Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Келесі күні таңертең қасқырға таланып қалған жолсеріктің қол-аяғы күп болып ісіп, хәлі мүшкілдене бастады. Оның әрі қарай қарай жүруге шамасы келмеген соң, басқа жолсеріктің көмегіне жүгінуге тура келді. Осы жаңа жолсерікпен қары да, қасқыры да жоқ, ауа райы жылы, көз тоймайтын көрікті әрі құнарлы мекен Тулузаға жеттік. Бұл жерге келген соң, жол бойы көргендеріміз бен басымыздан кешкендерімізді айтқан кезде, тау етегіндегі үлкен орманда, әсіресе жердің бәрін қар басқан осы шақта қасқырлармен кездесу қалыпты іс десті; бірақ жылдың қатал мезгілінде, осындай жолмен алып жүруге бел байлаған біздің жолсерікке барлығы таңғалды және қасқырлардың біздің барлығымызды парша-парша қылмағаны ғажайып іс десті. Біздің аттарды қорғаштай отырып қасқырлармен шайқасқанымыз туралы әңгімеміз көпшіліктің жазғыруын туғызды; барлығы бір ауыздан мұндай жағдайда біздің қасқырлардың қанды аузынан аман қалуымыздың мүмкіндігі елуге бір, өйткені оларды осыншама өлермен өжет етуге, сүйікті асы – жылқылардың жалғыз бейнесінің өзі жетіп жатыр деді. Әдетте олар, мылтықтың бір дауысының өзінен қорқатын, ал бұл жолы аштық оларды ыза мен долылыққа бастаған, оның үстіне жылқыларды тым жақыннан көрген кезде, қауіп-қатерді мүлде ұмытып кеткен; егер біз оларды үздіксіз атқан мылтық оғымен және ақыр соңында оқ-дәріні жарып жуасытпағанда, олар бізді паршалап тастайтынын қалыптасқан жағдайдың көбі-ақ айтып тұр еді; біз атымыздан түспей, аттың үстінде тұрып-ақ ата бергенде, қасқырлар мұншама қаһарына мінбес еді, өйткені олар жылқы жалғыз болған жағдайларға қарағанда, оның үстінде адам бар екендігін көргенде, оны онша-мұнша өзін ғана тиесілі деп санамайды екен. Сондай-ақ, олар бізге тағы: егер сіздер аттарды тағдырдың жазуына қалдырып, тастап кетер болсаңыздар, қасқырлар оларға сондай қомағай ашкөздікпен бас салушы еді де, сіздер осы кезде аман-есен кетіп үлгеруші едіңіздер, оның үстіне сіздер әрі көп, әрі қолдарыңызда отты қару бар болатын, – деді.
Мен өзім өмірімде мұндай қорқып көрмеппін: дәл алдымызда ауыздарын арандай ашып, ырылдап, бізді жалмап қоюға әзір боп, бізге қарай құйындатып келе жатқан үш жүзге тарта жынды көргенде, тығылар жер болмағандықтан, мен шаруам бітті деп ойладым; бірақ менің көргенімнің өзі жеткілікті емес пе: мен енді ешқашан да тау асып, қыр басуды ойламастай болдым ғой деймін; одан да апта сайын жойқын дауылға ұшырасам да, мың миль теңізбен жүрудің өзі артық.
Францияға сапарым туралы өзге саяхатшылардың айтқанынан артық, – оның үстіне олардікі менікінен әлдеқайда қызық болуы мүмкін, – жарытып ештеңе айта алмаспын. Мен Тулуздан Парижге келдім, одан кейін, онда ұзақ аялдамастан, ары қарай Калэге келдім және аман-есен 14 қаңтар күні Дуврде түсіп, жылдың ең қатал да суық кезеңінде саяхатымды аяқтадым.
Енді мен діттеген мақсатыма жеттім және көп ұзамай жақында ғана пайда болған барша дәулетіме иелік ете бастадым, өйткені өзіммен бірге алып келген аударылымдар бойынша маған еш кедергісіз бірден төленген еді.
Осы жерде мейірімді кемпір, капитанның жесірі менің басты жетекшім мен кеңесшім болды. Ол менің ақша жібергеніме қатты риза болғаны сондай, менен еңбегін де, қамқорлығын да аямады; ал мен болсам ол кісіге шексіз сенім арттым және бұған бірде-бір рет өкінер себебім болған жоқ: басынан аяғына дейін бұл мейірімді де ақылды әйел менімен қатынасында өзін мүлтіксіз ұстады.