Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Иовтың басынан өткеніндей, мен үшін де істің соңы басына қарағанда жақсырақ болды деп айта аламын. Бұл хаттарды оқу үстінде, әсіресе мен өз айналамдағы осыншама байлығымды көргенде жүрегімнің қалай тулай соққанын бейнелеп жеткізу мүмкін емес. Әдетте Бразилия кемелері тұтас флотилия болып жүреді; маған хаттарды әкелген керуен, тауарларды да әкелген еді, сондықтан да, маған хаттарды табыстамастан бұрын, тауарлар айлақта аман-сау, бүп-бүтін тұр еді. Бұл жайлы білгенімде мен боп-боз болып кеттім, жүрегім аузыма тығылды, егер капитан дәрісін уақытында алып үлгірмегенде, мен күтпеген қуанышты көтере алмай, тап сол жерде тіл тартпай кетер едім. Ақыры дәрігерді шақыртып, ол менің ауруымның шын себебін тауып, қан жібергенше бірнеше сағат бойы мен өзімді онша жақсы сезінбедім. Осыдан кейін мен өзімді едәуір жақсы сезіне бастадым; егер мен дер кезінде қан алдырмасам, аман қалуым екіталай болар еді ғой деп ойлаймын.

Сонымен, мен күтпеген жерден бес мыңнан артық фунт стерлингтің және Англиядағы жер иеліктерінен бірде бір кем емес, жылына мыңнан аса фунт пайда әкелетін Бразилиядағы жер иелігінің иесі болып шыға келдім: мен өзімнің жаңа жағдайыма үйрене алмай, неден бастарымды, оның маған беруі мүмкін рақаты мен пайдасын қалай көрерімді білмей басым қатты. Әуелі мен қиын жылдары маған өлшеусіз жақсылық жасаған, басынан аяғына дейін маған деген ізгі ниетінен танбаған, өзімнің жарылқаушым – мейірімді қарт капитанға сый-сыяпат жасадым. Мен оған маған жіберілгеннің бәрін көрсетіп, осының бәрін орын-орнына келтірген құдіреттен кейін, осының бәріне сенің арқаңда жеттім, енді саған сый-сыяпат жасау менің қарызым және маған жасаған жақсылығыңды еселеп қайтарамын дедім. Ең алдымен мен одан алған жүз мойдорды қайтарып бердім, одан кейін нотариусқа адам жұмсап, ол бойынша төрт жүз жетпіс мойдорға маған қарыз боп есептелінетін қолхатты формальды түрде жойдырдым. Одан кейін мен оған жыл сайын плантациямнан түскен табыстан мен үшін пайда алып тұратындай құқық беретін және менің серіктесімді оған плантациямның жыл сайынғы кірісінің есебін хабарлап, түскен жылдық табысты тауар немесе ақшалай оның атына жіберіп тұруға міндеттейтін сенімхат бердім. Оның соңындағы қосымша оған пайдадан жыл сайын жүз мойдор зейтнетақы алу құқығын берді; ал оның өлімінен кейін, елу мойдор өлшеміндегі зейнетақы оның ұлына өтуге тиіс еді. Мен осылайша өзімнің ескі досыммен есеп айырыстым.

Енді маған жолымды қай жаққа бұрып, құдіреттің рақымымен маған берілген дәулетті не істейтінім жайында ойлануым керек еді. Енді менің аралда жалғыз өмір сүріп, қолымда бар нәрседен басқаға мұқтаж болмаған, бірақ қажетті нәрседен өзге нәрсеге де ие болмаған кезіме қарағанда уайым-қамым көбейе түсті, әрі жауапкершілігім де артты. Енді менің ақшамды жасырып қоятын үңгірім де, немесе оларды пайдалану туралы ой біреудің басына келгенше кілтсіз, құлыпсыз, ақшаларым көгеріп кеткенше жата беретін орным да жоқ еді, керісінше, енді мен оларды қайда жіберіп, қайда сақтарымды білмедім. Менің арқа сүйер жалғыз адамым – адалдығына көзім жеткен, ескі досым, капитан еді.

Әрі қарай, менің Бразилиядағы мүдделерім мені сол жаққа шақырғандай болып көрінді, бірақ осы жақтағы шаруаларымды бір жайлы қылмай және капитанымды сенімді қолға тапсырмай ол жаққа қалай кететінімді елестете де алмадым. Басында оны мен өзіме деген ниетінің түзулігіне көзім жеткен ескі танысым, капитанның жесірінің қолына табыстағым келген, бірақ ол әйелдің жасы келіп қалған және кедей, әрі, меніңше, қарыздары да болуы мүмкін еді. Қысқасын айтқанда, ақшаны өзіммен бірге алып, Англияға аттануым керек болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий