Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен оқырмандарыма кеме журналына барлық жазғандарымды оқып, олардың зықысын қалай шығармасам, құрлықтағы күнделігіме түсіргендерімді де түгелдей баяндап ығырын шығармайын, бірақ осынау қиын-қыстау сапарда кейбір басымыздан кешкен оқиғаларды айтпай үнсіз тағы қала алмаймын.

Испания топырағын алғаш басқан біздер Мадридке келген соң, Испания сарайларын, басқа да көруге тұрарлық нәрселерді қызықтау үшін бұл елде қалғымыз келді, бірақ жаз аяқталып қалғандықтан да біз асығып, Мадридтен қазан айының ортасына қарай шығып кеттік. Наввараның шекарасына жеткен кезде, таудың Францияға қараған бөлігіне қалың қар түсіп, жолаушылардың көбі таудан асып өтеміз деген бос және өте қауіпті талпыныстан кейін, Пампелунға қайтуға мәжбүр болыпты деген үрейлі хабар алдық.

Пампелунға жеткен соң біз де бұл айтылғандарға көзіміз жетті. Өмір бойы ыстық аймақта, жалаң көйлекпен ғана күн кешкен мен үшін күннің суықтығы өте ауыр тиді. Және де ауыр тиіп қана қойған жоқ, жылы болса бір сәрі ғой, тіпті ыстық болған көне Кастилиядан аттанғанымызға бар жоғы он күн болғаннан кейін, осының артынан іле-шала Переней тауларынан соққан мұздай суық қатты желдің өтінде қалып, оған шыдаудың өзі мүмкін болмағанын айтпағанның өзінде, қол-аяғымызды үсітіп алу қаупі туғанының өзі таң боп көрінді. Тұтастай қар жапқан тауды, ешқашан өмірінде сезініп көрмеген суықты сезгенде – байғұс Жұманың тура зәресі

ұшып кетті.

Осының бәріне қоса біздің келуімізге орай Пампелунада қардың ұзақ та мол жауғаны сондай, жұрттың бәрі қыстың ерекше ерте түскеніне таң қалып жатты.

Бұрында онша ашық болмаған жолдар, енді тіпті жабылып қалды; кей жерлерде қардың қалыңдығы сондай, жол жүрудің өзі ақылға сыйымсыз еді; бұл жерде солтүстік елдеріндегідей қар қатпағандықтан да, бізді әрбір қадам сайын тірідей көмілу қаупі күтіп тұрар еді. Пампелунада біз тұтастай жиырма күн болдық, қыс әні-міні жақындап қалып әрі ауа райының түзелер түрі де көрінбегендіктен де, өйткені бүкіл еуропаға түскен қыстың қаттылығы сондай, тіпті көне тұрғындардың өзі мұндайды есіне түсіре алмады, мен серіктеріме Фонтарабияға бару туралы ұсыныс жасадым, ары қарай теңізбен Бордоға жетеміз, көп уақытымыз да кетпейді дедім.

Біз ақылдасып-келісіп болғанша жолсеріктің көмегімен таудың ар жағынан өтіп Пампелунаға төрт француз келіп жетті, ол оларды Лангедоктың шеткі жағымен, қар аз түскен, тіпті болғанның өзінде жүруге кедергі келтірмейтін, ал көп түскен жерлердегі қардың қаттылығы сондай, оның үстінен адамдар мен жылқылар өте беретін жерлермен жүргізіп отырып, тау арқылы алып өткен.

Біз осы жолсерікке кісі жіберіп едік, ол бізге қарларды айналып өтіп, тура осы жолмен алып өтуге уәде берді, тек біздің мұздай қаруланып, жабайы аңдардан қорықпайтындай болуымызды талап етіп шарт қойды, өйткені, оның айтуы бойынша, тау етегіне қар көп түскенде, ашыққан ызалы қасқырлардың көзге көрінетін кездері де аз болмайды екен. Егер ол екі аяқты қасқырлардан, әсіресе таудың француз жақ беткейдегілерден қауіп төнбейтініне сенімді болса, біз оған төрт аяқты қасқырлардан қорықпайтынымызды, олармен кездесуге әбден дайын екенімізді айттық.

Ол біз жүретін жолда қауіп жоқ деп бізді тыныштандырған соң, біз және бұрын таудан өтуге талпыныс жасап, бірақ кері қайтуға мәжбүр болған он екі саяхатшы (өз қызметшілерімен) оның соңынан еруге қуана-қуана келістік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий