Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Біз олардың ұлан асыр тойына кедергі келтіргіміз келген жоқ және олар да бізге алабөтен назар аудара қойған жоқ. Оларға қаратып Жұманың сондай оқ атқысы келді, бірақ мен, онысыз да машақатымыз көп және бұдан да көп болуы мүмкін деп ыңғай бермедім. Біз жазықтықтың орта шеніне жетіп де үлгірген жоқпыз, кенет сол жағымыздан адам жанын түршіктіретін ұлу естілді және дәл сол мезетте іле-шала бізге қарай жүгіріп келе жатқан бақандай бір үйір қасқырларды көрдік, көбі бір қатарға тізіліп тұрып алыпты, бейне бір тәжірибелі офицер бастап келе жатқан тұрақты армия секілді. Бұларға қалай қарсы тұруды білмесем де, ойлана келе жалғыз амалы – бәріміз тізе қосып тығыз бір қатарға тұруымыз керек дедім: біз осылай істедік те. Мылтық атқанда арада үлкен үзіліс болып қалмауы үшін, кісі аралатып атуға бұйрық бердім, ал атпағандарға егер қасқырлар бірінші дүркіннен кейін бұрылмаған жағдайда ату үшін мылтықтарыңды дайын күйінде ұстаңдар дедім; ал әрі қарай, бірінші боп ататындарға, бір атқан соң мылтықтарыңды екінші рет оқтаймын деп әуре болмаңдар, оданда тапаншаларыңды дайындап қойыңдар деп ескерттім; бірақ біздің әрбіреуімізде бір мылтық екі тапаншадан бар болатын, сондықтан да біз бұл жүйемен екіге бөлініп алып кезек-кезек атқанда, қатарынан алты дүркін ата алатын едік. Алайда, қазір бұған қажеттілік те болмай қалды, өйткені бірінші дүркіннен кейін жау мылтықтың дауысынан қанша қорықса, жарқ еткен жалынынан сонша қорқып қаққан қазықтай орнында тұра қалды; төрт қасқыр тұрған жерінде тіл тартпай кетті; бірақ басқалары жараланып, артында қанды ізін қалдыра қашып кетті. Мен қасқырлардың тоқтағанын айттым, бірақ олар бірден кейін шегінген жоқ; сонда ең жыртқыш аңдардың өзі адамдардың дауысынан қорқады деп әңгімелерден естігенім бойынша, мен біздің барлық тобымызға бірден бар дауысымен айғайлап қалуға бұйырдым және бұл әңгімелерде біраз шындық бар екендігіне көз жеткіздім; біздің айғайымызды естіген соң қасқырлар кейін шегініп, тайсақтай бастады. Сонда мен жаудың тылына тағы бір дүркін оқ жаудыруды бұйырдым; жау дүркірей қашып ағаштардың ар жағында көзден таса болды.
Сәл тынысты пайдаланып, біз мылтықтарымызды оқтай бастадық, уақыт жоғалтпай, алға қарай жылжи беру керек деп шештік, бірақ біз оқтап алып жаңа дүркін оқ атуға дайындалғанымыз сол еді, біз баратын бағытта, бірақ алдымыздан, тап сол орманның ішінен қатты шу естідік.
Түн жақындап келе жатты, минут санап қараңғы бола түсті, бұл бізге өте қолайсыз еді; бірақ шу ұлғая түсті, енді біз еш қиындықсыз одан қасқырлардың ұлығанын айыра алатын едік; күтпеген жерден біз алдымыздан үш бірдей қасқырдың үйірін көрдік – біреуін солдан, біреуін артымыздан және біреуін алдымыздан – біз бейне бір қасқырлардың қоршауында қалғандай болдық; бірақ олар бізге шабуыл жасамағандықтан, біз, мүмкін болғанша, аттарымызды қамшылап, жолымызда жалғастыра бердік, бірақ жол қолайсыз болғандықтан да, аттар тек ірі желіспен ғана жүре алды. Осылайша біз жолымызда жатқан екінші орманның шетіне де жеттік, бірақ орман арасындағы жолдың кіре берісінде қаптаған қасқырларды көріп өте қатты таңғалдық. Бір кезде орманның екінші жағынан мылтық дауысы естілді; орманнан жүгенделген және ер-тұрманы бар жылқы шауып шыға келді; ол құйындай ұшып келе жатты, ал оның артынан он жеті шамалы қасқыр барын салып қуып келеді екен; жылқы олардан оқ бойы озып кетті, бірақ біз бұл шабысқа оның ұзақ шыдамайтынын, ақыры қасқырлар оны қуып жететінін білдік: шамасы ол солай болған да шығар.
Жылқы шауып шыға келген шатқалда көз алдымызға қорқынышты сурет көрініс берді; біз басқа аттың өлген жемтігін және жыртқыштар талап тастаған екі адамды көрдік. Оның біреуі, шамасы, мылтық атқан болуы керек, өйткені қасында атылған мылтық жатты, бірақ оның басы мен денесінің жоғарғы жағы жеп қойылған еді.