Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Нәзір Төреқұлов пен Әбділда Тәжібаевтың мақалалары Сәкенге үлкен ой салғандығын әркездегі берген сұхбатында айтып, жазып отырған. Оның үстіне сол кездегі идеологиялық қыспақ пен тарихи әлеуметтік жағдайлар «Тар жол, тайғақ кешуді» қайта қарап, өңдеу қажеттігін «еріксіз» ұғындырған.

1932 жылы 10 қаңтарда Қазақстан өлкелік комитетінің насихат және мәдениет бөлімдері мен Қазақстан марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институты» «О задачах борьбы на теоретическом фронте в Казахстане в связи с письмом тов. Сталина» деген қаулы алып, идеологиялық майданды бұрынғыдан да ширықтырып жіберді. Алаш қозғалысының оңы да теріс, терісі де теріс деп баяндалсын деген нұсқау жасалады. «Тов. Рыскулов в своей книжке «Киргизстан» повторяет вслед за алашординцами и колонизаторами легенду о добровольном переходе в подданство царизму угнетенных масс Средней Азии. тов. Сейфуллин в своем художественном творчестве воспевает феодально-родовую культуру («Кокчетав»)» деген 1932 жылғы ескерту уақыт өткен сайын күшеймесе, солғындаған жоқ Сондықтан Сәкен «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесін қайтадан өңдеп, толықтырғанда біраз ойларды ширықтыруға, ащылай тіл қатуға «міндетті» болды.

Осы қаулы сол кездегі ақыл-ойды құрсаулап, әсіресе алаш қозғалысына байланысты ой-пікір мен атауларға қатаң қарады. Тіпті совет өкіметі тарағанша өзінің ызғарын әрқашан сездіріп отырды. Нені қалай жазып, қалай сөйлеу керектігіне шейін жөн сілтейтіндер табылды.

Қаншама қажырлы да айбатты болса да Сәкен Сейфуллин «саясатқа икемделіңкіреп», «Тар жол, тайғақ кешудің» бірінші басылымын қайта қарауға мәжбүр болды.

Міне, бүгінде Сәкенге, оның атақты шығармасына қарсы айтылатын қыңыр пікірлердің біразы осы екінші басылымның «шапағатынан» туып жатыр демеске болмайды.

Роман-эссенің желісі тарихи шын оқиғаларға құрылғандығы оқырманға белгілі. Оқиға 1916 жылдың жазында басталады. Ақмола уезіндегі Бұғылы елінде жаңадан ашылмақ ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған Сәкен оқу басталуына екі-үш айдай бос уақыт болған соң, әрі уақыт өткізу, әрі қаражат тауып алу үшін ауылшаруашылық санақ қызметіне жалданады. Осы сапарында «ел іші — өнер кеніші» деген ұлағатты қағиданы дәлелдейтін оқиғаның куәсы болады.

Роман-эссенің бірінші бөлімінде Шабырада, яғни қазіргі Ақмола облысының Атбасар, Астрахан, Бұланды және Ақкөл аудандарындағы 12 болыс елдің мал санағын алып жүргенде, бір ауылға бір-екі күн аялдайды. Кешкі ойын-сауықта орындалған «Әупілдек» әнін жол-жөнекей естіп келе жатса да, тап осы кеште Сәкеннің санасында, эстетикалық танымында өшпес із қалдырады. Оның нақты дәлелі «Тар жол, тайғақ кешудің» 1927 жылғы басылымында ойын-сауықтың басталуы, Қабибаның төгілдіре ән салуынан кейін Сәкеннің қасындағы татар жігіті Ғалымжанның қазақ болмағанына, ең болмаса қазақ ішінде өспегеніне өкінумен «Әупілдек» жөніндегі әңгіме аяқталатын.

Ал 1936 жылы қайта өңдеген тұста, ойын-сауықтан кейінгі ән әсерін оқушысына сездіріп қана қоймай, әннің мәнін де, оны орындаушы Қабибаның кескін-келбетін де оқушының көз алдына елестетіп, есінде ұзақ сақталатындай әсерлі етіп суреттеген. Автор санасында тоғыз жыл бойына әр қилы қияпатпен сақталған шұрайлы көрініс роман-эссенің ең бір лирикалық тартымды бетіне айналған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий