Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Албандағы қызылбөрік еліне Саймасай «күйеу бала» болып, Алатаудың інжу-маржаннан таққан алқасы сияқты әдемі Көлсайдың алқымында жатқан Саты ауылына келіп түскелі екі күн болған.

* * *

Мезгіл қысқа қарай бет бұрған кез. Қыс түсіп, қар басып қалса Талғар мен Албан арасындағы Тау-Шелек арқылы асатын жол қиындап қалады. Сол себепті де болыс қалындыққа қар түспей тұрып барып, нақсүйері Нүкетай сұлуды алып қайту сапарына шыққан.

Албан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел. Ал мынадай атақты күйеу келгенде риза қылып жіберейік деп барынша шабылған. Қарағай мен шыршаның ну орманы сыңсыған Саты шатқалының іші той-думаннан масаттанған. Көлсайдан құлайтын күркіреуік өзені түйе-тастарға арс-арс соғып, содан сонау көк аспанға қарай уыс-уыс ақ маржаннан шашу шашылып жатқандай.

Нүкетай сұлу – дүниенің дүрия жамылған жәннаты Көлсайды жайлаған Мұқыш байдың қызы. Бай мен бай құда болса – арасында тайпалған жорға жүрер дегендей, Саймасай күйеу болғанда, Мұқыш қайыната, қатынасы, сөз жүйесі жарасқан. Әйтпесе, «күйеу бала» мен қайыната жас жағынан шамалас. Екеуі де пайғамбар жасын игерген жандар.

Албан, Суан, Дулат бір анадан – домалақ анадан тараған ел. Ертедегі бір аңыз айтады: ағайынды үшеуі енші бөліскенде үлкен үйге ие болып қалған Дулатқа бір тай артық кетіпті. Соған өкпелеген ортаншысы Суан күншығысты бетке алып көше жөнеліпті дейді. Суанды көндіріп, кері қайтармақ болып артынан ағасы Албан шығады. Суан көнбейді. Албан қиналады. Ата жұртында қалып бара жатқан кіші інісі Дулатты да қимайды, беймәлім сапарға кетіп бара жатқан ортаншы інісі Суанды да қимайды. Екеуіне де жалтақ-жалтақ қарайлайды. Суан Ілеге жетіп, енді суды жалдап өте бергенде, Албан айқай салды дейді:

– Суан! Суан! Артыңа бір бұрылып қарашы. Анау Дулаттың үстіне нұр жауып тұр, қарашы!

Суан артына бұрылып қарамай, Іленің арғы бетіне өте шыққан...

Содан сөйтіп, екі інінің арасында Албан қоныс тепкен. Арқасы – Қырғыз, алды – Арғын, Найман, шығысы – Қытай, батысы – Шапырашты, Дулатпен тұйықталып, Нарын, Шарын деген өзендері бар, көк аспанмен тілдескен заңғар-заңғар таулары бар, Мыңжылқы мен Қарқарадай жайлауы бар, бидайығына атты адам жасырынған асыл мекенді нелер ұрпақтың бесігі еткен албандардың бір ауылы бүгін Дулаттың Жанысынан шыққан ақ патшаның адал ұлы – Саймасай болысты құрметтеп күтіп жатқан.

Қарашаның суық күзі. Бірақ мұнда шөп сарғаймас, көк қурамас. Сондықтан да әлі жаз сияқты сезімді әлдилейді. Саймасай қар жауып, жол бітеліп қалады-ау деген күдіктен арылғандай, қайтуға асығар емес. Жап-жасыл дүние. Қар басса да сол жасыл күйінде кетеді. Бұл жердің өсімдігі де Нүкетай тағдырлас. Қар астында жап-жас күйінде қалмақ.

Нүкетай сұлу құрбыларымен қол ұстасып, Сатыны өрлеп, Көлсайға көтеріліп, алмас алқалы ардақты бесігімен қоштасады. Көлсайдың бетінен көгілдір аспан, зүмірет шыршалар, зүбәржат есіл дүние түгел көрінеді – болмыстан болжаусыз көрікті көрінеді.

– Қош, көріктім Көлсай! – дейді Нүкетай. – Енді сендей көл көре алмаспын.

– Қойшы, Нүкеш, – дейді құрбылары. – Не болды сонша?! Ол жақта да осындай Есік көл деген әдемі көл бар дейді ғой.

– Көлсайдай қайдан болсын, – деп күрсінеді. Нүкетай суға құлаған қарағай бөренесімен қалт-құлт етіп жүріп отырып, айдынға қарап ғажайып айнадан өз суретін көреді. Су түбінен балықтың төресі – ханбалық шоршып шығып, құйрығын бір бұлқып қалып, су бетіндегі қыз суретін қисық-қыңыр, ұсқынсыздандырып жібереді. Нүкетай шошиды.

– Қайт кейін, құлап кетесің, – деп қыздар шуылдасады.

Төбеден шаңқ етіп қыран қалқып бара жатады. Аспан аясында, көл түбінде ақторғын бұлттар жүзіп жүреді. Жат жерге кетіп бара жатқан жас келінге әлемде жоқ ақ жаулық сыйлағысы келгендей аспан мен көл бір-біріне мөлдірей қарасады.

Әлдеқайдан, астынғы тұстан әлдекімдер айқайлайды:

– Қайт, қайт! – дейді. – Болыс асығып, аттанғалы жатыр. Қайтыңдар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий