Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Ал ең соңында, оның шаруашылықты жүргізу, істің аясын кеңіту мен пайданы көбейтудегі ептілігіне таң қала отырып, серіктесіме хат жаздым; содан кейін болашақта менің бөлігіммен не істейтіні туралы нұсқау бердім: португалдық капитанға қандай өкілеттіліктер бергенім туралы оны хабардар етіп, ендігі жерде менен хабар келгенше, маған тиесілінің барлығын оның атына жіберуін өтіндім; және де мен өзімнің жер иелігіме жай ғана келіп-кетіп қана қоймай, өмірімнің соңына дейін сол жерде өмір сүруге ниетті екенім жайлы оны сендіре жаздым. Хатқа мен сыйлықтар қостым: оның әйелі мен қыздарына көйлекке деп италияның жібек матасы, – оның әйелі мен қыздары бар екенін мен өзімнің таныс капитанымның ұлынан біліп едім, – одан кейін, Лиссабоннан табуға болатындардың ішіндегілердің ең жақсысы боп есептелетін екі кесек жұқа аглиц шұғасы, бес кесек қара байкі және қымбат флагмандтық шілтері.
Осылайша өз істерімді реттеп, тауарларды сатып және ақшаларды сенімді қағаздарға айналдырып, мен тыныш қана жолға шыға алар едім. Бірақ енді келесі бір қиындық пайда болды: Англияға қалай жетем, құрлықпен бе, әлде теңізбен бе? Мен теңізге әбден үйренген адаммын, бірақ осы жолы теңізбен не үшін жүргім келмегенін еш түсіндіре алмаймын, ішімде бұл тілегімнің өршігені сондай, кемеге жүктерімді тапсырып қойып, оларды қайта түсіріп алдым. Бұл бір емес, екі не үш рет болды.
Шынтуайтына келгенде, теңіздегі сапарым онша сәтті болмайтын және бұл көп себептің бірі болуы мүмкін, бірақ дегенмен басты мәселе алдын ала сезуде болатын, ал мұндай жағдайларда адам ешқашан жүректегі осы сезіміне қарсы шықпауы керек. Мен сапарға шықпақшы болған екі кеме – тіпті мен: басқалардың ішінен таңдап алғаным, – деп айта аламын – тіпті біреуіне мен жүктерімді апарып, ал келесі кеменің капитанымен баға жөнінде келіскен едім – бұл екі кеме де діттеген жеріне жетпеген. Оның біреуін алжирліктер басып алса, екіншісі Торбейдің маңында апатқа ұшыраған, үш адамды есептемегенде кемедегілердің барлығы суға кеткен; сондықтан екі кемеде де оңбас едім, қайсысында көбірек азаптанатынымды айтудың өзі қиын.
Бар сырымды білетін, ойымдағы аласапыранды көріп тұрған менің ескі досым капитан теңіз жолымен жүрмеуге үгіттей бастады, не құрлықпен Коруньяға жетіп, сосын әрі қарай Бискай шығанағы арқылы Ла Рошельге, ал ол жерден жеңіл әрі қауіпсіз, Парижге жету оңай, сондай-ақ Калэге және Дуврға; не болмаса Мадридке жетіп алып, одан әрі үнемі құрлықпен жүре отырып Париж арқылы жетуге болады деді.
Менің ол кезде кез келген, Калэдан Дуврға жетуді қоспағанда, теңіз саяхатына қарсы болғаным сондай, бүкіл жолды құрлықпен жүріп өтемін деп шештім, сондай-ақ мен асықпағандықтан да және жол шығынына сараңдық танытпағандықтан да бұл жол өте тамаша болды. Ал бұл жолды тіпті де жанға жайлы қылу үшін қарт капитан менің қасыма серік тауып берді, ағылшын, лиссабондық көпестің ұлы; сондай-ақ, біз өзімізбен бірге тағы да екі ағылшын көпесі мен екі жас португалдықты ертіп алдық, – соңғылары тек Парижге дейін ғана баратын болып шықты; осылайша біз алты адам, бес қызметші болдық, – көпестер мен португалдықтар, шығынды азайту үшін екеу ара бір-ақ қызметші алды. Ал мен қызметші ретінде бір ағылшын матросы мен өзімнің Жұмамды алдым, оның еуропалық тәртіпке үйренбегені сондай, ол маған жол бойы қызметшінің орнын алмастыра алмас еді.
Осылайша мен Лиссабоннан шықтым, біз барлық қажетті нәрселерді алдық, жақсы қаруланған едік және бәріміз қосылып бір кішігірім жасаққа айналдық; менің сапарластарым маған капитан деген атақ беріп, құрмет көрсетуіне себеп болған, біріншіден, менің жасымның бәрінен үлкендігі болса, екіншіден, менің екі қызметшім болғандығы және осы сапарға шығуға себепші болуым еді.