Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:124
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»
Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
– Ол не, айта ғой, қызым, – Приходько Наташаның ықыласына риза болғандай қабағы ашылып.
– Тұрардың әкесін каторгаға айдатпай-ақ қойшы. Осында бола берсін, сонда Тұрар да бізбен бірге болады. Екеуміз Закон Божий оқимыз. Жарай ма, папа?
Періште бейнелі нәзік қыз папасының бұғы мойнынан құшақтап, оның сақал басқан топырақ түстес бетіне мөлие қарады. Әкесі қызынын қолын мойнынан босатып:
– Қызым, мұндай әңгімеге араласпа. Бұл бала-шаға араласатын іс емес. Тұрардың әкесі сотталған адам. Оған менің пәрменім жүрмейді. Мен әлгінде оған жолығып қайттым. Тұрарды өзіммен бірге ала кетемін деп жоғары жаққа арыз бермекші. Онысынан түк те шықпайды. Өйткені жасы он төртке жетпеген баланың ссылкаға айдалушының соңынан ілесуіне заң жоқ. Бірақ әкесі кетсе де, Тұрар біздің үйде тұра береді. Солай ма, Тұрарка? Мүмкін, оқуға түсіп кетерсің. Саған құдай әкеңнің жолын бермесін. Құдай жолын қалап ал. Қор болмайсың. Оқып, адам болып, патшаға адал қызмет етсең, бәлкім, кейін әкеңді айдаудан босаттырып аларсың. Сен өте зерек баласың. Әйтпесе, сені үйге кіргізбес те едім. Ал құдай берген қабілетті қор етпеу керек. Аздап сауатың ашылған соң, егер айтқанымды бұлжытпай орындап жүрсең, Духовная семинарияға түсіремін. Сонда жабайы басурмандарды шын құдай жолына бастайтын сен боласың. Әне, адасқан әкеңе сонда қол ұшын бере аласың. Әкеңді жақсы көретінің рас болатын болса, оған көмектесіп, оны шыңыраудан шығарып алудың бірден-бір жолы осы. Ойлан. Мен саған шын ниеттен жақсылық тілеп тұрмын. Құдайға сенсең, құдай сенің тілеуіңді береді. Басқаның шарапаты шамалы. Құдайға сен, бала!
– Тұрарка, кел, тез оқиықшы Закон Божийді. – Періште пейілдес бейкүнә қыз кішкентай досының тұйықтан шығар жолы табылғандай, тез-тез Закон Божийді оқыса, Тұрардың әкесі тез-тез түрмеден босанатындай қуанып, сеніп қалды.
Алтын түстес әдемі шашы толқынданып, ақсары жүзі албырап, шашыратқы гүл көздері жәудіреп, бар ынта-ықыласымен жанашыр болған періште пішіндес қыздың мына бір қызба әрекетіне Тұрар да нанып қалғандай.
Баланың илігейін дегенін көрген Приходько жүзі жылып, түкіс қабағы жадырап:
– Молодцы, – деп бөлмеден шығып бара жатты.
Приходько – патша тәртібінің құлақкесті құлы. Ал оның пәруана түсінігі бойынша, шіркеу патша тағының ең сенімді сақшысы. Патшаға қарсы қастандық пиғыл жайлаған адамдар шіркеуге бармайтындардың, құдайға нанбайтындардың арасынан шығады. Олардың жүрегіне дию-шайтан ұялаған. Ал қазақтың қаршадай баласын, әм зерек баласын христиан дінінің насихатшысы етіп баули алса, онда оның қазақтарға деген ықпалы орыс попының ықпалынан он есе, жүз есе пәрменді болмақ. Татарлардың бірсыпырасы, якут-сахалар, тіпті алыстағы жапондардың едәуірі христиан дініне кіріп, шоқындырылды емес пе? А неге қазақтарды шоқындырмасқа? Бұларды қашанғы мылтықтың күшімен, найзаның ұшымен ұстап тұрарсың. Бұл да керек, әрине. А дінге, қасиетті православие дініне кіргізсең, уысында ұстау оңайырақ. Осы саясатты ояз болып, губернатор болып, түбегейлі қолға алмайтыны өкінішті. Ничего, православие шіркеуінің адал пәруанасы Приходько мырза түбінен ойлайды.
Осындай ойдың толғағында тебіренген Приходько өз бөлмесінің төрінде тұрған иконның алдына барып қайта-қайта шоқынды. Икондағы құдай-ананың қолындағы нәресте оның көзіне Тұрар болып елестей берді. Приходько шошып кетіп, қайтадан жұлқынып шоқына берді.
* * *
Тұрар кешкі апақ-сапақта камерасына қайтып келгенде, камерада әкесімен бірге отырған Бронниковты көріп, әрі таңданып, әрі қуанып қалды.
– О, Саша ағай, сіз бізге қайтып келдіңіз бе?
– Иә, Тұрар, сағындым сендерді. Бірақ мені қазір әкетеді. Сен жоқта көкең екеуміздің бітірген шаруамыз мынау, – деп Тұрардың қолына бір тарақ қағазды ұстата берді. Тұрар қағазды өлеусіреген шырағданның әлсіз жарығына тосып тұрып, ежелеп оқи бастады.
«Жетісу губернаторына Верный түрмесінде жатқан каторжник Рысқұл Жылқайдаровтан
Арыз