Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір жақсысы, әйтеуір, мойны арқаннан бос еді. Байлаулы кезінде мыналар әбден басынғаны рас. Ал қазір одан ада, енді көрсетеді бұл оларға! Бұдан былай әлгілер бұғау сала алмайды бұған! Бұл осыған нық бекінді. Екі тәулік бойы нәр татпағандықтан осынау уақыт ішінде бойды кернеген кектің асқынғаны сондай, әлдекім бірінші болып соқтықса сазайын оңбай тартатыны сөзсіз еді. Бэктің көзіне қан толып, нағыз жыртқышқа айнала бастаған. Қазір мұны судьяның өзі де танымас еді, осы күндер арасында мүлде өзгеріп кеткен-ді, сол себептен де жеткізушілері өзін Сиэтлгс түсіріп, әйтеуір құтылған сәтте жеңілейе күрсінген.

Төрт адам өте сақтана жүріп, Бэк қамалған жәшікті фургоннан биік дуалмен қоршалған аулаға ауыстырды. Қарсы алдыдан жағасы салбыраған қызыл тоқыма свитер киген тортпақ денелі еркек шығып, жеткізушінің қолындағы кітапқа мұны алғаны туралы қол қойған.

"Тағы бір азаптаушы" деп шешкен Бэк торға қарай айбаттана атылды. Свитерлі адам тұнжырай мырс етті де, үйге кіріп, балта мен сойыл алып шықты.

— Расымен де босатпақшысыз ба мұны? - деп таңырқады жүкші.

— Әрине, — деп жауап қатқан свитерлі балтасын жәшік қабырғасына қадаған.

Төрт тасушы жалма-жан тұс-тұсқа шашырай қашып, қауіпсіз биік шарбаққа шығып алды да, тағы бір қызықты тамашалауға кірісті.

Бэк балта жүзі тиіп жарылған іргеге тап беріп, оны тіспен жұлмалап, қабырғаны бар денесімен қыңсылай соққылаған. Ит балта сырттан ұрған тұсқа бірде ырылдап, бірде үріп іштен шабуылдайды. Ол тордан тезірек шығып кету үшін алапат күш жұмсады, қызыл свитерлі адам да еш абыржымастан мұны босатуға бекінгендей екен.

— Ай, қызыл көз пері-ай! — деді ол қорап саңлауы ит сыйып кетердей әбден кеңейген кезде. Сөйтті де балтаны лақтырып тастап, оң қолына сойылды алды.

Бұл уақытта Бэктің, шынында да, ашуы қара қазандай қайнағаны сонша, тұла бойы дүрдиіп, қан толған көзі қызыл от шашып, езуінен ақ көбік шұбырды. Ол осы мезетте өзінің жүз қырық қадақ салмағымен атылып барып, адамға бас салуға дайындала бастаған. Ауаға ырши көтеріліп жауына жармаса кетуге ұмтылды, бірақ сол мезетте ауыр соққыға кезігіп, ұшқан бойда кейін серпілген. Жаны көзіне көрініп, тісі сақ еткен Бэк ауада шыр айналып барып, жерге шалқалай құлады. Өмірінде таяқ жеп көрмегендіктен абдырап қалған еді. Дәрменсіз қыңсылай ырылдаған ол жалма-жан атып тұрып дұшпанға қайта бас салмақшы болғанында екінші соққы және тұралатты. Енді ол бар пәленің сойылдан келгенін сезінген, бірақ ызадан сақтықты тағы ұмытқан-ды. Оншақты рет атылды, — сойыл секірген сайын сұлатып сала берді.

Әсіресе ауыр тиген бір соққыдан соң Бэк зорға көтерілген. Абдырағаны сонша, енді жағаласуға әл-қуаты қалмап еді. Ол шатқаяқтап тұрды, аузы-мұрнынан, құлағынан қан кетті, жылтылдаған, әдемі жүні қан аралас сілекеймен былғанды. Қызыл свитерлі адам оған жайбарақат тақалып келді де, тұмсықтан оңдырмай тағы соқты. Бэктің бұған дейін жеген барлық таяғы мұның қасында түк емес екен. Арыстанша ырылдаған ол азап-таушыға және ұмтылған. Алайда ол қолындағы сойылды сол қолына ауыстарған анау ақырын ғана мұның астыңғы жақ сүйегінен ұстай алды да, ересен күшпен шыр айналдырғанда Бэк алдымен ауада толық шеңбер жасап, одан жартылай және бір дөңгеленіп барып жерге бас пен кеудесі қатар соғылып, гүрс ете құлап түсті.

Бэк әлгіге қарай және бір мәрте қарғыды, әйткенмен анау қасақана кейінге сақтаған алапат соққысын және бір сілтеп үлгерді. Бэк бұл жолы естен танып түсіп еді.

— Міне, азамат! — деп саңқ етті риза дауыспен шарбақта отырғандардың бірі. — Бұл кез келген итті тәубесіне түсіреді!

— Меніңше, мынандай итпен жағаласудан гөрі күніне бір рет касса тонау әлдеқайда жеңіл болар, — деді көшір. Ол осыны айтты да орнына отырып аттарды қулай жөнелді.

Бэк есін жинады, бірақ әбден әлсіреп, жығылған орнында жатқан қалпы көзін қызыл свитерлі адамнан айырған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий