Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тарихи сұсты оқиғалардың ішінде жарқ етіп көрініп, оқушыны баурап алатын құбылысқа әдеби көзбен қарағанда, 1916 жылы кездескен Қабибадай сұлуды араға он бір жыл салып, 1927 жылғы бірінші басылымында әннен гөрі әншіге мән бере баяндауы, жиырма жыл өткенде, тіпті Нәзірдің сыны мен редакция ескертуіне қарамастан, ән мен әншіні эстетикалық тұтастықта кеңейтіп, үстемелей суреттеуінің сыры неде? Біздің ойымызша, біріншіден, өз шығармасына көркемдік сипатты көбірек дарыту мақсатын көздесе, екіншіден, сұлулықты, ажарлылықты, әсемдікті айрықша ардақтайтын Сәкен Қабибаның шын сипатын көркем образ деңгейіне көтеруге талаптанған. Сәкентанушы Т. Кәкішұлының «Сәкен сүйген сұлулар» атты эссесінде Қабиба — Сәкен байланыстарының жаңа бір сырын аңғартатын детальдардың шеті көрінеді. Оны «Сарыарқа» журналында Сәния Әбенкеліні жазған «Шабырадағы» «Әупілдек» әні немесе «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы «Қабиба қыз хақындағы дерек» дегенде қызық топшылау бар.

Сәния Қабибаны 1955 жылдан бері біліп, талай сөйлескен. Ел-жұрт «Сылқым кемпір» деп атайтын Қабибаның 1955 жылғы кескінімен де таныс болайық.

«Байыптап қараған адамға жасы елуден асып (ол кісі 1901 жылы туған), егде тартқанына қарамастан, аққұба өңінің қаны таймаған, көзінің оты мейірленіп тұрады екен. Шетін күміс шытырамен өрнектеп киген ақ шәйі кимешек жарасым тауып, көрік берген. Аппақ жұмыр екі білегінде нағыз зергер арнап соққан өрнекті қос білезік, он саусағында әрқайсысы құнан қойға бергісіз жүзік киген кісіні көзге елестетіп көрудің өзі Сәкенді еріксіз еске түсірсе керек.

Шабырада болған ойын-сауық тарқар кезде Қабибаның Сәкенге:

— «Әупілдек» әнін ұмытып қалсаңыз ертең біздің үйге келіңіз, әрі қонақ болыңыз, әрі ән үйреніп кетіңіз, — деген қуақы сөзді екі шумақ өлеңмен:

Кең маңдай жарасқандай шешен жаққа,

Дуаннан келіп қапсыз біздің жаққа.

Қар да лаулап жанады, — дейді халық, —

Ертегімен еш қылмай ебін тапса.

Қоштаспай кете берем ақын Аға,

Атып келеді рауандап таң да жаңа.

Қарлығаш қанатындай сұлу әнге,

Құмартсаңыз ашылар ой мен сана,—

деген қыз қылығы әсем әннің әуеніне елтіп қалған Сәкеннің жүрегіне шоқ тастамады ма екен?! Олай болуы да ғажап емес қой.

қалай болғанда да Сәкен саяси-әлеуметтік оқиғаларды, төңкеріс шындықтарын роман-эсседе ықтияттап жазумен қатар өзі кездескен адамдарды, қыздарды, әдебиет заңына лайық суреттеуден іргесін аулақ салмағанын көреміз. Ал мұның өзі саяси-әлеуметтік негізі қалың шығарманың реалистік арнасын жұқартпау үшін, оқушыны сендіре түсу үшін өмірде болғандарды сол күйінде аты-жөнін өзгертпей жазуды мақсат тұтқанын көрсетеді. Шығарманың тарихшылығымен қатар көркемдік әуселесін тартымды ете түседі. Әрі әлеуметтік сана, әрі эстетикалық ләззат тізгінін тұтастыра ұстағанын аңғарамыз.

Сәкен бастаған бес адам маусым айының соңына таман Семей губерниясының Павлодар уезімен шектес Қоржынкөлге келгенде, майданның қара жұмысына жігіт алатындығы туралы жарлықты естиді. Үрейленген, ереуілдеген халықты, ұлттық езгінің ауыр салмағынан, отаршылдық ожарлықтан күңіреніп толқыған елді көреді.

Тарихтың осы шешуші тұсында Сәкен өзі бел тұтқан алдыңғы ағаларына, алаш қозғалысының жетекшілеріне алаңдады. Не істерін білмей, елге «шабылмасаңдаршы, қорқатын не бар енді? Балаларың бара берсін. Енді өздерің құрисыңдар ғой, — деп, Мүсәпір деген кісінің үйінде жиналып отырған қазақтарға сөз сөйледім», — дейді Сәкен.

Июнь жарлығының алғашқы сәтінде Сәкеннің бұдан басқа айтқан ақылы жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий