Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екінші, Сәкен Сейфуллиннің өз сөзімен айтар болсақ, «1916-17- 18-19 жылдардағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің (революцияның) Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген оқиғаларынан баспа жүзінде із қалдыру» мақсатын көздегендігі. Ондай ірі оқиғаларды жалаң баяндауға болмайтынын сезген автор: «Мұнда талай кісілердің аттары аталады. Тарихи қозғалыстың өзім көрген, білген оқиғаларын жазған соң, әрине кісілердің аттары кірмеске болмайды. Мақсұт біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің әр кезінде әр түрлі пікір, әр түрлі әрекет болған. Ол — тіршіліктің, тарихтың ісі.

Бұл кітапта «Алаш» туралы әңгімелер айтылғанда, Алашордада болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ. Тек әңгіме тарихи мағлұмат ретінде ғана баспа жүзіне шықсын деген оймен айтылды», — деп күні бұрын ескерту жасап, ең негізгі себепті аңғартады.

Міне, осындай арнада жазылған роман-эссе 1927 жылы сол кездегі астана Қызылорда қаласында жарық көрді. Кітап шыққанға дейін-ақ «Сәкен жақсы ақын ғой, қара сөзде несі бар?» — деген мүләйім сөздер кейбіреулердің аузынан шығып жатқанда, Сәкеннің позициясын түгел қолдай бермейтін Ерғали Алдоңғарұлы 1926 жылы желтоқсанда «Жазушылар мен көркем әдебиет» деген мақаласында «Сәкен үш-төрт жылдан бері «Тар жол, тайғақ кешуді» өзінің төңкерісшіл болып жүрген уақытынан, сондағы жолдастарымен бірге істеген жұмыстарынан, тартыстарынан бастап жазып жүр. Бұлай жазу әдебиет заңында дұрыс нәрсе. Төңкерісшіл романтизмге (социальная романтика) бұл түгел қосылады, гәп тарихқа кіретін материалға бояуды тым қоюландыруда», — деген ойды тұңғыш рет білдірген болатын. Оны Сәкен, «көркем әдебиет жүзінде бізге онша қосылмайтын» адамның, дәлірек айтсақ 20-жылдары көптеген сын жазған дарынның аузынан осындай ибалы сөздің шығуын теріс көрмеген еді. «Тар жол, тайғақ кешудің» тарихта атаусыз қалмайтын шығарма екендігі ең алғаш осылай білінген-ді.

Сәкеннің қай шығармасына болмасын ащы сын жазып келе жатқан Нәзір Төреқұлов кітаптың шыққанына екі жылдай болып қалғанда «Тар жол, тайғақ кешу» туралы бір-екі сөз» дейтін мақала жазды. Ол «Еңбекші қазақ» газетінде 1928 жылдың 28 желтоқсанында шығып, қара аспанды түсіріп жібермегенімен, роман-эссені даттауды мақсат тұтқаны қалың көпшілікке бірден мәлім болды.

Редакция өз тарапынан жазған түсіндірмесінде: «Нәзірдің Сәкен кітабынан түк пайда жоқ деуі қате. Нәзірдің сын жазғандағы беталысы дұрыс емес. Қанша қателіктері, теріс пікірлері болғанмен де, Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешуі» қазақ жұртшылығына қазақтың саяси тұрмысы жағынан бірінші кітап. Рас, Сәкен кітабы тарих емес. Бірақ тарих болмағанымен, тарих жазушыларға пайдасы бар кітап», — деп тапқанына қарамастан, күні бүгінге дейін осы кітапты біреу мақтап-мадақтап жатса, екінші біреулер замана ыңғайына қарай, қоғамдық ой-пікірдің құбылуына сай даттап-қаралау процесі алма-кезек жүріп жатыр. Айқыш-ұйқыш пікір айту толастар емес.

Алғашқы «талқандағыш» сын Нәзірдікі болған соң, одан едәуір үзінді келтіру орынды болмақ.

«Бұл затты әдебиеттің қай түріне қосарын (история, очерк, монография, мемуар, воспоминание, автобиография, и др.), жазушы өнерінің қай саласына санарын ешкім де ажырата алмайды. «Бұл астаудағы судың дәмін татып, сонан соң күріш салса, май құйса, ет тураса, сарымсақ, сәбіз салса, тұз сепсе сонда дөкейбай палау болады», – деген екен Қожанасыр. «Тар жол, тайғақ кешу» туралы да осыны айтуға болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий