Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әумесер біз күліп тұрмыз ба, жоқ ба деген оймен артына бұрылып қарады да, біздің мәз болып тұрғанымызды көріп өзі де бар даусымен қарқылдап күліп: «Біздің елде аю осылай өлтіреді» деді. «Сендер қалай өлтіресіңдер, сендерде мылтық жоқ қой» дедім мен. «Жоқ, мылтық жоқ, бірақ бізде көп ұзын жебе бар» деді ол.

Аюмен болған оқиға бізді кәдімгідей сергітіп тастады, дегенмен де біз адам аяғы баспайтын жерде болдық, жолсерігімізді қасқырлар қатты талап тастады, біз енді не істерімізді білмедік; менің құлағыма әлі қасқырдың ұлығаны келіп тұрды; шынында да, менің сіздерге бұрын айтқанымдай, – африка жағалауында естіген ақырудан кейін, мен мұндай адамның жанын түршіктіретін дыбыстарды өмірімде естімеп едім.

Түн таянып, қасқырлардың даусы да жақыннан шыға бастаған соң кетуге асыға бастадық, әйтпегенде Жұманың ыңғайына көніп, әрине біз өлген аюдың терісін сыпырар едік: аңның үлкендігі сондай, бұл бір тұрарлық іс болар еді; бірақ бізге әлі он мильдей жүру керек еді; жолсерік те бізді асықтырды; сондықтан да біз аюды қалдырып ары қарай жылжыдық.

Таудағыдай қауіпті әрі терең болмаса да, бұл жерді де қар басқан еді; кейін біздің білгеніміздей, тамақ іздеп ашыққан аңдар таудан аңғарға түсіп, ауылдарда көп ылаң салған екен – тұрғындарды қорқытып, қойлар мен жылқыларды тартып, тіпті бірнеше адамды талап тастаған. Біздің жолсерігіміз жеткізгендей, жол қауіпті жер арқылы өтетін еді, егер бұл өңірде әлі қасқырлар бар болатын болса, сіздер міндетті түрде осы жолда кездестіресіздер деді; ол бір жан-жағын орман қоршаған кішігірім өзек болатын, одан әрі орман арқылы біз қонуға бел байлаған ауылға апаратын тар шатқал басталатын. Біз бірінші кішігірім орманға кіргенде күннің батуына жарты сағат қалған, ал одан жазыққа шыққан шақта күн ұясына қонған-тын. Бұл бірінші орманда айтқаларлықтай ешқандай оқиға болған жоқ, тек орман арасындағы ұзындығы жүз сажын кішкентей алаңқайда бірінің артынан бірі, бейне бір жемтігін қуып келе жатқандай, жолды тез кесіп өткен бес үлкен қасқырды көрдік; олар бізді байқаған жоқ және бірер мезеттен кейін көзден ғайып болды.

Біздің жолсерігіміз нағыз қорқақтың өзі екен, осы қасқырлардан кейін басқалары келуі мүмкін деп, бізді сақ болуға шақырды.

Біз бойымызды жиып, мылтығымызды оңтайлап алдық, бірақ біз жарты мильге созылған орманнан жазыққа шыққанша енді қайтып қасқырларды көрген жоқпыз. Жазықтықта, шынында да, жан-жағымызға қарап жүруге тура келді; біздің көзімізге бірінші болып шалынған, қасқыр тартып кеткен жылқы болатын және оның үстінде жұмысқа кіріскен он шақты аңдарды көруге болатын – жемтіктерін жеп жатыр деп айта алмаймын, өйткені олар бәрін жеп бітіп, енді сүйектерін кеміріп жатыр еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий