Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шалдың әр сөзінен маған жанашырлығы сезіліп тұрды, тұла бойым шымырлап, толқып тұрдым. Қысқасын айтсам, мен оның жүз мойдорын алдым, сосын қағаз, қалам сұрап алып, қарыз ақшаларым жөнінде қолхат бердім. Өз плантациямды өз иелігіме алған соң, қалған ақшаларды да қайтарып беремін дедім, кейін солай істедім де. Ал кемені менің иелігіме беремін деген сөзіне келсек, мен онымен ешқашан келіспес едім: егер мен ақшаға мұқтаж болса, – ол өзі-ақ береді, – оның адал жан екеніне әбден көзім жетті; ал егер мұқтаж болмасам, ол өзі маған үміттенуге негіз бергендей, плантацияма қайта иелік ететін болсам, шалдан қара бақыр да алмаймын.

Осыдан кейін шал маған плантацияға өз хұқығымды мәлімдеуді үйретейін деп ұсыныс жасады. Мен ол жерге өзім барып келсем деген ойым бар, дедім. Ол қарсы уәж айтып, әрине, қалап тұрсаң барып келуіңе болады, бірақ одан басқа да өз құқығыңды орнықтырып және тез арада түсімді пайдалану құқығына кірудің неше түрлі әдістері бар деді. Тахода Бразилияға аттануға дап-даяр тұрған кемелердің бар екенін біліп, ол менің аты-жөнімді ресми кітаптарға енгізді және менің тірі екенімді, аталмыш плантацияны салуды жоспарлаған жердің алғашқы заңды иесі тап осы мен екенімді антпен куәландырды. Содан кейін мен нотариусте оның Бразилиядағы таныс бір көпесінің атына сенімхат жаздым. Бұл сенімхатты хатпен жолдап, ал маған жауап келгенше осында қал деп ұсыныс айтты.

Сенім хат бойынша әрекет еткен Бразилиядағы көпестен ісін адал атқарған адам сірә жоқ шығар: жеті айға толар-толмаста мен сенім артқан адамдардың, яғни, мен олардың өтініші бойынша Гвинеяға аттанған көпестердің мұрагерлерінен мынадай құжаттар мен хат та салынған үлкен пакет алдым: Біріншіден, олардың әкелері менің ескі досым, португалдық капитанмен есеп айырысқан жылдан бастап алты жылғы түсім есебі: менің үлесіме мың бір жүз жетпіс төрт

мойдор тиесілі екен.

Екіншіден, хабарсыз жоғалып кеткен тұлғаның – заңда бұл азаматтық өлім деп аталады – мүлкі ретінде плантацияны үкімет өз қамқорлығына алғанға дейін олар менің істерімді өз беттерінше жүргізген тағы төрт жылдық есеп; плантация өнімі жыл сайын өсіп отырған; төрт жылдың есебі 380892 крузад немесе 3,241 мойдорға теңелген.

Үшіншіден, он төрт жылдан астам пайда көрген Августин монастырінің настоятелінің есебі; настоятель, әрине, ауруханаларға жұмсаған ақшаларды маған қайтара алмайтын еді, бірақ ол өзінде 872 мойдор қалғанын және оның маған тиесілі екенін адалдықпен мойындады.

Келген хатпен бірге менің серіктесімнің жазған сәлемхаты бар екен. Ол менің оралуыммен шын жүректен құттықтап, тірі екеніме қатты қуанғанын жасырмаған; біздің шаруашылық жыл сайын қанша өсім беретінін, қаншалықты пайда барын, қаншалықты құлдар барын тегіс баяндапты. Одан кейін ол жиырма екі кішкене айқыш белгі (крестик – ауд.) жіберіпті де, сен тірі деп естігенде осынша рет «Avе Maria»-ны оқыдым және әулие қызға шүкіршілік қылдым депті. Әрі қарай серіктесім менің Бразилияға келуімді және өз меншігіме иелік етуіме кірісуімді қатты өтініп сұрапты да, ал әзірге менің қандай тапсырма беретінімді білгісі келетінін айтыпты.

Хатының соңы өзінің және үй ішінің маған деген шынайы достығына сендіретін сөздермен аяқталыпты. Хаттан өзге ол маған керемет иленген жеті қабылан терісін сыйлыққа жіберіпті; шамасы, бұл терілер африкадан басқа кемемен , – өзі жұмсаған және менің кемеме қарағанда сәтті сапар шеккен кемемен әкелінсе керек. Сондай-ақ ол маған тағы бес жәшік жоғары сапалы әртүрлі тәттілер және тым үлкен емес, жүз шақа соғылмаған алтын жіберіпті. Сол кемелердің өзімен менің сенім артқан кісілерім плантациялардан түскен осы жылғы түсімді жіберіпті: мың екі жүз жәшік құм шекер, сегіз жүз орам темекі және қалғандарын алтынмен жіберіпті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий