жұмысты керемет істейді екен. Көп ұзамай-ақ не нәрсеге құрдай жорғалатамын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий