Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Аю тастың тигенін сезіп және жауды көрген бойда, бұрыла салып Жұманың соңынан қорбаңдап жүгіре жөнелді, оның адымдарының үлкендігі сондай, тіпті жылқының өзі шауып отырып қана құтыла алар еді. Жұма желдей зулап, тап бізден қорған іздегендей, тура бізге қарай салды, біз бәріміз бірдей қызметшімді құтқарып қалу үшін аюға оқ жаудыруға бел байладық, бірақ мен шынымды айтсам, өз жөнімен кетіп бара жатқан аюды бізге қарай айдап салғаны несі деп оған ренжідім; әсіресе, менің көңіліме келгені, аюды бізге айдап салып, өзінің қаша жөнелгені, мен оған: «Әй, ит! Қатырдың! Тез жаныңның барында атқа отыр да бізге аңды атып өлтіруге мұрсат бер», – дедім. Ол менің айғайлағанымды естіп: «Атпаңдар! атпаңдар; тыныш тұрыңдар, өте қызық болады» – деп жауап беріп, аюдан екі есе жылдамдықпен әрі қарай жүгіре берді. Бір кезде ол қолайлы ағашты көрді де, бізге жақындаңдар деп бас изеп, одан сайын жылдам жүгіре жөнелді де, мылтығын ағаш діңгегінен алты қадамдай жерде жерге қойды да, өзі көз ілеспес жылдамдықпен ағашқа өрмелеп шығып кетті.
Көп ұзамай аю да ағашқа жүгіре жетті де, ең әуелі мылтықтың қасына тоқтады, оны иіскеп, бірақ тиіспестен өзінің алып денесіне қарамай ағашқа мысықша өрмелей жөнелді. Мен қызметшімнің ақымақ адамның қылығындай боп көрінген мына ісіне таңғалып, аюдың ағашқа шығып кеткенін көріп, біз жақындап келгенше қанша тырыссам да, бұдан ешбір күлкілі нәрсе таба алмадым.
Ағашқа жақындап келіп, біз Жұманың жуан бұтақтың жіңішке ұшына мініп алғанын көрдік, ал аю болса бұтақтың жіңішке әрі иіліп тұрған орта кезіне жетті. Жұма бізге: «Га!, – деп айғайлады, – енді сендер көресіңдер: менікі аюды билеуге үйретеді». Ол енді секіріп, бұтақты шайқай бастады; аю шайқалып кетті, бірақ орнынан қозғалмай, бас аман, ден сауда аман-есен кері оралсам жарады дегендей жан-жағына қарай бастады; бұл тамашаны көріп тұрып біз шынында да рахаттана күлдік. Бірақ Жұмаға бұл аз еді; аюдың тыныш тұрғанын көріп, аю бір ағылшынша түсінетіндей, оны: «Сен неге тоқтап қалдың? Өтінемін, әрі қарай жүр» деп шақыра бастады да бұтақты сілкілеп шайқауын доғарды. Аю бейне бір оған айтқанды түсінгендей, ары қарай өрмеледі; Жұма тағы да секіре бастады, аю тағы да тоқтады.
Біз енді аюды атып өлтіретін кез енді келді ғой деп ойлап, Жұмаға тыныш тұр, біз аюды атамыз деп едік, ол шыр-пыры шығып қарсы болды: «О, өтінемін! Мен өзім қазір атады!» Қысқасын айтқанда, Жұма бұтақта ұзақ билеп, аю аяғын ішек-сілемізді қатыра тырбаңдатқанына рахаттанып тұрып бір күлдік, бірақ ержүрек үндістің көздеген мақсатын түсіне алмай-ақ қойдық. Басында біз ол аюды жерге сілкіп түсіре ме деп ойлағамыз: бірақ аю оңай жау болмай шықты: ол бойын билей алмай, тепе-теңдігін жоғалтып алатын жерге дейін жетпей, ағашқа темірдей тырнақтарымен, күшті аяқтарымен жабыса түсті, сондықтан біз бұл ойынның немен бітерін біле алмай дал болдық.
Бірақ көп ұзмай Жұма бізді белгісіздіктен құтқарды.
Аюдың тырнағын батырып, бұтаға мықтап жабысып алғанын көрген ол: “Міне, міне, сенікі жүрмейді, менікі жүреді, менікі жүреді; сенікі маған келгісі келмейді, менікі саған барғысы келеді” деп сөйлей бастады. Осы сөздерді айтып ол оның салмағымен иілген бұтаның жіңішке басына дейін жылжып, бұтаның бойымен ақырын жерге сырғып түсіп мылтығына қарай жүгіре жөнелді.
“Ал, Жұма, тағы не ойлағаның бар? Сен неге енді оны атпайсың?” дедім. “Атып керек емес, әлі атуға болмайды; енді менікі атады, мені өлтіреді, сенікі сонда әлі күледі” – деді ол. Оның расымен де бізге күлкі сыйлағанына қазір-ақ куә боласыздар. Аю дұшпанының көзден таса болғанын көріп, ақырындап кейін шегіне бастады, ол әр қадам жылжыған сайын, мылтыққа жақын келгенше жан-жағына қараумен болды, сосын өткір тырнақтарымен тырбаңдап, өте сақтықпен ағаштан түсе бастады. Аң артқы аяғын жерге тигізе бергенде Жұма оның қасына жетіп келіп, мылтығының аузын оның құлағына тақап, атып кеп жіберді.