Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бұл көрініс біздің бойымызды үрейге толтырды, енді біз не істерімізді, қайда қадам басарымызды білмедік, бірақ қасқырлар бізді шешім қабылдауға мәжбүр етті: олар жаңа олжаға үміт артып, бізді қоршап алды; олардың саны үш жүзден кем болмағанына мен сенімдімін. Біздің бақытымызға орай, орманның шетінде, жолдан сәл аулақтау, былтыр құлатылған және, шамасы, осы жерде алып кеткенше қалдырылған бірнеше алып ағаш жатыр екен. Мен өзімнің кішігірім қосынымды ағаштарға қарай бастадым; менің ұсынысым бойынша, біз бәріміз аттан түсіп, ұзын ағаштың тасасында брустверді қалқалағандай жасырынып, аттарды ортаға алып, үш бұрыш құрадық.
Осыны істегініміз жақсы болды, өйткені қасқырлар бірден бізге шабуыл жасады; бұдан артық сұрапыл шабуылды елестету де мүмкін емес.
Олар ырылдап жетіп келіп, аузына түсетін сенімді олжадай бізге қалқан болып тұрған бөренеге секіріп мінді; олардың ызасы біздің артымыздағы өздері көздеген жылқыларды көргенде одан сайын арта түсті. Мен біздікілерге бағанадағыдай, кісі аралатып ат деп бұйырдым, олардың атқандары нысанаға дәл тигені сондай, көптеген қасқырлар бірінші дүркіннен-ақ өлтірілді, бірақ бұл әлі жеткіліксіз еді: бізді қасқырлар үсті-үстіне үймелей, соңғылары алдыңғыларын итере қаптады, сондықтан үзбей ату қажет еді. Екінші дүркін атқаннан кейін бізге қасқырлар тоқтап қалғандай боп көрінді, мен оларды кетіп қала ма деп үміттеніп едім, бірақ бұл бір сәтке ғана созылды, – табан астында тағы басқалары келіп жетті; біз оларға тапаншадан екі дүркін оқ атып, жалпы алғанда он жеті ме, әлде он сегіз бе қасқыр өлтірдік, осыдан екі есін жараладық, бірақ қасқырлар шабуылдауын тоқтатқан жоқ.
Мен оқ-дәрілерімізді тез бітіріп тастағым келген жоқ, сондықтан басқа жұмыспен шұғылданып жатқан Жұманы емес, басқа қызметшімді шақырдым: Жұма көз ілеспес ерекше жылдамдықпен және ептілікпен өзінің де менің, де мылтығымды оқтап үлгеріп еді, – Жұманы емес, басқа қызметшімді дейтінім де сондықтан, – мен оған оқ-дәрі салынған қорапты беріп, бөрененің бойындағы жолды кеңірек қылып күкіртпен сеуіп таста деп бұйырдым. Ол айтқанымды екі еткізбей орындап болып алыстауы мұң екен, қасқырлар күкірт себілген жолдан аттап бізге қарай ұмтылды. Сонда мен оқталмаған тапаншамен күкірттің қасына келіп шырт еткізіп оны тұтатып жібердім (ол кезде тапаншалар шақпақтастан жасалатын, Робинзон, темір шүріппені шақпақтасқа шырт еткізіп, күкірті тұтатып жіберді), бөрененің үстінде болғандар күйіп қалды, ал алтау-жетеуі құлап түсті, дұрысы, оттан шоршып және қорқыныштан не болғанын білмей біздің үстімізге секірді; бұлардың шаруасын біз тез бітірдік, ал қалғандары қою қараңғылықта одан сайын жарқырай түскен көз қарықтырар жарықтан корыққандары сондай, кішкене кейін шегінді. Осы жерде мен соңғы рет бірге атыңдар деп бұйрық бердім, сосын біз бәріміз бір ауыздан айғайлап қалып едік, қасқырлар бізге сырт берді: жараланып, жерде жанталасып жатқан жиырма шақты қасқыр ғана қалды; біз бірден оларға тарпа бас салып, қылышпен шаба бастадық, біздің атқанымыздан гөрі, олардың ұлығаны мен арс-арс етіп қауып түскендері жолдастарына түсініктірек болады ғой деп ойладық, ол солай болып шықты да: қасқырлардың бәрі қашып кетіп, бізді жайымызға қалдырды. Олардың біз алпысқа жуығын өлтірдік, егер орман іші жарығырақ болғанда, сазайларын бұдан да бетер тартар еді. Осылайша ұрыс майданы тазартылғаннан кейін, біз ары қарай жылжыдық, өйткені бізге әлі үш мильдей жүру керек болатын. Жол бойы біз орманда жырқыштардың ішін тарта ышқына ұлығанын сан мәрте естідік және бізге олар ағаштардың арасында қараңдағандай да болып көрінді, бірақ қар көзімізді көлегейлеп, жақсылап көре алмадық. Бір сағаттан кейін, не соған жуық уақытта, біз қоналқаға бір қалаға келіп тоқтауға ұйғардық, келсек бәрі қаруланып алған, қатты абыржу үстінде екен; сөйтсек, жақында ғана түнде қасқырлар мен бірнеше аю қалаға басып кіріп, тұрғындардың зәресін алған, енді олар күндіз-түні, әсіресе, түнде кірпік қақпай күзетіп, мал мен бастың амандығын күйттеуде екен.